400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Оқушыларға модельдеудің негізгі кезеңдері бойынша модель құруға үйрету; Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Модельдеуге тәжірибелік жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға модельдеудің негізгі кезеңдері бойынша модель құруға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, таратпа материалдар, плакаттар.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ, сыныбымызда қонақтар бар. Сондықтан бүгін сендер өз білімдеріңді тек қана жақсы жағынан көрсетуге тырысыңдар. Сабғымыздыің тиімді, қызықты өтуіне ат салысып отырыңдар

I. Ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушыларды дербес қомпьютердің құрылғылары бойынша 3 топқа бөлу.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын,өту ерекшелік терін хабарлап, сабаққа кірісу.

.

II. Үй жұмысын тексеру.

«Шыңға шығу!» ойыны.

Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін олар сол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс.

І.«Монитор» тобына:
1. Модель дегеніміз не?

2.Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.

3.Информатикада моделдеудің қандай түрі қарастырылады?

4. Ұсыну тәсілі бойынша модель қандай түрге бөлінеді?

ІІ. «Процессор» тобына:

  1. Модель қолдану аймағы бойынша қандай түрге бөлінеді?

  2. Бір нысан үшін қанша модель құрылады?

  3. Компьютерлік модель деген не?

  4. Модельді құрастырудың себептері қандай?

ІІІ. «Перне тақта» тобына:

  1. Модельдің жіктелуі?

  2. Ақпараттық модель деген не?

  3. Модельдеу деген не?

  4. Уақыт факторы бойынша модель қандай түрге бөлінеді?

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Модельдеу кезеңдері

Shape1











Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу – шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Модельдеу кезеңдері

Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Қоршаған ортаны танып білу;

  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  • Әсердің нысанға тигізер салдары;

  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

Нысанды модельдеу барысында талданатын нысанды нақты көрсету қажет.

Модель құру барысында тек маңызды сипаттамаларын ескеру қажет. Зерттеу нысаны ретінде мектеп оқушылары болса, онда дәрігермен және сынып жетекшінің қызықтыратын мақсаттары әртүрлі болады. Дәрігер үшін оқушылардың бойы, салмағы, бір жері ауырып тұр ма, жоқ па, сол маңызды. Ал сынып жетекшісін оқушының отбасы құрамы, қоғамдық жұмысқа қарым-қатынасы, оқып жатқан пән бойынша орташа балы, үлгерімі қызықтырады. Осы берілген мәліметтерді сандық, мәтіндік немесе басқа формада беруге болады.

Компьютерде модель құруға мысал келтірейік:

Paint программасын іске қосамыз. Геометриялық фигуралардың көмегімен қалаған медельді саламыз, содан кейін инструменттердің ішінен Заливка батырмасы арқылы, модельге қалаған түстерді береміз.


IV. Бекіту кезеңі.

Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтап, астындағы бос орынды толтыру.


1

Нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

А

бұл да нәтиже

2

Нақты нысанды , құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

В

Модельдеу

3

Анықталған қате

С

Есептің қойылуы, модель құру, Компьютерлік моделдеу, нәтижені талқылау;

4

Модельдеудің негізгі кезеңдері

Д

Модель

5

Ақпараттық модель

Е

Қолдану аймағы , Уақыт Факторы, Көрсету (ұсыну) тәсілі

6

Модельдің жіктелуі

F

Компьютерлік модель

7

Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:

G

нысанды ақпараттық кодтау тіліндегі баяндалуы

8

Программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдер

H

стастикалық және динамикалық


V. Сергіту сәті.

Оқушылардың компьютердегі тәжірибелік жұмыстары .

3 топқа жеке – жеке тапсырмалар беріледі.

Тапсырма 1. Информатика кабинетінің моделі.

  1. Мұқият информатика кабинетін қарастырып шығамыз. Информатика кабинетінің жоспарын құрамыз.

2. Жоспарға сәйкес көлемін аламыз, мысалы 1:100. Онда 1 см - 1 м жоспарға сәйкес келеді.

3. Тіктөртбұрыштан бастаймыз.

4. Есік, терезелерді әртүрлі сызықтармен, әртүрлі түстермен сызамыз.

5. Информатика кабинетіндегі жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек:үстел,орындық және компьютер.

6. Мұғалімнің жұмыс орнын, интерактивті тақта және т.б.














Модель құру барысында (автофигураларды және сызықтарды), Копирование, Переместить, Повернуть, Отразить, Вставить командаларын қолдануға болады.

Жұмысыңызды  кабинет файлымен сақтаңыз.

Тапсырма 2. Информатика кабинетіндегі жұмыс орнының моделінің жоспары

1. Информатика кабинетіндегі жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек: үстел және компьютер. Мысалы осындай болу керек: 

2. Мұғалімнің жұмыс орнын Жұмыс орны деп сақтаймыз.


Тапсырма 3.Жүк машинасын құрастыр.

1.Мысал бойынша жүк машина суретін сал

(кетіргіш құралын пайдалан).

2.Қандай құралдардың көмегімен сіздер жүгіңдіңіздер.

3.Қандай элементтерді пайдаланыныздар.

«Cұт өнімдері» деген сөзді енгізіңіз.

4.Жүк машина деп сақтаңыз.


VI. Тест жұмысы
1. Модельді тек..... құруға болады
A) нақты бір нысанға
B) ойластырып алынған нысанға
C) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа
D) табиғи құбылыстарға
2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:
A) модельді құру, компьютерлік тәжірибе
B) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау
C) есептің қойылуы, модельді құру
D) модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау
3. Ақпараттық модель:
A) компьютердің көмегімен жүзеге асады.
B) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді.
C) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
D) тек статистикалық модель
4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:
A) компьютерлік және компьютерлік емес
B) стастикалық және динамикалық
C) тәжірибелік және имитациялы
D) сөздік модельдеу

VІІ. Қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма.

ІX. Бағалау.

Тапсырма . Астана қаласындағы «Бәйтерек» және «Ханшатыр» сауда орталығының моделін салып келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі