Мода қазақ тілі 9 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мода қазақ тілі 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Модо 1 нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-нұсқа.

І. Мәтінді мұқият оқы және сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ халқы өзіңің сан ғасырлық тарихында небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Кезінде жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қазақ жерін бағындыру және отарлауы барысында халқымыз орны толмас шығынға ұшырады. Кеңес заманындағы ұжымдастыру, индустрияландыру саясаты қазақ халқының екіден бірін жойды. Елдің аштықтан, репрессиялардан саны азайып кетті. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың басынан Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ жеріне орыстар қоныс аударды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және тың игеру жылдары Қазақстандағы халықтың құрамы күрт өзгерді, Қазақстан көп этносты мемлекетке айналды.Қазіргі күні жер бетінде 3000-дай этнос өкілдері өмір сүрсе, солардың 130-ға жуық өкілдері Қазақстанда мекен етеді. Олар да қазақ ұлты сияқты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда. Қазақстан Республикасының Ата заңында дініне, тіліне, шыққан ьегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Біздің отанымызда басқа ұлт өкілдеріне кемдік немесе артықшылық көрсетілмейді. Қазақ жерін мекендеген аз этнос өкілдеріне мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырады, жастарына жоғары оқу орындарына түсуге, ересектеріне жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер берілген. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этнос біреу, ол – қазақ этносы. Жер бетінде этнос көп, ал олардың ішінде мемлекет құрғаны тек 200-дей ғана. Әлем халықтарының арасында саны жағынан қазақтар 70-орынды иеленсе, ал өсу қарқыны жағынан жоғары орында.

  1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

А/ мемлекеттік тіл туралы

В/ мемлекеттік мерекелер туралы

С/ демография және қоршаған орта туралы

Д/ этникалық жағдаяттар туралы

Е/ бақытты өмір сүру туралы

  1. Қазақ халқы тарихында нелерді басынан кешкенін анықтаңыз. А/ қиын-қыстау кезеңдерді

В/ мұң-қайғы зардаптарын

С/ мәз-мейрам уақыттарын

Д/ ақылды шешімдерді

Е/ өзгермеі әлемді

  1. Жер бетінде қанша этнос өкілдері өмір сүретінін көрсетіңіз.

А/ 130-ға жуық

В/ 3000-дай

С/ 300-дей

Д/ 70- тей

Е/ 100-дей

  1. Ұлттардың тең екені қайда жазылғанын белгілеңіз.

А/ Мемлекеттік тіл туралы заңында

В/ Мемлекеттік мерекелер туралы заңында

С/ ҚР –сының Ата заңында

Д/ Білім беру және денсаулық сақтау туралы заңында

Е/ Еңбек кодексінде

  1. Ресейдің ішкі өлкелерінен орыстар қашан қоңыс аударғанын анықтаңыз.

А/ ХХ ғасырдың ортасында

В/ ХХ ғасырдың соңында

С/ ХІХ ғасырдың ортасында

Д/ ХІХ ғасырдың басында

Е/ ХХІ ғасырдың басында

  1. Елдің саны қай жағдайлардан азайып кеткенін табыңыз.

А/ дерттерден

В/ аштықтан

С/ өрттерден

Д/ урбанизациядан

Е/ қоршаған ортадан

  1. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этностың түрін белгілеңіз.

А/ қазақ этносы

В/ халық этносы

С/ көшпелі этосы

Д/ отарлау этносы

Е/ қоршаған этнос

  1. Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне кімдер күш салуда екенін көрсетіңіз.

А/ қоршаған орта

В/ қазақ балалары

С/ мектеп оқушылары

Д/ үлкен адамдар

Е/ этнос өкілдері

  1. Әлем халықтарының арасында қазақтар нешінші орында екенін көрсетіңіз.

А/ 130-шы

В/ 3000-шы

С/ 300-шы

Д/ 70- ші

Е/ 100-ші

  1. Қазақ жерін мекендеген этнос жастарынын мүмкіндіктерін көрсетіңіз.

А/ барлық ем түрлерін қабылдауға

В/ жоғары оқу орнына түсуге

С/ жұмыс таңдауға

Д/ демографияны өзгертуге

Е/ құжаттарды рәсімдеуге



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.02.2024
1222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі