Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мəңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мәңгілік ел

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі жеріне қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық тілді жақсы меңгертуге,ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға баулу, ойлау, танымдылық қабілетін арттыру.

Көрнекілігі: Ел рәміздері,Қазақ хандарының, батырларының портреттері,қанатты сөздер сөздер.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет.

Бекзат:

Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныспын мың тілімнен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Айсәуле:

Мен қазақпын, биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

1-Көрініс Ақырын басып қарт шығады. Отырып дем алады.Осы кезде немересі, жүгіріп шығады.

Немересі: Ата, не ойлап отырсың?

Атасы: Ә.балам, атаң не ойламайды дейсің сенің болашағыңды, еліміздің өткен өмірі жайлы ойлаймын.

Немересі: Өткен өмір деген не, ата?

Атасы: Ә, балам өткен өмір деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден өткен өмір жолы тарихы емес пе?

Немересі: Ал, ол жол қандай болады, ата?

Атасы: Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін,

Болмасамда оқыған тарихшы атым,

Жинадым ескілердің тарих хатын

Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз ата-бабаларыңның тарихын білуге тиіссің.

Айдана:

Дарқан қойын-қонышқа құт дарып,

Төрт құбылаңды түгендедің мықтанып

Ең байлықты белшесінен кешкені.

Жат жұрттықтар көз алартып сұқтанып.

Қадіржан:

Шыңғыс ханның қалың қолы бөгеген.

Батыр едің, батыл едің не деген

Алатаудай міз бақпады ұл-қызың,

өзің ерлігін жөргегіне бөлеген.

Бекзат: 1723жыл. Ел жайлауға көшіп,қаннен-қаперсіз күн көріп жатқан елімізге тұтқиылдан жоңғарлар шабуыл жасап,қалың жұртты қан жылатты.Дүрліккен ел шұбыра көшіп,тарихта аты қалған «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» аталып кеткен қиын заман болды. Жұрт Алакөлге аяңдап, Қаратауды паналады.

Айгерым: «Қаратаудың басынан көш келеді»,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара түнді жамылып қара қазақ.

Қара түнді басынан кешкен еді.

Айбек:

Қара қайғы көрсетпей ештеңені

Қара жауын қанатын кескен еді,

Шылғау болып қыздардың кестелері

Талай қара шаңарақ өткен еді.

Ернар:

Ұлы жолда өз елім деп шыққандар,

Қыршынынан қиылды сан ғұмырлар,

Атой салып жауға аттанды құрсанып,

Қабанбайлар,Бөгенбайлар, Сырымдар.

Ғайни:

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Тал да таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Жазира:

Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас,

әйтеуір кім де болса өлмей қалмас.

Есімі еш адамның өшпейді екен.

Артыңда ұрпақ жүрсе өздеріңдей ұмыттырмас

Білуі жеті атасын парыз екен

Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген,

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,

Өткендерін қалайда білсін деген.

2-көрініс:Ата мен немере әңгімелесіп отырады.

Атасы: Сондықтан, балам, сен де жеті атаңды, өз тарихыңды білуге тиіс екенсің.

Ә,балам! содан бастап қилы-қилы кезеңдер өтті ғой! Талай хандарымыз ел бірлігі, бостандығы, елін жерін, сақтап, қайтсекте халык боламыз деумен өттау өмірден.Қасым хан,

Есім хан, Жәңгір, Абылай хан, Кенесары сияқты хандарымыз елін жұртын аман қалам деп жаулармен айқасты.

Немересі: Біздің хандарымыз қандай батыр, ер жүрек болған, ата!

Айсәуле: 1941-1945 жылдарда адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық адалдықты қорғап ерекше ерлік көрсетті, жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.Мәңгі халқымыздың тарихында қалған батырлар есімі Б.Момышұлы, Т Бигелдинов. Қ Қайсеновтер т.б. осы батырлармен қатарласып ел қорғаған батыр қыздарымыз М. Мәмбетова мен Ә. Молдағулова есімдері мәңгі сақталады.

Әсел: Батыр туған бабалар салтымен

Қаруластар ел үшін ұрандаған,

Намыс болып шайқаста алаулаған.

Төбеден қайта заулап оқ борайды,

Айналаны ал қызыл отқа орайды.

Жеңіс үшін жастығын берген ерлер.

Бейбіт өмір, еліне төкті арайды.

Наурызбек: Бақытқа байтақ елді бөегендер,

Бауыржан, Әлия, Мәншүк,Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып, шешек атып көгерген жер.

Айсәуле: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан кезеңі болды ғой. Осы оқиганың бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ағамыз жиырма бір-ақ жыл ғұмыр кешті.Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті емес пе?

Мадина: Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, зекіп,бұйырып.

Желтоксанда шықтық үлкен алаңға.

Ата- баба аруағына сыйынып.

Ербол:

Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айрылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.

Бекзат: Бүгінгі қазақ елі ата- бабалар аңсаған тәуелсіз азат ел. Қазақ елі тарихта талай оқиғаны басынан өткерді. Абылай, Кенесары сынды хандар ел бірлігін бостандығын елін жерін қайтсек сақтап қаламыз, қайтсек халық болып қаламыз деп өмірден өтті. Халқымыздың қаһарман ұлдары Сырым, Махамбет, Исатай, Жанқожа, Аманкелді сияқты ерлеріміздің бар арманы тәуеллсіз қазақ мемлекетін құрылды. Қазақ халқы ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып тәуелсіздіктің нұрлы таңын атқардық.

3-көрініс:

Атасы: Сен ғанасың құлыным, сен ғанасың

Менде көпке бармаспын, сен қаласың

Ойран болған орнына кеп

отау тігіп, оттарын сен ғанасың!

Иә, балам ата-бабаң атаң айтқан осы сөзді ешқашан ұмытпа!

Немересі: Жарайды, ата!

Айсәуле: Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғы шарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдау » болды. Т уған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамызбен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңіз жақсы білесіздер.

Гүлдана: Енді міне өлген күнім тірілді

Әнұраным, жалғап алған ғұмырды

Босағада қалып келген ел таңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Төребек:

Беріспей батыр бабам армандаған,

Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман- далам!

Меңдіқали:

Дәуірлеп тасысын дәулетің

Биіктеп шырқасын сәулетің

Қазағым, еркін ел, кең байтақ,

Құлпырсын, гүл жайнап келбетің.

Қортынды :

Менің бүгінгі тәрбие сағатын өткізудегі мақсатым –Оқушыларға Қазақстанның Мәңгілік ел екенін түсіндіру,оқушылардың Отанына деген махаббатын ояту, туған

еліміздің елін, жерін көркейтуге, байытуға еңбек етіп, болашақ та Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Еліміздің іргесі берік болып, Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!

Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін!

Егемендігіміз баянды болсын деп ізгі тілекпен тәрбие

сағатымызды аяқтаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.02.2019
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12