400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

М.Монтессори әдісін жаңа инновациялық технологиялар арқылы балабақшада қолдану барысы

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектепалды даярлық»













Тақырыбы:

М.Монтессори әдісін жаңа инновациялық технологиялар арқылы балалардың қолдану барысы







Орындаған: Биржанова Б.Ж.





2020 жыл

М.Монтессори әдісін жаңа инновациялық технологиялар арқылы балабақшада қолдану барысы

Монтессори әдісінің мақсаты:

  • балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

  • өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;

  • балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори ұстазының міндеті:

  • балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

  • негізгі түстерді айыра білуге үйрету;

  • ұсақ моториканы дамыту;

  • алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;

  • зейінін тұрақтандыру;

  • тәртіпке үйрету;

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,өздігінен шешім қабылдауына, топтада,жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу."Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер" дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала, жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Балаларды ең алдымен М.Монтессори кабинетіне кіргіземін де,еркін түрде қоя беремін. Содан соң, балалардың назарын өзіме аударып, бейнежазбаны тамашалатамын. Бейнежазбада суға төзімді,көп жыл мекен ететін тасбақа мен басқа да жануарлар жұмбақ ретінде көрсетіледі . Сол мезетте үстел үстіне "Ғажайып тасбақаны" алып кеп қоямын. Ол тасбақаның ерекшелігі үстінде М.Монтессори әдістерін қолдана отырып, тігілген қалташалар бар. Әрбір қалташалар түрлі әдістермен безендіріліп тігілген,оның ішінде тапсырмалар жасырылған.

Балалар қалташаны ұстап көріп, пішінін, түсін , қалташаның тігілген ідісін атап, ішінен тапсырманы алып шығады.

Айгүл қалташаны ұстап, көлемін,түсін айтып, қай әдіспен қалташаны тіккенін тауып , ішіндегі тапсырманы алып берді.

1-тапсырма.

Шарлардың ішіндегі дәнді - дақылдарды саусақпен сипап сезу арқылы тауып, сәйкес сурет үстіне қой.

Қанат тасбақадағы қалташаны ұстап, көлемін,түсін айтып, қай әдіспен қалташаны тіккенін тауып ,ішіндегі тапсырманы алып берді.

2-тапсырма.

"Үйшік" ертегісіндегі кейіпкерлерді өз орнына сәйкес пішіндер арқылы орналастыр.

Бақжан да алдында тұрған тасбақадағы қалташаны ұстап, көлемін,түсін айтып, қай әдіспен қалташаны тіккенін тауып ,ішіндегі тапсырманы алып берді.

3- тапсырма.

Аяқ киім,түйме, моншақ бауларын ұқыпты әрі ретімен тағып шық.

Бақжан тапсырманы ұқыпты орындап шығады.

Маржан тасбақадағы қалташаны ұстап, көлемін,түсін айтып, қай әдіспен қалташаны тіккенін тауып ,ішіндегі тапсырманы алып берді.

4-тапсырма.

Қорапшаға ағаштан жасалынған пішіндерді көлеміне қарай орналастыр.

Айдос тасбақадағы қалташаны ұстап, көлемін,түсін айтып, қай әдіспен қалташаны тіккенін тауып ,ішіндегі тапсырманы алып берді.

5-тапсырма.

Берілген сандардан өрнек құрастыр: 1,2,3,4,5.

Алдияр соңғы қалташаны ашып, ішіндегі тапсырманы алып берді

6-тапсырма.

Құммен сурет салу әдісі.

(Шығармашылығыңды дамыта отырып, жаздағы жайлаудың көрінісін жасап шық.)

Алдияр құм салынған тақтайшаның қасына барып, саусақпен сурет салып,жайлаудағы көріністі құм бетіне түсіре бастайды. Суретті аяқтап болған соң, қандай пішіндерді қолданғанын сұраймын. Сол сәтте Алдиярға М.Монтессори кабинетіндегі киіз кітапшалардың ішінен "Жайлау" атты кітапшаны алып ішіндегі төрт түлік жануарларды,киіз үйді ,аспан құбылыстарын алып,құм бетіне өзінің шығармашылығын дамыта отырып орналастырады.

Сонымен біздің жайлаудың көрінісі жасалынып шықты.

Қорыта келгенде, М.Монтессори әдісінен күтілетін нәтиже:

1.Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады.

2.Алдарына қойған мәселені шешуге үйренеді.

3.Өз бетінше жұмыс жасауға машықтанады.

Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді.Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын.



.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі