Досым, саған сенемін, сеніп
өтем
Жолы бөтен демеймін, жөні
бөтен
Сүндет , Мұқағали атамыздың
«Досым» деген өлеңі нағыз достарға арналған екен
,ия.
1-Жүргізуші
Әлем –дархан
,саялаңдар,
Бәріңе де орын
бар,
Қорған емес
,салтананатты
Сәнді сарай
соғыңдар.
- Ей, адамдар, сендер тату
, сендер тату болыңдар
Тату-тәтті бармысыңдар ,
армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағали атамыздың
сәлемдесу салтымен амандасамыз.
Қош келіпсіздер, өлең сүйер
, өнер сүйер қауым!
2-Жүргізуші
Біздің халқымыз да біртуар
азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз емес. Кейінгі қауымға өнеге –
өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын –
жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев
десек,қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін
дөп басатын жыр-құдіреті Мұқағали ақынға ғана
тән.
1-Жүргізуші
Ақын өз
өлеңінде
Бүгін менің туған
күнім,
Ой
пәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр
тойламай?!
Банкет жасап берер едім
өзім-ақ ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ
қойғаны-ай.
2-Жүргізуші
Ия _________________ осы
өлеңді оқи отырып ақын атамыздың туған күні көзі тірісінде өзі
күткендей аталмаған болу керек.Қазіргі таңда Қазақ жерінде 9-ақпан
құдды бір айтулы мереке күндей аталып өтуде. Мұқағалидей ақыны бар
қазақ елі бақытты екеніміздің куәсі ақын өлеңдерін еңкейген қарттан
, тілі шыққан балдырған бүлдіршіндер де тамсана оқиды. ______ Ақын
атамыздың өлеңіне жазылған 100ден аса ән бар екенін білесің
бе.?
1-жүргізуші--------------Ия сол Ақын атамыздың
өлеңдеріне жазылған ән орындау бақытына ие болған Біздің
мектебіміздің аяулы да ардақтары ұстаздарымыз ,білім қуған
шәкірттеріміз, тазалықтың нағыз жанашыр апайларымыз да өз өнерлерін
« Екі жұлдыз» байқауында
көрсетпекші.
Бүгін осы байқауда тек Ақын
атамыздың өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады .
Осы «ЕКі жұлдыз» байқауының өзі дәл бүгінгі Мұзбалақ ақынның туған
күнінде болып жатқанның өзі қандай ғажап
десеңші...
2-жүргізуші Қазақ халқы қашанда өнермен
өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың
орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі –
бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» -
деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына
түскен:
«Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған сияқты.
Қаз – қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған сияқты».-деп бекерге айтпаса
керек
1-
Жүргізуші
Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға
шақырайық.
1.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Салықбаева Замира апайымыз және
9 сынып оқушысы Балтабай
Нұрдидар
2.Өзбек тілі пәнінің мұғалімі
Дустанова Рабия апайымызбен
10сынып оқушысы Жолдасова
Мумина
2-Жүргізуші
3.Орыс тілі пәнінің мұғалімі
Юлдашева Малика апайымыз
6-сынып
оқушысы
4.Ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі Жакипова Шолпан апай
6сынып оқушысы Қарсақбай
Гулзи
5.Математика пәнінің мұғалімі
Өмірәлі Мақпал апайымыз
10сынып оқушысы Дүйсебек
Муслима
6.Тарих пәнінің мұғалімі
Самбекова Мөлдір апай
8 сынып оқушысы Асабаев
Байболат
1-Жүргізуші
7. Мектебіміздің
тех.қызметкерлері : Момбекова Мираш апай және Смайлова Нұрсұлу
апаймыз
8.Биология пәнінің мұғалімі
Айымбетова Ақтоты апай мен
8сынып оқушысы : Нормаматова
Рухшона
9.Бастауыш сынып мұғалімі
Абдрахман Бағила апай
сынып
оқушысы
10.Бастауыш сынып мұғалімі
Сайтбулалова Наргиза апай
4 Сынып оқушысы Суннатилә
Биллура
2-Жүргізуші
11.Физика пәнінің мұғалімі
Бұлдыр Әсел апай
12.Биология пәнінің мұғалімі
Бегалы Меруерт апай
13. Музыка пәнінің мұғалімі :
Қуатбекова Дүйсенкүл апай
7сынып оқушысы Әшірбек
Нұрдиас
Құрметті қатысушылар
жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік
тілейміз.
1-
Жүргізуші . Ал бүгінгі «Екі жұлдыз»
байқауына қатысушыларды марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз
екенін шешетін адам керек емес пе? Олай болса, қазылар алқасымен
таныс болайық:
2-Жүргізуші .Мектебіміздің директор
міндетін уақытша атқарушы комиссия
төрағасы Айымбек
ағай
1-Жүргізуші
Комиссия
мүшелері
Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі
–Нұрлан
ағай
2-Жүргізуші
Мектебіміздің оқу ісінің
меңгерушісі - Камила апай
1-Жүргізуші
Мектебіміздің оқу ісінің
меңгерушісі - Мұхаметқали ағай
2-Жүргізуші
Мектебіміздің модераторы,орыс
тілі пәнінің мұғалімі - Жамал апай
1-жүргізуші .Барлықтарыңызға үлкен
сәттілік тілей отырып өнерпаздарымызды сахна сыртына шығарып
салайық.
2-Жүргізуші
Сахнада биология пәнінің
мұғалімі Меруерт апайымыз бен Аяулымның
орындауында
«Мен нағыз махаббатты
армандаймын» әні
Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаздарымызға
сәттілік
1-Жүргізуші Не деген құрмет
, не деген шапалақ .Мына қошеметтің бәрі сіздерге Меруерт
апай
Ал, келесі жұбымыз Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаздарымыз
Ақтоты апай мен Рухшонаның
орындауында
«Есіңе мені алғайсың» әні
.Қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші
О, Ақтоты апай керемет әнші
екенсіз,ғой ...
Шапалақ ,Шапалақ,Кәнеки
шапалақ.Рахмет, сіздерге.
Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын
келесі жұбымыз «Бақыт деген» әнді
орындамақшы.
.Ортаға Бағила апайымыз
бен
1-Жүргізуші
Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол
соғып отырсаңыздар.
Талай күнгі кештерін сарп
еткен еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз
Ақын атамыздың өлеңдерін өзбек тіліне аударған мектебіміздің белді
де беделді ұстаздарымыздың бірі
Рабия апайымыз Муминамен
«Ана,сен бақыттысың» әнін сіздерге ұсынбақшы. Қабыл
алыңыздар.
2-Жүргізуші
Рабия апай ға қошемет,кәнеки
шапалақ.Рахмет
Қазақ қонақ келсе төрге,
Әнші келсе өрге деген , халықпыз
ғой.
Ендеше келесі өнерлі жұбымызды
қошеметпен ортаға шақырайық.
Мираш апайымыз бен Нұрсұлу
апаймыз «Отыздан асып барамын» әнімен.Ортаға шығып билесеңіздер де
болады.
1-Жүргізуші
Керемет, керемет Не деген
талантты апайлар .Рахмет.
Өнерпаз боп ән айтқан,
Ән айтқанда, таңға айтқан,
Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, жанды дауыста келесі
жұп
Малика
апаймыз
«Мен деп ойла»
әнімен
2-Жүргізуші
Қошемет .қайда қошемет .Рахмет
апай..
Арманнан адам арылмас,
Аңса да асып арындап
Ақшақар қыз ақ қардай
Тұрады лебі жалындап – демекші, жарасымды жұбымыз Шолпан апайымыз
Гулзимен бірге «Адасқан шағала»
әнімен
1-Жүргізуші
Не деген ғажап дауыс .Рахмет
апай .
____________Мына киелі сахнаның орны бөлек. Мұнда кез – келген адам
шыға бермейді. Тек «ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына
шыққанда ұялмайтын, арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар,
талантты, әрі өнерпаз адамдар ғана
шығады.
Сондай талантты жұптарымыздың
бірі: Дүйсенкүл апаймыз перзенті Нұрдиасты «Саржайлау» әнін
орындауға ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші
.
_________Бір серпіліп қалдық
ия
.Талантты ұстаздарымыз бен
оқушылармыз көп екен.
Қошемет ,қошемет
Әнмен маржан өретін
Өнерін халқым көретін,
Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз Замира апай
мен Нұрдидардың орындауында «Сенің көзің» әні . Сахна
сіздердікі
1-Жүргізуші
.
Замира апай үлкен рахмет. Мына
қошемет тек қана сіздер үшін.
Рахмет!
. Ал, «Екі жұлдыз»
сайысымыздың келесі өнер иелері Мөлдір апаймыз оқушысы Байболатты «
Ғашықпын» әнін орындауға қошеметпен сахнаға
шақырамыз.
2-жүргізуші Мөлдір апайға қошемет,кәнеки
шапалақ.Рахмет
Қазақ қонақ келсе төрге,
Әнші келсе өрге деген , халықпыз ғой. Ендеше келесі өнерлі
жұбымызды қошеметпен ортаға
шақырайық.
«Туған өлке» әні орындайтындар
Мақпал апайымыз бен Муслима
1-жүргізуші .Мақпал апай
музыка пәнінен сабақ берсеңізде болады екен. Не деген керемет
таңдау, не деген әуен. Апаймызға
қошемет. Ал, келесі жұп Өнер десе ішкен
асын жерге қоятын өнерпаздарымыз Наргиза апай мен Билолланың
орындауында
«Құттықтаймын ,мама туған
күніңмен » әні .Қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
_____________________дәл осы әнді Ақын сөзіне
жазылғанын көреремендердің бірі білсе,бірі білмесе
керек.
Наргиза апай керемет таңдау
,керемет шырқау.Мына қошемет тек қана сіздер
үшін.
1-жүргізуші Байқаумызды
қорытындылайтын Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұбымыз
Әсел апаймыз
орындауында «Нағыз
махаббат»әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші -1 Әсел апай
керемет .Рахмет сіздерге.Ду қол
шапалақ
Қолдау көрсетіп отырған барша көрермендер сіздерге мың
алғыс
----------------, осы өнер
көрсеткен жұптарымыздың қайсысы саған ұнады және
неліктен?
2-Жүргізуші
Ой, --------------, маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға
болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама
уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып,
дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып,
барлығы да жақсы айтты деп
ойлаймын.
1-Жүргізуші.
Рас айтасың, бірін жақсы,
бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік ерекшелігі мен
артықшылықтары бар деуге болады. Ондай болса, сайысымыз өз мәресіне
жетіп те қалды. Әділ –қазылар өз бағасын бергенше мектебіміздің
«Әдебиет сүйер қауым» клубы мүшелерін Ақиық ақын Мұқағали атамыздың
өлеңдерін мәнерлеп оқуға ортаға
шақырамыз.
2-жүргізуші Сахнаға барша өнер көрсеткен
жұлдыздарымызды және әділ- қазыларды зор ерекше құрметпен ортаға
шақырамыз.
Ақынның маржан жырлары
халқымен бірге жасап мәңгілік өшпейді, қазір жазылғандай,сиясы
кеппек емес...
Лай су шаймайтын арым бар
,
Дауылдан қорықпас жаным
бар,-
деп өткен Мұқағали Мақатаев
халқын сүйді,халық ақынды сүйді, -деп бүгінгі Екі жұлдыз
сайысымыздың барша өнерпаздарын құттықтаймыз. Осы сайысымыз жылдан
–жылға дәстүрлі түрде өтіп мектебіміздің жұлдыздары, өнерпаздары
артып Мектебіміздің даңқы арта берсін .Өнерпаздарымыздың өнерлері
өрге жүзсін деп .
Бүгінгі Екі Жұлдыз байқауын
«Екі жұлдыз» әнімен қорытындылаймыз.