жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы"
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: |
«Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығы» |
|
|
Ақын өмірі мен өлеңдері
туралы оқушылардың жан – жақты білуі. |
|
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: |
М. Мақатаевтың суреті, ақындардың лебіздері, отбасының суреттер, естеліктер, талант туралы тағылымды ойлар, шарлар. |
|
Тәрбие сағатының барысы: |
Қарасаз жерінде туып, қанатын қатайтып, қысқа ғұмырында
өшпестей із мәңгілік мол мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны
Мұқағали атамызға арналған «Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен
шығармашылығы » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ. Ақын поэмаларының ішіндегі ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағына жарияланды. Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» -деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты. Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді. Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.
“М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған
есімі-Мұхамедқали Ақын Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды. Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. 1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтті. Туған жерге, еліне, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын. Түзу-түзу жыртылған аңыздайын, Аңызыма неге нәр тамызбайын. Қара өлеңі қазақтың қаза болса, Қара көзден неге қан ағызбайын,- дейді ақын өлеңінде. Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
Халқымның өз айтқанын
қайталадым. Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. |
|
Қорытынды: |
Жүргізуші : "Сәби болғым келеді"
Құс та болғым келмейді қанатым
бар
Сәби болғым келеді, сәби
болғым
Сәби болғым келеді, сәби
болғым
Сәби болғым келеді, сәби
болғым
Қанат қағып өмірге
ұшарымда
Сәби болғым келеді, сәби
болғым « Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз . |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген