400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Модель түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән мұғалімі:Жақсылық Назерке Айтбайқызы

Сыныбы: 6 Күні: 12.12.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері

Сабақтың мақсаты: Модельдің түрлерін түсіндіріп ұғындыру, білімін кеңейту, мәнін ашу

Міндеттері:

  • Нысанды зерттеу сызбасын, модельдеуді жіктеуді, ақпараттық модель түсінігін, компьютерлік модельді білу;

  • Модельдерді жіктеуді, модельдерді орындауды, анықталған кезеңдерге сәйкес міндеттерді рәсімдеуді.


Ресурстар: Постер, қағаз, фломастер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топқа бөлу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, миға шабуыл, жеке жұмыс, бағалау

Пән аралық байланыс: Математика,бейнелеу 

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;

Оқушыларды фигураларды таңдату арқылы 3 топқа бөлу.

Таңдаған фигуралары бойынша мінездемелерін оқу.

Шеңбер – Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.

Үшбұрыш – Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз-өзіне сенімді адам.

Тік төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі өзгерелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1/ Үйден макттер дайындап әкелу /үй макеті, машина макеті және т.б/ 5 ұпаймен бағаланады

2/Шыңға шығу!» ойыны.
Оқушыларға шыңға шығу барысында сұрақтарға жауап беру арқылы 1ұпайдан жинайды

Модель дегеніміз не? /Модель - нақты нысанды, құбылысты н/е үдерісті қарапайым етіп түсіндіру/

Модельдеу дегеніміз не? /Модельдеу- нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру/

Модельдеудің негізгі кезеңдері қандай? /4 кезеңнен тұрады/

Модельдеу қандай үдеріске жатады? /Шығармашылық үдеріс/

Модельдеу ІІ кезеңінде андай модельдер құруға болады? / ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель/


ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар жаңа тақырыппен танысып, постер қорғайды / топпен жұмыс/



ІY. Компьютермен жұмыс

Жеке, топтық жұмыстары ұйымдастырылады. /5ұпаймен бағаланады/

Практикалық жұмыс / 5 ұпаймен бағаланады/

1 топ: Шырпыдан ақ қағаздан кез-келген       модель шығару

2 топ: Paint программасында паровоз моделін салу

3 топ: «Қазақ ертегілері» кітабының ақпараттық моделін құрастыру

Оқушылар әр топ бойынша берілген тапсырмаларын орындайды

1-топ материалдық модель жасау

2- топ компьютерлік тәжірибе

3-топ ақпараттық модель жазу


Сергіту сәті

V Сәйкестендір /Оқушыларға жеке сәйкестендіру тапсырма беріледі/




VI Тест тапсырмасы /1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады/

Модельді тек ... құруға болады.

A) нақты бар нысанға

B) ойластырып алған нысанға

C) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа

D) табиғи құбылыстарға

2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:

A) модельді құру, компьютерлік тәжірибе

B) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау

C) есептің қойылуы, модельді құру

D) модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау

3. Ақпараттық модель:

A) компьютердің көмегімен жүзеге асады

B) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді.

C)нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар

D)тек статистикалық модель болуы мүмкін

4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:

A)компьютерлік және компьютерлік емес

B)статистикалық және динамикалық

C) тәжірибелік және имитациялық

D) сөздік модельдеу

Тест кілті: 1 C 2В 3В 4В

VII Үйге тапсырма 14 тақырып, мәнжазба дайындап келу модельдің түрлеріне

VIII Оқушыларды бағалау /Бағалау парағы бойынша/




№

МОДЕЛЬ

ОБЪЕКТ

Модельдеу

мақсаты

Берілу

тәсілі

Модель

түрі

1

Тік төртбұрыштың ауданын есептеу: ені мен ұзындығын көбейту

Масштабы бойынша үлкейту, көрнекілік

формула

Имита-

циялық

2

Глобус

Атомның ядросы мен электрондары

Қысқаша жазбасы

макет

таңбалық

3

Адамның секіру кезіндегі қозғалысы

Компьютерлік ойындар

сурет

ойша

4

Атом

Жер ғаламшары

Геогафияны оқытудағы демонстрация

Бейне-

ролик

Материал- дық


























Жауабы:

МОДЕЛЬ

ОБЪЕКТ

Қасиеті

Модельдеу

мақсаты

Берілу

тәсілі

Модель

түрі

Тік төртбұрыштың ауданын есептеу: ені мен ұзындығын көбейту

Фигуралар-дың ауданын есептеу

Қысқаша жазбасы

формула

таңбалық

Атом

Атомның ядросы мен электрондары

Құрастыру принципі

Масштабы бойынша үлкейту, көрнекілік

сурет

ойша

Адамның секіру кезіндегі қозғалысы

Дененің қозғалыс кезіндегі жағдайы

Компьютер –

лік ойындар

Бейне-

ролик

Имита-

циялық

Глобус

Жер ғаламшары

Объектілердің пішіні мен орналасуы

Геогафияны оқытудағы демонстрация

макет

Материал-дық














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі