400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Монтессоридің бала тәрбиесіне қатысты өсиет сөздеріне пікір.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мария Монтессори өз еліндегі доктор дәрежесіне жеткен алғашқы әйел адам ретінде тарихта мәнгілік қалды. Өмір жолын бала тәрбиесіне арнай отырып, тәрбиеге қатысты ең үйлесімді жүйе қалыптастырды. Мария Монтессори өз тәжірибесі нәтижесінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ата-аналарға арналған бірнеше өсиет сөздер қалдырған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


М.Монтессоридің бала тәрбиесіне қатысты

өсиет сөздеріне пікір.


ХХ ғасырда педагогикалық тәрбие саласында революция жасаған атақты педагогтардың бірі итальялық Мария Монтессори болды.

Мария Монтессори өз еліндегі доктор дәрежесіне жеткен алғашқы әйел адам ретінде тарихта мәнгілік қалды. Өмір жолын бала тәрбиесіне арнай отырып, тәрбиеге қатысты ең үйлесімді жүйе қалыптастырды. Мария Монтессори өз тәжірибесі нәтижесінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ата-аналарға арналған бірнеше өсиет сөздер қалдырған.

Оқып отырсаңыз, олар өте қарапайым жазылған сияқты болып көрінеді, бірақ түбіне үңілсеңіз аз сөздің астарында көп мағына бар екенін ұғынасыз.

– Бала өзін қоршаған дүниелерден үйренеді.

– Баланы үнемі сынай берсеңіз – ол өзгені кінәлауға бейім болады.

– Баланы үнемі мақтап жүрсеңіз – ол бағалауды үйренеді.

– Егер бала үнемі өшпенділікке куә болса – оның төбелеске әуестігі артады.

– Егер бала адалдық көрсе – ол әділ болады.

– Егер балаға үнемі мысқылдап күлсеңіз – ол жасық болады.

– Егер бала қауіпсіз ортада өссе – онық сенімі берік болады.

– Егер баланы үнемі масқараласа – ол өзін кінәлі сезінумен өтеді.

– Егер баланы үнемі қуаттап отырса – ол өзі туралы жақсы пікірде бодады.

– Егер балаға кішіпейіл болсаңыз – ол төзімді болады.

– Егер баланы жиі көтермелесеңіз – ол өз-өзіне сенімді болады.

– Егер бала мейірімді ортада тәрбиеленсе – ол әлемнен махаббат көруге тырысады.

– Баланы жамандамаңыз. Өзінің де, өзгенің де көзінше.

– Баланы бойына жақсылық жиюға тырысыңыз. Сонда жамандыққа орын қалмайды.

– Баланың айтқанына үнемі зер салып жүріңіз.

– Қателігін түзете алатын баланы сыйлай біліңіз.

– Ізденіс үстіндегі балаға көмектесіңіз, ал іздегенін тапқанға кедергі келтірмеңіз.

– Баланың бұрын-соңды игермеген дүниесін үйрету барысында сабырлылық пен сүйіспеншілік танытыңыз.

– Балаңа қатысты үнемі өзіңіздің тек жақсы қырыңызды көрсетіңіз. Бойыңыздағы бар игілікті балаңыздан аямаңыз.

Осы өсиеттердің кейбіріне тоқтала кетсек.

М.Монтессори: «Балаңа қатысты үнемі өзіңіздің тек жақсы қырыңызды көрсетіңіз. Бойыңыздағы бар игілікті балаңыздан аямаңыз».

Бұл жөнінде дана халқымыздың сөзі: «Баланы емес, өзіңді тәрбиеле, ол бәрібір саған тартады» өте жақсы келтірілген, сол себепті бірінші кезекте өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Тұлғалық қасиеттер жанұя жағдайында бірте-бірте қаланады екен. Содан кейін осы қалыптасқан қасиеттер, әдетте, ешқандай өзгерістерге ұшырмайды да, мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады. Сәбиге туған кезден бастап жақсы тәрбие беру керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көтеріп ұрысуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу, төбелес сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етеді. Кейбір ата-аналар баламыздың жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы шағымданып жатамыз. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өзімізде екенін түсінбейміз. Өз қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен, балаларымыздың неліктен ондай болып шыққандығына қайран қалып жатамыз. Бұл жөнінде ұлы ағартушы М.Әуезов: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады». – деп дұрыс айтқан екен.

М.Монтессори: «Егер баланы жиі көтермелесеңіз – ол өз-өзіне сенімді болады».

Иә, баласының бір ісіне көңілі толған ата-анасы баланың көңілі көтерілетіндей іс жасаса, бала тәрбиесі үшін өте пайдалы болар еді. Ата-ана баласына жүлде ретінде белгілі бір уақытын бөліп, баласымен ойнаса, сурет салса, қызықты кітаптарын оқып бірге талқыласа және т.б. жағымды істер жасаса, – бұл шынымен де әсерлі болар еді. Баланың қалауы мен қызығушылығына қарай әр түрлі нәрселер ойлап табуға болады. Мұндай шаралар менің ойымша, балалардың қызығушылықтарын арттырып, шабыттарын оятар еді.

М.Монтессори: «Егер бала мейірімді ортада тәрбиеленсе – ол әлемнен махаббат көруге тырысады».

Шынында да, баланы жақсы көру оның тәрбиесі мен бүкіл өмірі үшін ауадай қажет нәрсе. Ата-ана мұны ешқашан естен шығармауы қажет. Ата-анасының сүйіспеншілдігіне бөленіп өскен бала өмірде алға қойған мақсатына жете алатын, өз-өзіне деген сенімділігі бар тұлға болып өсе алады. Балаға тым қатал қарамау да осы үшін қажет.  Бұл екеуі де сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кеңестері екенін көре аламыз. Ата-аналарға балаларын жақсы көруді, жақсы көргенін көрсетуді бұйырған, және қатал болуға тыйым салып отырған екен.

Қорыта келгенде, әрбір өсиет сөздердің астарында үлкен қазына, мағына бар екенін түсініп, көріп отырмыз. Осы өсиеттерге сай әрекет жасаған әрбір ата-ананың баласы жан-жақты әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген тұлға болып шығары анық.






















«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

филиалы

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»











Педагог-гуманист

М.Монтессоридің

бала тәрбиесіне қатысты өсиет

сөздеріне пікір












Дайындаған: Сагиденова Л.О.







Көкшетау, 2017 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі