Материалдар / «Мобильді ойындардың балаларға тигізетін кері әсері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мобильді ойындардың балаларға тигізетін кері әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
:«Мобильді ойындардың балаларға тигізетін кері әсері»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2024
182
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі





Авторы: Батырхан Айша 4 «а» сыныбы



Жұмыстың атауы:«Мобильді ойындардың балаларға тигізетін кері әсері»







Жетекшісі: Нариман Д

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

































Подстепный ауылы

2023-2024 оқу жылы





Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Фри Фаер ойыны

2.2 Майнкрафт ойыны

2.3 Ұялы телефондағы ойындардың балаларға тигізетін кері әсері

ІІІ. Зерттеу бөлімі

ІҮ. Қорытынды бөлім

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі






























Аңдатпа


Зерттеу жұмысында ұялы телефондағы ойындардың бала психологиясына тигізетін кері әсері қаралған. Мобильді ойындардың, ғаламтордың бала өміріне қаншалықты зиян екендігі ашып көрсетілген. Мектеп оқушыларының қалай және не үшін мобильді ойындарды қолданатыны туралы сипатталған. Бұл ғылыми жұмыс күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып кеткен ұялы телефондағы ойындардың зияндылығы жөнінде. Ұзақ жылдар бойы мобильді ойындардың зияндылығы белгісіз болды. Осы уақыттан ғана барлық дамыған елдер мобильді телефондағы ойындардың бала ағзасына тигізетін кері әсері жөнінде дабыл қаға бастады, алайда Қазақстанда осы мәселе ғылыми тұрғыдан өз деңгейінде қарастырылған жоқ. Бұл жобаның авторы өз жас ерекшелігіне сай зиянды ойындардың себеп-салдарын тереңірек ұғуға тырысып, құрбы-құрдастары мен жастардың сауаттылығын арттыруға күш жұмсады. Осы қозғалып отырған тақырып мектеп педагогтары және оқушыларының арасында қолдау тауып, әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз.


Аннотация


В исследовательской работе рассматривались негативные последствия игр на мобильном телефоне, майнкрафт на детскую психологию. Было раскрыто, насколько вреден мобильный интернет для жизни ребенка. Описано, как и для чего учащиеся школы используют мобильные игры. Данная научная работа связана с вредностью игр на мобильном телефоне, которые стали неотъемлемой частью повседневной жизни. На протяжении многих лет вредность мобильных игр была неизвестна. Только с этого времени все развитые страны начали тревогу о негативном влиянии игр на мобильный телефон на организм ребенка,однако в Казахстане этот вопрос не рассматривается на должном уровне. Автор этого проекта, стремясь к более глубокому осмыслению причин и последствий вредных игр в соответствии со своим возрастом, прилагая усилия для повышения грамотности сверстников и молодежи. Мы надеемся, что данная тема будет поддержана и продолжена среди педагогов и учащихся школы.


Annotation


The research paper examined the negative effects games on mobile phones and mancraft on children's psychology. It was revealed how harmful mobile Internet is to a child's life. It describes how and why school students use mobile games. This scientific work is related to the harmfulness of mobile phone games, which have become an integral part of everyday life. For many years, the harmfulness of mobile games has been unknown. Only since that time, all developed countries have begun to worry about the negative impact of games on the mobile phone on the child's body,but in Kazakhstan this issue is not considered at the proper level. The author of this project, striving for a deeper understanding of the causes and consequences of harmful games in accordance with their age, making efforts to improve the literacy of peers and young people. We hope that this topic will be supported and continued among teachers and students of the school.















Зерттеу жұмысының өзектілігі: Пандемия уақытында, оқушыларымыздың сабаққа онлайн, қатысуына байланысты ұялы телефондарда телефон ойындарын ойнауы қазақ балаларының күннен-күнге ойынға тәуелді болуы кері әсерін тигізуде. Бұл ойындардың бала психологиясына зиян келтіретіні жөнінде ғылыми тұрғысынан зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан тақырыптың өзектілігі айқындалды.


Зерттеудің мақсаты: Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алу үшін, бүгінгі жас ұрпақтың санасына осы ойындардың зиянды екенін көрсету, оның бала ағзасына тигізетін кері әсерін насихаттау, зерттеу. Бұл ойындардан оқушылардың назарын басқа ермекке аудару.


Міндеттері:

  • Жоба бойынша презентациялық материал мен құжаттарды дайындау.

  • Ойындардың адам ағзасына келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.

  • Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.

  • Фри Фаер, Майнкрафт ойындарының келтіретін зияның оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту.


Материалдық құндылықтар:фотосуреттер, слайд.

Зерттеудің құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу.

Зерттеудің әдістері: бақылау, салыстыру, сауалнама, сараптау, қорытындылау.

Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.

Зерттеудің орындалу мерзімі – 2023 – 2024 оқу жылы

Орындалу түріне қарай – жекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.

Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі: Тақырып және оның мақсаты белгіленіп, керекті әдебиеттер, мақалалар жинақталды.

  2. Жоспар құрылып, мақсаттар қойылды.

  3. Зерттеу жұмыстары жүргізілді.

  4. Қорытынды шығарылды.

  5. Оқушылар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді(сауалнама жүргізу).





















































І.Кіріспе

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Мобильді телефондар, смартфондар, қалта компьютерлері кеңседе де, одан да тыс жерлерде де, жәй өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні жас балалардың да қолынан түспейтін нәрсеге айналды. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2014 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.[14]

Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Бізден басқа елдердің талайы ұялы телефонның адам ден­саулығына зияндылығы туралы неше түрлі дабыл қағып жатыр. Балаларымыздың сағаттап ұялы телефондардағы ойындарды ойнауы, кері әсерін тигізіп жатқаның біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Бұл мәселе әлемдегі жүздеген ғалымның зерттеу нысанына айналғалы біраз болды.Техниканың дамуы біз үшін жаңа ғасыр беттерін ашуда. Қай салада болмасын бүгінгі техника мүмкіндігі алға қадам басуда. Оның бүгінгі білімнің сапалы болуына тигізер әсері біршама. Атап айтсақ, қарапайым қолданыста жүрген калькулятордан бастап, ноутбуктерге дейінгі қажеттілік. Заман дамыған сайын қолданысқа енген жаңа құрылғылар тілімізге түрлі терминдер қатарын енгізді. Ғалымдардың айтуы бойынша, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. [5]Бірақ, ең өкініштісі күн санап сыныптастарымның, достарымның ұялы телефондарсыз жүре алмайтындығы мені алаңдатты. Ұялы телефон қазіргі заманда мектеп оқушыларының ажырамас көмекшісіне айналды. Бұл ғылыми жобада ұялы телефондардағы ойын түрлеріне тоқталып, өзімнің зерттеу жұмысымды жан-жақты көрсететін боламын.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Фри Фаер ойыны

Ұялы телефондағы Фри Фаер ойыны барлық елде өте танымал ойындардың бірі. Ойын ережесі жылдан жылға өсіп, ойын әлеміне жаңа жанр әкелді. 2017 жылы бұл ойынды барлық елдің балалары ойнай бастады. Бұл ойынды компьютермен, планшеттермен, ұялы телефондарда ойнауға болады.Қазіргі уақытта ойын бастапқы нұсқамен салыстырғанда айтарлықтай үлкен өзгерістерге ұшырады – және олардың барлығы жақсы жағынан ғана. Яғни әр-түрлі суреттер, кейіпкерлердің қимылы, қолданатын құралдары көбейді.

Фри фаер ойыны- үлкен аралдың аумағында өтеді, оған қатысушыларды тікұшақпен жеткізеді, ал олар парашютпен жер бетіне түседі.Қан шайқасы басталмас бұрын, сіз өзіңізбен бірге барлық қажетті заттарды алып, қаруға ерекше көңіл бөліп, патрондарды ұстайсыз, қамқорлыққа алынушының өмірі осыған байланысты. Сонымен қатар, сіз өз бетінше кейіпкерді түсіру нүктесін анықтайсыз. Басты міндет-барлық қарсыластарды кез келген жолмен жою. Фри фаер тактика таңдау кезінде сізді шектемейді, ол ашық атыс болуы мүмкін, немесе жасырын жерден ату.

Яғни ойын ережесіне сәйкес алдыныздағы қарсы шыққан адамдарды өлтіресіз, атасыз, солай жеңіске жетесіз. Неғұрлым көп адамды өлтірсеніз дәреженіз өседі. Және қола, күміс, алтын, алмаз, шеберге өтесіз. Бұл ойында ойнаудың бес тәртібі бар біріншісі классика, екіншісі рейтинг, үшіншісі шайқас, төртіншісі калахари, бесіншісі алмаз.

Бұл ойынды бір мезетте достарынмен бірге ойнауға болады. Микрафонды басқанда балалар бір бірімен сөйлесіп, бірігіп ойнап, адамдарды өлтіреді.

Міне ойын шарты осындай. Күнде ұялы телефонда сағаттап отырып, адам өлтірген баланың психологиясы бұзылары айтпасақ та түсінікті. Бұл ойын - ғасыр дерті. Мектеп оқушылары бұл ойынды үнемі ойнап, сабақта бір-бірлерімен пікір алмасып отырады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша Фри фаерді ойнаған бала, осы ойынға тәуелді болып, жан-жағындағы адамдарды ұмытады. Тіпті тамақ ішуден қалып,үлкендердің айтқаның тыңдамайды. Әр кезеңнен өткен сайын баланың ойынға деген қызығушылығы артып, сабақ оқудан қалады.



2.2 Майнкрафт ойыны

Minecraft (ағыл. mine «шахта», craft«кәсіп») - құмсалғыш жанрындағы компьютерлік ойын.Бұл ойынды Маркус Персон шығарған. [10] Ол «Notch» атымен де әлемге әйгілі. Өмір стиліндегі бұл ойын түгелдей блоктардан тұрады. Бұл ойында ландшафт, құбыжықтар, әртүрлі бұйымдар бар, ал осы заттарға түр беру үшін текстуралар қолданылады. Басында Minecraft ойыны Infiniminer ойынына плагиат болған ал ойналуы DwarfFortress ойынына ұқсатылып жасалды. MinecraftJava программасын қолдану арқылы жазылған. Minecraft бір апта бойы жасалған еді. Аз уақыт ішінде Minecraft әлемге әйгілі ойын болды.Осыдан кейін майнкрафттың өздік форумы пайда болды.Ойын көптеген уақыт аралығында альфа және бета тестілеу кездерінде болды. Ал 2011 жылдың 17 қарашасында ресми нұсқасы шықты. Minecraft ойынын WindowsLinux, OS X, Fire OS Android, iOSWindowsPhonePlayStation 3PlayStationVita, PlayStation 4, Xbox 360,Xbox One, және Raspberry Pi платформаларына да ойнауға болады. Құбыжықтар 5 түрге бөлінеді:достық, бейтарап, дұшпан, өзіне бағындырылған және жасалған. [13]Майнкрафт ойынында дұшпан құбыжықтар ойыншыға жақын пайда болады, ал дос құбыжықтар сіз пайда болған әлемге байланысты пайда болады және оларды ойыншы көбейте алады.

Minecraft — қазіргі танымал ойындардың бірі. Үлкендердің де, кішкентайлардың да сүйікті ойыны. Жалпы, компьютер ойындары тарихындағы үздік ойындардың бірі болып саналады. 2015 жылдың жазына дейінгі есеп бойынша барлық платформалардағы сатылым саны 70 миллионнан асқан, оның 20 миллионы дербес компьютерлерге арналған, тіркелген ойыншы саны 100 миллионнан астам. Mojang компаниясының бұл өнімін 2014 жылы Microsoft 2,5 миллиард долларға сатып алған.

Minecraft-тағы мақсат — ойын ішіндегі әлемде өмір сүру, бәрін өзің тауып, қиялыңдағын әр сені құрастыру. Бұл әсіресе балалардың қиялын, фантазиясын дамытуға жақсы. Шығармашылыққа, шешім қабылдауға, ізденімпаздыққа баулиды. 2011 жылы мектеп бағдарламаларымен айналысатын Teacher Gaming компаниясы Mojang-пен бірге Minecraft Edu атты нұсқасын шығарады. [1] Бұл нұсқа мектептерге арналған. Яғни, Minecraft ойынының мұғалімдерге арналған нұсқасы. Мұғалімдер балаларға осы ойын арқылы тапсырмалар беріп, олармен бірге ойнайды. Осылайша алдымен Финляндия мектептерінде басталған бұл жоба Еуропаның басқа елдеріне де тарай бастайды. Кей мектептерде үйірме ретінде оқытылса, кей елдерде мектеп бағдарламасына енгізіледі. 2015 жылы Солтүстік Ирландияның барлық мектептерінің оқу бағдарламасына кіргізілген. [12]Қазір балалар компьютер, планшеттен түспейтін болып кетті дейміз. Бірақ, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Қандай ойындар ойнайтындары да бақыланбайды. Балаға тыйым салғанша оған дұрыс альтернатив ұсыну керек деп ойлаймын.

"Minecraft" ойыншыларының саны рекордтық көрсеткішке жетті.

Алайда Қазақстанда бұл ойынды балалар жиі ойнауда. Мульфильмдерін көріп қана қоймай, күнделікті ойнауға әдетке айналдырған.


2.3 Ұялы телефондағы ойындардың балаларға тигізетін кері әсері

Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы ұялы телефондағы ойындар. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» — ға дайындал!»,- дейтін болса оқушылар қауымы Фри фаер мен Майнкрафт ойындарынсыз тұра алмауда.
Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген менің сыныптастарым, достарым оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтателефондағы ойындарды ойнаумен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Көбінесе сабақ уақытында да ойнап отырған балаларды көруге болады.

Бір алаңдататыны аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. [9] Ойындарды ойнап отырғанда, ұялы телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен. Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. [11]Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оның баларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдері шаштарын ағартып білім беруде оқушыларға ұялы телефондарды сабақ үстінде пайдалануға тыйым салып, сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарында бұл жөнінде үнемі ескертеді. Мектепте ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады. Баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес, ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс. Осы Фрифаер, Майнкрафт ойындарын үнемі ойнаған  балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдедім. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Сағаттап осы ойынды үзіліссіз ойнау баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. [8]Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, ұялы телефонға тәуелділікке әкеліп соғады. [4]

Сондықтан да жоғарыда айтылған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.

  • 1-4 сынып оқушылары тәулігіне  30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық ойнамауы керек. [7]

  • баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып ұялы телефонда ойын ойнауына шек қойыңыз.

Демек, кез-келген ата-ана балаларына ұялы телефондағы ойындардың зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс ойын ойнап отыру баланың ғана емес ,үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс.







ІІІ. Зерттеу бөлімі

Ғылыми жобамды зерттеу барысында мектеп оқушыларының ұялы телефонды қолдануына сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы бойынша 82 % оқушыларда телефон бар екенін анықтадым.










О сыған байланысты оқушылардың ұялы телефонды да қолдану уақыттарына қарай диаграмма ұсынғым келеді.







Оқушылардың көбі 77 % -ы ұялы телефонмен көп ойнайтыны анықталды, бұл мектеп оқушыларының денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Менің байқағаным Фри фаер – баланың шығармашылық, оның ішінде креативті ойлауын тежейді. Смартфондағы түрлі ойындар мен бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік алған баланың шығармашылық ойлау процессі тоқтай бастайды. Әсіресе, ойындардың қауіпі зор екен. Олардың ойлауын тежеумен қатар, оптикалық-сенсорлық дамуына кері әсерін тигізеді. Көбінде баланың іс-әрекетінің баяулайтынын байқауға болады.
1 . Бұл ойындарды ойнаған оқушылардың ұйқысы бұзылады. Ойынды ойнап ұйқыға кеш жатуы мен шаршаңқы болуына бірден-бір себеп болады. Баланың уақытылы ұйықтап, келесі күнге миын тынықтыруы оның өсуіне маңызды екенін білесіз. Алайда, оның қолындағы смартфонда Фри Фаер мен Майнкрафт болса ол мақсатқа жете алмайсыз.
2.Бұл ойындар баланың оқуға деген қабілетін төмендетеді. Баланың білімге деген құштарлығының төмендеуіне сабақ уақытында ойының басқа нәрсеге бөлінуі себеп екенін мұғалімдерде жиі айтып жүр. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Фри Фаер ойының көп пайдаланатын баланың математика және физика пәндері үшін қажетті дағдының қалыптасуын бұзады. Яғни, осындай ойындарға жақын болған балалардан нақты ғылымға әлсіз жеткіншектер өседі.
3. Фри Фаер, Майнкрафт ойындарына тәуелділік қалыптасады. Түрлі ойындар мен бағдарламалар арқылы өзіне тәуелді ететін смартфондар оның ұзақ уақыт бойы, тіпті ересек өмірде де оның «есірткі шегуші» секілді тәуелді болуын жүзеге асырады.
4. Бұл ойындар баланың псиxикалық саулығына әсер етеді. Мамандардың айтуынша, балалар арасындағы депрессия және анфекция себептерінің көп жағдайда осы ойындарды пайдаланудан болады дейді. Смарфондағы ойындарда жиі қорқытып-үркіту орын алады. Бұл оның псиxикасына кері зиянын тигізеді. Осы ойындарды ойнаған бала күнделікті ойында адамдарды өлтіріп жеңіске жетеді, және баланың психологиясы бұзылып, ойында адам өлтіргенің мақтанышпен айтатын болады.
5. Осы ойындар балаңыздың физикалық саулығына зиян. Фри фаерді пайдаланушы балалар бір орында қимылсыз отырады. Бұл жеткіншектің дене бітімінің дұрыс өсуіне, қалыптасуына кері әсер етеді. Олар таза ауада көп қимылдауы тиіс. Соның салдарынан арқаның қисаюы, көзінің көруі нашарлауы, артық салмақ жинауы тағы да басқа аурулар табуы мүмкін.
6. Мінез-құлқы өзгереді. Ойынды күніне 2 сағаттан артық пайдалану бала эмоциясының өзгеруі мен әлеуметтік мәселелерінің тууына үлкен себеп. Мінезінде тұйықтық пайда болады. Алуан түрлі ойын кезеңдері жеткіншектің көңілінің бұзылуына, оның өзімен-өзі жалғыз болуына деген ынтасын арттырады.[2]
7. Балаға зорлық-зомбылықты үйретеді. Смартфон арқылы түрлі зорлық – зомбылық ойындарды ойнағандықтан агрессивтілік пен агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады. Оның зардаптары қазіргі уақытта да байқалып жатқанына куә болып жатырмыз.


ІҮ.Қорытынды

Қорыта келе Фри фаер мен Майнкрафт ойындарын ойнаған уақытта ескеретін жайт:

-ҰБТ-ға педагогикалық – психологиялық дайындықты қарқынды жүргізуде мектеп оқушыларының ойындардан аулақ болуы керек. [3]

      • Ойындармен мүмкіндігінше қысқа ойнау керек.

      • Балалардың денсаулығын ойлайтын ата-ана болса, жан-жақты ұялы телефоннан гөрі, жай қарапайым ұялы телефон ұстатуы керек, себебі балалардың көзіне де қатты әсер етеді. Тым экраны жарық шашатын ұялы телефонды қолданғанда, жарықты жағып қолдану керек, себебі қараңғыда ұялы телефондағы химиялық зат адамның денсаулығына екі есе әсер етеді.

Жалпы білім беру мектептерінде балалар қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормаларды оқытушының көмегімен сақтай отырып белгіленген уақытта ұялы телефонды қолдануы қажет. Ең қиыны балалар үйге келген соң, ата-анасы жоқта технология әлемімен бетпе-бет қалады. Фри фаер т,б ойындар арқылы балаларымызға ойындағы құбыжық кейіпкерлері тіл қатады, атыс-шабысты, зорлық-зомбылықты, жаман қылықтарды көрген балаға соның бәрі дұрыс көрінеді. Бұларды көрген бала сабақты да естен шығарады. Жарты күн интернетте отырған бала жатарда ұялы телефонды жастанып жатып, түннің бір уағына дейін ойын ойнайды. Осының бәрі баланың психикасын бұзып, көзінің көру қабылетін нашарлатады. Ал көптеген ата-ана баласының үйде отырғанына мәз болып, оның қаншалықты зардап шегіп жатырғанын елемейді. Көру қабілеті нашар, жасына жетпей көзәйнек киетін балалардың саны болса жыл сайын көбейіп келеді.

Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі болып отыр, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Фри -фаер, майнкрафт ойындары жасөспірімдердің психикасына, денсаулығына кері әсер етіп отыр деуге болады. Ғылыми жобамның жаңалығы бұл ойындарды көп ойнаған балалар ашуланшақ, әрі бірдеңені тез түсіне алмайтын болып қалыптасады, ата-анасын тыңдамайды, баланың психологиязы бұзылып ашуланшақ болады. Қорыта келгенде айтатынымыз, заман талабына сәйкес ақпаратты таратудың жаңа үрдісі болып отырған планшет пен смартфондар тек қана ойын – сауық кұралы ғана емес оқушылардың білім сапасының деңгейін артуына пайдалы болатынына нақ сенімдіміз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша қазіргі заманда көп ата-аналар балаларына сматфондармен, планшеттермен қолдануға рұқсат береді. Бірақ зерттеу барысында гаджеттердің баланың өзін-өзін дамыту қабілетін бәсеңдетінін, дамуына, баланың жүріс-тұрысына кері әсерін тигізетінін зерттеген. Бостон университетінің ғалымдарының айтуынша эмоционалды тұрғыдан балаға кері әсер тигізеді. Егер баланы тыныштандыру үшін ойындарды пайдаланса, ол келешекте өзінің даму механизмін, өзіндік ұстау қабілетін білмейтін болады деп санаған. Сонымен қатар планшеттер мен смартфонды пайдаланғанның кесірінен бала математика және де басқа ғылым саласын меңгеру қиынға түседі. Ғалымдардың айтуынша бұл ойындарды ойнамай балалардың ата-ана мен жақын туыстарымен бос уақытын өткізген дұрыс.

Әрине қазіргі таңда оқушылардың көбісі мобильді гаджеттарды тек ойын ойнауға қолданатыны мәлім. Балалар тіпті сол гаджеттардың ішіне кіріп кеткендей, сол виртуалды өмірде өмір сүретіндей өздерін сезінеді. Заман талабы болғандықтан әрине осы технологиялады дұрыс бағытта қолдану өте тиімді, себебі қазір ғаламтор арқылы оқушыларға әр түрлі қашықтықтан олимпиада, конференцияларға, әр түрлі жарыс, сайыстарға қатысуға болады, іс-тәжірибе, білім алмасуға болады. Сондықтан да менің кеңесім сыныптасым, бауырым, ағам, жасөспірімдер гаджеттарды дұрыс қолданайық, Фри фаер, Майнкрафт ойындарын ойнамай, өзіміздің денсаулығымызға өзіміз зиян келтірмейік!

Ұсынысым:

  1. Ата-аналар тарапынан балаларға ұялы телефонды үйде көп уақыт ұстауға тиым салынса

  2. Мектепте оқушыларға ойындары жоқ қарапайым телеофон ұстауға ғана рұқсат берілсе

  3. Ұялы телефондарға бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақша кітап, аудиоертегілер жүктелсе.

























Қолданылған әдебеиттер тізімі:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Уикипедия:Гаджеттер

  2. «Денсаулық» журналы. №4. 14-бет. Алматы қаласы. 2008 жыл.

  3. «Айқын» газетінің офицалды сайты. 

  4. Медицина терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы қаласы. «Қазақстан» баспасы. 1982 жыл.

  5. «Вестник ЗОЖ» газеті. №3, Ақпан. 17 бет. «Азия-Информ» баспасы. 2007 жыл.

  6. GOOGLЕ ақпараттық іздестіру жүйесі. http:\\www.google.ru

  7. AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі. http:\\www.altavista.com

  8. «Денсаулық» энциклопедиясы Ш. Байкенова. Алматы қаласы. «Балалар әдебиеті» баспасы. 2007 жыл.

  9. http://ernur.kz/gadzhetter/zamanaui-gadzhetter-toptamasy-2000-turli-as-azirleitin-robot-paida-boldy#

  10. Леонтьев С. Использование мобильных телефонов в разных странах. http://www.cossa.ru/articles/152/37433/

  11. MoLeNETproject [Электронды  ресурс] URL: www.molenet.org.uk;

  12. eLearning Guild. Mobile Learning: What it is, why it matters, and how to incorporate it into your learning strategyURL: http://www.m-learning.org/knowledge-centre/whatismlearning;

  13. Traxler J. Current State of Mobile Learning //Mobile Learning: Transforming the Delivery of Education and Training. 2009 [Электрондық ресурс] URL: http://www.aupress.ca/index.php/books/120155;

  14. Логинова А. В. Использование технологии мобильного обучения в образовательном процессе // Молодой ученый. — 2015. — №8.





Психологтың айтуынша, баланың компьютерлік ойындарға бет бұруы дұрыс емес дүние. 

"Телефон мен гаджет, компьютер ойнайтын баланың көбіне психикасы бұзылады. Тіл дамуы нашарлайды. Денсаулығына да ықпал етеді. Көз көруі нашарлайды, тамақты ойнап отырып жейтіндіктен, семіздік пайда болады", - деді психолог Күлпаш Жүсіпова.

Виртуалды өмірдің бүлдіршіннің санасына кері әсер ететінін логопед те растайды. 

"Соңғы кезде Among Us деген қауіпті ойындар бар. Free Fire, Minecraft тағы бар. Шынымен бір кірсе, бала шыға аламайтын әдеті бар. Адамның тәуелділігін оятады. Үлкен адамның өзі тәуелді болып қалады. Баланың тәуелділігі тіпті тезірек болады. Сондықтан қандай ойын ойнайтынын қарауымыз керек", - деді логопед-дефектолог Майра

Түркістандық ана қазір балалар ашуланшақ болып кеткенін жеткізді

"Ешқандай телефонсыз мүмкіндік болмай қалды. Телефон бермесек, балалар ашуланады. Өзімізге қарсы шығады. Ойнамақой деп, ұрсуға тура келеді. Кей жағдайда қолдарынан тартып алуға тура келеді", - деді Түркістан облысы Саналы ауылының Шарапат Ақжолқызы.

Орынша Абдуллаева онлайн оқу басталғалы балаларының бас-басына телефон алып берген. Енді көңілі алаңдаулы. Өйткені ұлдары барған сайын тұйықталып, адаммен араласуы азайып, смартфон кесірінен сауатты сөйлеп, жаза алмайтын жағдайға жеткен.

"Балалардың сөздік қоры аз. Телефонмен көп отырады. Ешкіммен көп сөйлеспейді. Тіпті, өзімізбен де көп сөйлеспейді. Телефонға сабақ оқып жатырмын деп кіріп кетеді. Байқаймын қазіргі таңда достары көп емес. Бары оншақты досы бар", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Орынша Абдуллаева.

Психолог Күлмаш Елшібаеваның сөзінше гаджеттерді шектеп тию мәселенің шешімі емес. Сондықтан ата-ана бірден емес біртіндеп баласының назарын дұрыс дүниеге бұру керек деп санайды

"Жеткіншектер тәуелді болып кеткенін білсе, білікті, кәсіби мамандарға апарып, ол баламен жұмыс жасау керек. Егер одан да өтіп кететін болса, қазақ халқына төнген бір қасірет деп айтуға болады. Баланың қызығушылығына мән беру керек. Оның қызығушылығы мен қабілетіне байланысты ойындарды ұйымдастырып беруге тырысу қажет" , - деді психологиялық орталықтың жетекшісі Күлмаш Елшібаева

Тағы бір маманның айтуынша, балалардың смартфонда көп отыруына шектеу қойған дұрыс.

"Негізі 2-3 жастағы балаларға 1 сағатқа жетпей уақыт беруге болады. 2-3 жастағы балаға толық емес бір сағат. 5 жастағы балаға 1 жарым сағаттай отыруға болады. 5 тен 11 жастағы балалардың арасында 3 сағаттай отыруға негізі болады. Енді бұның бәрін ата-аналарға тағы да балалармен келісіп,  ереже, кесте жасауы керек" , - деді психолог Күлпаш Жүсіпова

"Жұмыстан келді ата-ана бірден телефоны қасында. Тамақ ішіп отыр. Бір қасықты аузына салып, телефонын қарайды. Оны көріп отқан балада соны жасайды. Сіз телефонға қарап отырып, балаға еш уақытта "қой" деп айта алмайсыз. Ол бала тыңдамайды. Бала суды сорып алатын мақта сияқты. Ата-анадан не көреді соны жасайды. Бала телефон, гаджетті көп ұстамас үшін ата-ана өзін өзі тыю керек", - деді психологиялық орталықтың жетекшісі Күлмаш Елшібаева.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok-та соңы өлімге әкелетін қауіпті челлендж тарағаны белігі болған еді. 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!