Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Модель және модельдеу.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 6-сынып.
Тақырыбы: Модель және модельдеу.
Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құралдар.
Мақсаты: Жеке жұмыс істеу арқылы алгоритм ұғымы туралы бұрынғы алған білімдерін қайталайды; модель кезендерін, түрлерін және модельдеу, оның жіктелуімен танысады, модель түрлерін біліп, компьютерде модельдеуді біледі. Ой- өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, компьютерлік тіл мәдениетін дамытады.
Күтілетін нәтиже: модель, модельдеу дегеніміз не екенін, модельдеудің негізгі кезеңдерін, сипаттамасын, , модельдерге мысал келтіруді біледі. Нысан моделін анықтауды бірден білу дағдыларын дамытады. Топта және жеке белсенді жұмыс істейді ,ой – пікірін ашық жеткізеді, мәдениетті сөйлейді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Қолданылатын әдістер: топтық, жеке,«Түрлі-түсті фигуралар» шаттық шеңбер, «Шыгдық және жалған» әдісі, «Ой қозғау» әдісі, постер дайындау, 5 сұрақ» әдісі, «ақпараттық диктант», « негізгі бір сөз » рефлексиясы.
Керекті құрал-жабдықтар: Компьютер, ИКТ, постерге арналған қағаздар, маркерлер стикерлер, бағалау парақтары, флипчарт, презентация
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті Амандасу.Оқушыларды түрлі фигураларды таңдау арқылы жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу. Интерактивті тақтада шеңбер, зигзаг, тең бұрышты төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш фигуралары көрсетіледі. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне ұнаған бір фигураны көрсеткен соң нәтижесі келесі слайдтарда көрсетіледі. Шеңбер – Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам. Зигзаг – Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын-сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам. Тең бұрышты төртбұрыш – Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам. Үшбұрыш – Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз-өзіне сенімді адам. Тік төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі өзгеремелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам. Үй жұмысын: «Шындық па, жалған ба» әдісі бойынша 1. Алгоритмнің берілу формаларын: сөздік, графикалық, алгоритмдік, программалау тілі. 2. Блок-сызбаның элементтерін сипаттаңыздар. Соңы, енгізу, басы, шығару. 3. Алгоритм түрлерін атаңыздар. Графикалық, сызықтық, циклдік. 4. Алгоритм басы және соңы элилипспен (сопақша шеңбермен) белгіленеді. 5. Алгоритм іс-әрекеті бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалатын алгоритм түрі циклдік. 6. Іс –әрекет ромб фигурасында жазылады. |
Оқушы әрекеті Оқушыларды жасырын фигураларда жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу. Оқушылар интербелсенді тақтадағы фигуралардағы жауаптарды көреді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. 1.шындық 2. шындық. 3. жалған тармақталған, циклдік, сызықтық. 4. шындық 5. жалған сызықтық 6. жалған. тіктөртбұрыш |
Уақыт 4 мин |
Модуль ОмОЖТ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
А кезеңі Білу Түсіну |
|
Оқушылар видеоны көріп болған соң жауап береді, тақырыпқа шығып, мақсат қояды. |
2 мин |
АКТ СТО |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім мәтінмен әр оқушы жеке-жеке танысуға тапсырма береді.. |
Мәтінмен әр оқушы жеке-жеке танысып болған соң. оқушылар топпен бірлесіп жұмыс істейді. |
5 мин |
ОЖЕСОжО ОБжК |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
В кезеңі Қолдану Талдау |
Оқушылар ортаға шығып, ақпаратты постер арқылы қорғауды ұсынады.«5 сұрақ» әдісі бойынша. Бір –бірлеріне сұрақ қойғызады. 1-тапсырма:.«Модельдер сыры» Шарты: Берілген модельдерді материалдық және ақпараттық бағытқа топтаңыздар.
Материалдық модельдер 1,3, 2, 6, 7, 9,10 Ақпараттық модельдер 4, 5, 8, 11, 12 ,13 Мұғалім «Күн шарқырайды» сергіту сәтін өткізеді. 2-тапсырма: Модель құру. |
Постерге ақпаратты салады. (топтық жұмыс) Формативті бағалау (шапалақтау) Оқушылардан топпен шығып,постерді қорғайды. Оқушылар флипчартта көрсетілген «Модель сырларын» екі бағытқа бөледі. Оқушылар сергіту сәтін орындайды. Оқушылар өздері таңдаған кез-келген нысанның моделін құрады. |
8 мин 4 мин 2 мин 5 мин |
ОҮБжОБ АКТ,ТжДБО |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
С кезеңі Жинақтау Бағалау |
Ақпараттық диктант.
Рефлексия: Сөздің өзін пайдаланбастан бүгінгі сабақтың әрбір негізгі сөзін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: Бағалау парағы:
|
Оқушылар флипчартта түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу.
Әр бір негізгі сөзге оқушылар анықтама береді. |
4 мин 6 мин 3 мин |
ОмОЖТ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Модель және модельдеу оқу, мазмұны. Тақырыптқа байланысты тест құрастыру.
|
|
2 мин |
|
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп
Сынып: 6 а
Өткізген: Белгібай А.С