400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«М.Монтессори дидактикалық материалдардарын пайдалану ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне балаларды монтессори педагогикасы арқылы тәрбиелеуде іс-тәжірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.Монтессори дидактикалық материалдардарын пайдалану ерекшеліктері»

Сапаргужина Бакыт Кабылдиновна

№32 «Балдәурен» балабақшасының монтессори маманы


Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық модельдеуі жекетұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне бірінші болып Мария Монтессори назар аударған. М.Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған. Бұл дайындық ортасындағы дидактикалық материалдардың бәрі жеңілден күрделіге қарай баланың ұсақ және ірі моторикаларын, икемділік, үйлесімдік сенсорлық қабілетін дамытуға арналған. Бұл ортаның көп қызметтілігі, балаларды түрлі әрекеттерге итермелейтін жағдайлар туғызудан тұрады. Әр баланың даму ерекшеліктері ескеркілген. Мысалы балаға күнделікті өмір жаттығуы аймағындағы киімнің түймесін тағуды үйретуді мақсаттайтын болса, алдымен ірі түйме тағылған рама арқылы үйретсе, әрі қарай ұсақ түймелі рамамен жұмыс істеуді ұсына отырып, балаға жеңілден күрделіге қарай жұмыс істей отырып, қолының ұсақ моторикасын дамытады.

Мектепке дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеу Монтессори жүйесінде маңызды рөлді алады. Сенсорлық аймақтағы жаттығулар балаға жеңілден күрделіге қарай өлшемдерін, пішінін, түсі, кедір-бұдыр дәрежесі немесе беттерінің тегістігі, салмағы, температурасы, дәмі, шуы, дыбысы бойынша бөлуге және жіктеуге мүмкіндік береді.

Жіктелу – бұл көптеген объектілердің белгілі бір атрибутқа ұқсас объектілер топтарына бөлінуі. Жіктеулеру дегніміз элементтер үлкен және кіші болуы мүмкін; сфералық, текше, цилиндрлік және басқа нысандар; тегіс және өрескел; салқын, суық, жылы және ыстық.

Балалар сенсорлық әсерге жан - жақты қарайды және бұрын байқалмаған табиғат нысандарының қасиеттерін бірте - бірте байқай бастайды: көгілдір аспан, қоңыр ағаш бұтақтары, матаның жұмсақтығы мен тегістігі және т.б.

Педагог балаға бастапқыда бір заттың белгілі бір қасиетін анықтау әдістемесін немесе әдісін көрсетесе әрі қарай күрделеніп, мысалы азғана айырмасы бар «үш түрлі салмақтық тақтайшаларды» салмағына қарай анықтау, сипап сезінуге арналған заттар арқылы «тегіс және бұжыр тақтайша» дидактикалық материалы арқылы екі сезімді сезінуді үйретсе, әрі қарай «бұжыр тақтайшалар» метериалы арқылы тақтайша бетіндегі бұжырлықтың жұқадан қалыңдығына қарай анықтау ұсынылады.

Сенсорика математиканың алғашқы сатысы болғандықтан Монтессори педагогикасында бұл екі аймақтың құралдары бір – біріне өтерде үлкен ұқсастықпен өтеді. Мысалы сенсорлық аймақта «Қызыл штанга» материалы арқылы бала ұзын – қысқаны игерсе, математика аймағындағы «Сандық штанга» материалы арқылы таяқшалардағы бөліктер санына сәйкес ұзындықтарын анықтайды.

 Математикалық материалдар баланың ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Монтессори жүйесіндегі қарапайым математикалық тұжырымдамаларды немесе математиканы зерттеуге дайындық балалардың сенсорлық тәрбиесі және практикалық күнделікті жұмыстың дағдыларын игеру үшін жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Педагог алдымен «Бұжыр сандар» материалымен сипап сезіну арқылы сандарды танып үйренсе әрі қарай күрделендіре отырып, есептеуге, сандармен танысу, арифметикалық операциялар және т.б. математикалық бөлімді үйренумен жалғастырылады. Математиканы оқытудағы алғашқы қадамдардан бастап, Монтессори балаға бір ондықтан екінші онға дейін ауысуына негізделген ондық сандар жүйесінің негізгі тұжырымдамасын жеткізуге тырысады.

Монтессори материалдарының тағы бір ерекшелігі қай аймақты алмасаңда барлығында бір жүйе, бірізділік сақталған. Мысалы математика аймағында санды «бұжыр сандар» материалымен таныстырса, «Тіл дамыту»аймағында әріптерді де осы тәсіл арқылы «бұжыр әріптер» материалы арқылы таныстырады. Әріптер де алдымен үлкен көлемді болады. Кейін олар «жылжымалы алфавит» арқылы әріптерді қолдарына ұстап, олардан сөздер құрастырса, әрі қарай олар кішірейіп, №1,№2 қораптағы әріптермен жұмыс істей бастайды. Әрі қарай күрделеніп, шағын кітапшалар, одан әрі мәтіндер оқуға өтеді.

Жазу мен оқудың тағы бір айырмашылығы - жазуға моториканың қатысты болуына да байланысты. 3-4 жастағы балалар қозғалуды дамытудың және жетілдірудің сезімтал кезеңінде, ал оларды жазуға қажетті бастапқы моториканы меңгеру қиын емес. Оқу өте күрделі зияткерлік процесс. «Дәлелдеуге болады, жазу барысында психомоторлық тетіктер басым болып табылады, оқығанда ақыл-ойдың нақты жұмысы бар». Сонымен, жазу оқуға қарағанда оңай болып табылады, ол үлкен зияткерлік шығынды қажет етпейді, сол себепті Монтессори әдістемесінде оқудың алдында жүреді.

М.Монтессоридің жүйесінде баланың оқу барысындағы кездесетін қиыншылықтарына сәйкес, материалдарды үш түрге жіктеген: «қиындықсыз оқу»; «бір қиындық» және «оқу барысындағы бірнеше қиындық». Педагог пен баланың бағдарын жақсарту үшін бірінші сериядағы материалдарды қызғылт жиегі бар ақ қағаздан, екінші топтағы материалдарды – көгілдір жиекті, үшінші топтағы материалдарды жай ғана ақ түсті қағаздан дайындайды. Оқу мүмкіндігін жақсарту үшін, құрылымы бұрынғы үш сериялы құрылымды - қызғылт, көк және ақ құрылымды қайталамайтын тағы екі материалдан тұрады.

Ал, «Ғарыш» аймағына келетін болсақ Ғарыштық тәрбиенің» мақсаты баланың «ғаламдық санасын» қалыптастыру, яғни оның бірыңғай әлем сипатын қалыптастыруы, барлық тіршілік иелерінің өзара байланысын сезінуі, адамның Ғарыштағы орнын және оның «ғарыштық міндеттерін» айқындауы болып табылады. Адамның «ғарыштық міндеті» - Жерді жақсарту мен көркейту болғандықтан, баланың адамзат алдындағы жауапкершілігі сезімін қалыптастыру болып табылады. М.Монтессори бұл аймақта балаларды табиғат пен мәдениетпен таныстыру кеңістігінде география, астрономия, ботаника, зоология, физика, химия негіздерімен танысуға болатын материалдар ұсынған.

Бұл материалдар арқыла балада шығармашылық ойлауды дамытады және шындықтың түрлі салаларында әрбір баланың құзыреттілігін қалыптастырады. Табиғат пен мәдениетті зерделеу бойынша сабақтар тек айналамыздағы әлем туралы ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар ақпаратты дербес алу дағдыларын игеруге, оны іс жүзінде қолдануға бағытталған. Мектепке дейінгі балалар арасында табиғат пен мәдениетті зерделеу барысында экологияның іргетасы қаланған, адамның табиғатпен қарым-қатынасы туралы және тұрмыс жағдайлары туралы түсініктер берілген, балалар табиғат мінез-құлық нормалары мен этикалық құндылықтарымен танысады. Тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен және валеологиялық білім негіздерімен танысу жүзеге асырылады.

Монтессори тобында болған кезде бала үш немесе төрт рет осы тақырыпты қайталап өтеді, бірақ әр кезде бұл таныстыру жаңа деңгейде өтеді және проблемалар мен өзара байланыстар туралы хабардарлық жаңа өмірлік тәжірибе тұрғысынан қарастырылады.

Балалар объектілер мен заттардың қасиеттері мен қасиеттерін өз зерттеулерінде жанды және жансыз табиғат туралы біледі. Табиғи құбылыстармен танысу, флора мен фаунаның алуан түрлілігі балабақша ортасында өздігінен тәуелсіз зерттеу жұмысында жүреді. Балалардың түрлі заттармен экспериментін ұйымдастырды: су, қар, ауа, құм, жер, саз; жануарлар мен өсімдіктердің өмірін бақылау.

Сонымен жоғарыда айтылғандай Монтессори жүйесі арқылы жеңілден күрделіге қарай бағытталған дидактикалық материалдар арқылы балалар ересектердің өмірі мен қызметі, мектепке дейінгі жастарды өздерінің айналасындағы адамдардың мәдени және тарихи құндылықтарын игереді. Патриоттық тәрбиелеу маңызды құрамдауышы болып табылады. Балалар өздерінің туған қалаларының, аймағының, еліміздің көрнекті жерлерімен танысады, фольклормен, ертегілермен, әлем халықтарының аңыздарымен, танысады, олардан антикалық және қазіргі заманның адамның жағдайының ерекшеліктерін біледі.

Осындай әр аймақтағы Монтессори құралдары баланың ой- өрісін, жан - жақтылығын, көру, тыңдау, есту өз ойын ортаға салып үлкендермен тең қарым- қатынасқа түсу қабілеттерін дамытуда баға жетпес жүйе.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі