400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мобильді құрылғылардың бала психологиясына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мобильді құрылғының бала психологиясына кері әсерін тигізетіндігі, оның зияны туралы түсінік беретін мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мобильді құрылғылардың бала психологиясына әсері

Соңғы жылдары смартфондардың түрлері көбейді, соған қарай балалардың қызығушылықтары да артты. Ең алғаш смартфон 1973 жылы Нью-Иоркте шыққаннан бастап, қазіргі уақытта, яғни 50 жыл аралығында технологиялардың дамығанына байланысты жоғары деңгейге жетті. Бүгінде кез-келген баланың қолында мобильді құрылғының жүруі қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл мақтанарлық та, қуантарлық та жағдай емес. Себебі, смартфонның кері әсері балалардың дамуын тежейтінін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Қазіргі балалар рөлді ойындарға құмар емес. Компьютер мен ұялы телефон балаларымыздың 4-5 жастан бастап сенімді серігіне айналды. Түрлі ойындар мен құлақ құрышын қандырар музыканың бірнеше түрі жинақталған әмбебеп дүниелерді олар жастанып ұйықтайтын болды. Тіпті, шарананы да ұялы телефондағы әуезді әндермен әлдилеп, жастығының астына қоятын күнге жеттік. Нәрестеміз бір-екі жастан бастап-ақ ұялы телефон мен теледидар пультін өзі басып, меңгеріп алатын болды. Оларға қарап жақсы өсіп келеді, техникаға жетік деп мәз болуда.

Ал ғалымдар болса, ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ғалымдардың айтуынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаятын көрінеді. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді екен. Эпилепсия, ақ қан сияқты дерттің асқынуының да негізгі себепкері осы сымсыз телефон көрінеді.

Балалар ұялы телефон мен компьютердегі онлайн ойындарын әп-сәтте меңгеріп алады. Мұндай ойындардың жақсы жағы баламызға логикалық және стратегиялық ойлауды, адамдармен ортақ тіл табысуды үйретуі мүмкін. Ал кемшілігі, біріншіден, бала шынайы өмірді ұмытып, виртуалды өмірге бойы үйреніп, соған тәуелді болып қалады. Екіншіден, бұл ойында белгілі-бір жетістікке жетуің керек. Ол қолдан келмей жатса ашушаңдық пайда болып, баланың жүйке жүйесі дертіне шалдығуы ықтимал.

Қазіргі балалар зердесі ерте ашылған, телефон ойындарын ойнауды тез әрі жақсы игереді дейтін негізсіз көзқарастан аулақ болып, залалсыз ойыншықпен ойнатып, спортпен айналысуға шабыттандырып, сау денелі болып өсіп-жетілуін қадағалаған жөн.

Батыс Қазастан облысы әкімдігі білім басқармасы Казталов ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ педагог-психологы Галимова Гулжан Бақтиярқызы.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.12.2024
189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12