400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МОДЕМДЕР МЕН ФАКС МОДЕМДЕР. СИГНАЛДАРДЫҢ МОДЕЛДЕНУ ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға модем және факс модемдер туралы мағлұматтар бере отырып, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру. Тапсырмалар беру арқылы білімдегі жетістіктерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

«Болашақ» колледжі











АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: «МОДЕМДЕР МЕН ФАКС МОДЕМДЕР.

СИГНАЛДАРДЫҢ МОДЕЛДЕНУ ТӘСІЛДЕРІ»

















«Жалпы білімдік пәндер» кафедрасының

отырысында қаралған №___ «____»_______ 201__ж

________________ Абдирахманова З.Б.















Шымкент


Пәні: ДЭЕМ және желілердің аппараттық құралдарының кешені

Күні: 10.11.2016

Оқытушы: Халмурзаева Бегайым Мухтаровна

Тобы: ЕТ-1-13

Сабақтың тақырыбы: Модемдер мен факс модемдер. Сигналдардың моделдену тәсілдері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға модем және факс модемдер туралы мағлұматтар бере отырып, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру. Тапсырмалар беру арқылы білімдегі жетістіктерін қалыптастыру.


Тәрбиелік:Білім алушылардың оқуға белсенділігін, оқитын пәніне қызығушылығын тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың танымдық қабілетін, жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуді дамыту.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ (Тәжірибелік)

Оқытудың әдісі: техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі

ОТҚ: интерактивті тақтадербес компьютер, модем

Әдістемелік қамтамасыз етілуі: басылым материалдары, слайдтар, кеспелер, бағалау топтамалары.


Пәнаралық байланыс:

1. Инфарматика (енгізу және шығару құрылғылары, интернет желісі)

2. Физика(жылдамдық)

3. Тарих (модемнің тарихы)


Қолданылатын әдебиеттер:

О.Камардинов «Информатика», Шымеент, 2000ж,

«ДЭЕМ және желілердің аппараттық құралдарының кешені» - әдістемелік құрал, А.М. Джумагалиева, А.Ж. Нургазинова, «Информатика»










Сабақтың құрылымы мен мазмұны


I. Ұйымдастыру кезеңі: (2-3минут)

1.Сәлемдесу, білім алушыларды түгелдеу, білім алушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.

2. Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау.


II. Білім алушылардың білімін бағалау. (25-30 минут)

Түймедақ әдісі арқылы білім алушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. Түймедақ гүлінің жапрақшаларын әрбір білім алушы біреуден алады. Барлық жапрақшада тапсырмалар берілген.

Жапырақшадағы тапсырмалар:

1,2 жапырақшадағы тапсырма:

№1 жүйелік блокты жинау

Жүйелік блокқа – аналық тақша, винчестер, куллер, қоректендіру блогі, диск жетегі, шиналар орнатылсын.


3,4 жапырақшадағы тапсырма:

№2 жүйелік блокты жинау

Жүйелік блокқа – аналық тақша, винчестер, куллер, қоректендіру блогі, диск жетегі, шиналар орнатылсын.


5,6 жапырақшадағы тапсырма:

№3 жүйелік блокты жинау

Жүйелік блокқа – аналық тақша, винчестер, куллер, қоректендіру блогі, диск жетегі, шиналар орнатылсын.


7 жапырақшадағы тапсырма:

Компьютердің құрылғыларын жалға,

және оны іске қос.

Компьютер құрылғылары: монитор, жүйелік блок, пернетақта, тінтуір, принтер,

құлаққап, Flesh жинақтауыш.


8,9,10,,11 жапырақшадағы тапсырма:


Берілген кестені толтыру


Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

Енгізу және шығару қурылғылары




12 жапырақшадағы тапсырма:

Бақыт жапырақшасы “5”








13, 14, 15, 16 жапырақшадағы тапсырма:


Берілген құрылғылардың атын жаз


17, 18, 19, 20 жапырақшадағы тапсырма:


Тест тапсырмасын орында


1. Ақпаратты енгізудің құрыл-ғысы болып табылады

А)Монитор

В) Видиопроектор

С)Пернелік тақта

Д) Принтер

3.компьютердің  көмегімен графиканы сызатын, сурет салатын немесе  диаграмма құратын құрылғы.

А) Монитор В)Плоттер

С) Планшет Д) Принтер


5. Жуйелік блокта не орналасқан?

А)принтер, плоттер, сканер

В) аналық тақша, винчестер, қоректендіру блогі, диск жетегі, шиналар

С) Процессор, порттар

Д) В және Д дұрыс


6. 1байт қанша битке тең

А) 255 В)16 С)8 Д)32


2.Ақпаратты баспаға басып шығаратын құрылғы

А)Принтер В)Сканер

С) Монитор Д)Планшет

4.Килобайт неге тең?

А) 1024байт В)1024 бит

С)1 Мбайт Д)8 битке




III. Жаңа сабақ (20-25 минут)

Жаңа тақырыпты хабарлау және оның жоспарымен таныстыру.


Сабақтың тақырыбы: Модем мен факс модемдер.

Сигналдардың моделдену тәсілдері.

Жоспар

  • Модем және оның түрлері.

  • Модем құрылғысының қолданылуы.

  • Факс модем

  • Сигналдардың моделдену тәсілдері.

  • Модем құрылғысының даму тарихы



  • Модем және оның түрлері.

Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем қажет.Модем –бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.



Модем атқаратын қызметіне қарай екі турге бөлінеді: Ішкі модемдер,cыртқы модемдер

Ішкі модемдер: Компьютердің жуйелік блогына біріктірілген болады

Сыртқы модемдер: Бір коммуникациялық порт арқылы қосылады немесе корпустан турады

Модемнің атқаратын қызметі: Модемдер сандық сигналдарды –аналогтық сигналдарға және керісінше аналогтық сигналдарды сандық сигналдарға алмастыру қызметін атқарады.





Модем құрылғысының қолданылуы

Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылады.

Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару қурылғысы ролін атқарады.Компьютерге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді.







Факс модем

Қазіргі кезде модемдер арқылы факстық хабарларды жіберуге жіне қабылдауға болады. Мұндай құрылғылар факс модем-дер деп аталады

Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді.

Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс.


Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internetке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.

Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады


Сигналдардың моделдену тәсілдері

Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялык жолмен турленіп телефон желісіне бағытталады.

Компьютер дискретті электр сигналдарын жібереді, ал телефон сымдарымен ақпарат аналықтық түрде беріледі.


Модем құрылғысының даму тарихы

AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE бір бөлігі болды. Ол әр-түрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталық-тарымен байланыстарды. SAGE бөлінген байланыс желілерін пайдаланды, бірақ осы желілердің әр соңында болған құрылғылар қазіргі заманауи мо-демдер секілді болды.

Дербес компьютерлер үшін алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясының құрылғысы болды, ол 1979 жылы Apple II дербес компьютері үшін Micromodem II өнімін шығарды. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internetке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.




IV. Жаңа сабақты бекіту (10-15минут)

«Ыстық картошка» технологиясы арқылы білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру. Қойылған сұрақты естіп болған соң кортошка білім алушыларда қолма-қол узатылады. Білім алушылар «тоқта»- деген сөзді есіткен соң, картошка қолма-қол узатылмайды. Кімнің қолында картошка қалып кетсе сол білім алушы сұраққа жауап береді.


Қойылатын сұрақтар

1. Модем деп қандай құрылғыға айтамыз?

2. Модемнің қандай қызметі атқарады?

3. Модемдерді неше турге бөлуге болады?

4. Ішкі модемдер қай құрылғыға қондырылады?

5. Сыртқы модем деп қандай құрылғыға айтылады және қай жерге жалғанады?

6. Модем құрылғысы шығару құрылғысыма, әлде енгізу құрылғысыма?

7. Факс модемдер деп қандай құрылғыға айтылады?

8. Сигналдардың моделдену тәсілдері?

9. Модем құрылғысының даму тарихы?

10. Модем құрылғысымен факс модем құрылғысының айырмашылығы неде?


V. Сабақты қорытындылау (5 минут)

Қазіргі таңда модемнің жаңа түрлері жыл сайын пайда болып қолданысқа шығуда. Модем және факс модем құрылғысыжайлы аз болсада білімге ие болдыңдар, осы білімдеріңді тағыда ары қарай тереңдетіп, өмірде қолдана аласыңдар деп ойлаймын.


VI. Оқушыларды бағалау (3-5минут)

Білім алушылар сабақтың басынан соңына дейін әрбір дұрыс жауап бергеніб және «Түймедақ», «Ыстық картошка», ойындарында жиналған топтамалардың түстеріне қарай білім алушылардың білімі бағаланады.


VII. Үйге тапсырма беру (3-5 минут)

Д. Ғабдуллаев «Есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

Оқулық «Фолиант» баспасы, Астана- 2010 132-133бет















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі