400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Модель жасаудың негізгі кезеңдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары мұғалімдер үшін. Модель туралы ,оның түрлері және оны жасаудың негізгі кезеңдері туралы ақпарат қамтылған. Сондай - ақ көрнекі материалдармен толықтырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

                                                                                                                                                                        

 Сабақ тақырыбы : Модель жасаудың негізгі кезеңдері.

Мектебі:

Күні : 15.02

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып : 8 а

Пәні: Информатика

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты

Модель және модельдеу кезеңдерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар компьютерде ақпараттық модельді зерттеуді үйреніп, модель жасаудың кезеңдері арқылы модель жасай алады.

Қолданылатын әдіс тәсілдер

Жеті модуль

Дерек көзі



Құрал жабдықтар

Алматы «Арман - ПВ» 2016 жыл, оқулық,

авторлары: Е.А.Вьюшкина, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Интернет ресурстары.

слайд, интерактивті тақта, таратпа материалдары, компьютерлер, Bilim Land сайты, әр түрлі заттардың модельдері

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру


Шатық шеңбері (теңіз толқыны).

Топқа бөлу (Оқушылар таратпа алып, сол арқылы үш топқа бөлініп отырады).


Шаттық шеңбе-рінде теңіз толқындарын жасайды

Қызығушылықты ояту

(Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа оқу материалын ұғынуға бағыт беру, білімді меңгеру дәрежесі)

 «Ойлан, тап»   үй тапсырмасын сұрау.

«Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі ............................................... деп аталады.
2. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты .................................. фигураға жазылады.
3. Шарт циклдік алгоритмнің .............................................. немесе соңында келуі мүмкін.
4. Алгоритм түрлері .................................................................

 

Үй тапсырмасы бойынша ақпараттық диктант орындайды

Сабақ мақсаттарын қою.

Мағынаны ашу

(материалды игеруде  оқушылардың өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруі, түсіну, қолдану).

 «Түсіну» жаңа сабақты түсіндіру. 

Алғашқы кезең – «Ой тастау»

Ребусты шешу арқылы бүгінгі тақырыпты табайық





- Бұл не деп ойлайсыңдар? 
- Күнделікті тұрмыста өздерің кездестіретін нысандарға мысалдар келтіріңдер? 
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз модель және модельдеу ұғымдарымен және модельдеу кезеңдерімен танысамыз. 

www.bilimland.kz ресурсы, Видеожинақ

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз. 
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. 
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. 
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін. 
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін. 
Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.

1. Есептің қойылуы мынадай қадамдардан тұрады: есептің берілгені, модельдеу мақсаты, нысанды талдау.

2. Есепті формальдау, яғни, формальды тілде жазылған модель.

Мысалы, диаграмма немесе кесте түрінде көрсетілген халықты есепке алудың нәтижелері – формальды модель болып табылады. Формальдау дегеніміз– ол нысанның маңызды қасиеттері мен көрсеткіштерін белгілеу.

3. Компьютерлік модель құру. Бұл кезең модельді құру және зерттеуге арналған модельдеу құралын таңдаудан басталады ( бағдарламалық ортаны таңдау ).

4. Компьютерлік эксперимент 2 сатыдан тұрады: модельді тестілеу және зерттеулер жүргізу.

Модельді тестілеу – модельдің дқрыс құрылуын тексеру ұдерісі.

Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. 
Күндіз бәрі қашады, 
Түнде аспанды басады. \жұлдыз\ 
Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз. 
2*1=2 --------2*6=12  2*2=4 --------2*7=14 

2*3=6 --------2*8=16  2*4=6 --------2*9=18

 











Оқулық бойынша топта мәтінмен жұмыс жасайды

Сергіту сәті

«Тілектер бұрқасыны» (Оқушыларға парақша беріледі. Бір-біріне тілек жазып, қар секілді домалақтап, лақтырады. Келесі оқушы алып оқиды)


Ой-толғаныс

(Жаңа тақырып бойынша білім алушылардың талқылауы, жинақтауы,

проблемаларды шешуі).

«Қолдану» Оқулықпен жұмыс жасаймыз

№1 топқа тапсырма. Модель, модельдеу  сөздеріне  түсінік  беру, модельдеу  мүмкіндіктері

№2 топқа тапсырма. Модель түрлері, мысалдар  келтіру.

№3 топқа тапсырма. Модельдеу  кезеңдері, мысалдар  келтіру.

Оқулықта берілген тақырыптарды оқып, өз білімдеріне анализ жасайды.

«Талдау»

(Жаңа сабақ бойынша шығармашылық жұмыс )



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1. Графикалық редактор құралдарының кқмегімен сынып бөлмесінің моделін құрыңдар.

2Shape1 . Гафикалық редакторда дайындамадан компазиция құрыңдар.

Shape4 Shape3 Shape2



3. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар. Оны мәтіндк редакторда рәсімдеңдер. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?


«Жинақтау»

(Сабақ бойынша сұрақтарға жауап алу)


І.Тақырып бойынша сұрақтарға жауап алу:

1.Модель дегеніміз не? (нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.)

2. Модельдеу дегеніміз не? (нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.)

3 . Модельдің жасалу жолдары .Қандай нысандардың моделін білесіңдер?

ІІ.Сәйкестендіру:








ІІІ. Өзіңді тексер тест жұмысы


Рефлексия


Болашаққа көзқарас. 
1. Бүгін сабақта біз нені үйрендік? 
2. Болашақта қолданамызба? 
3. Қажеті барма?


Қорытынды

Үйге тапсырма.   § 21 оқуға
«Бәйтерек» кешенінің графикалық моделін құру
«Модель және Модельдеу» реферат жазып келу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі