Тақырып бойынша 11 материал табылды

Модо 2026

Материал туралы қысқаша түсінік
Модоға арналған дайындық тесті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық сауаттылық МОДО (30.04-12.05)


  1. Оқушылар 6 күн бойы ауа температурасын тіркеді. 15,18,21,20,16,20. Орташа мән 18,30 стандартты ауытқу 2,20 Шамамен 68% температура мәндері қай аралықта болады?

А)16,1 20,5 В) 15,8 20,7 С) 17,0 19,6 Д) 15,5 21,0

  1. Бақташы жас ағаштың өсуі белгілі бір заңдылыққа бағынатынын есептеп шығады.Ағаштың отырғызылғаннан кейінгі бірнеше айдағы биіктігі мына формуламен өрнектеледі. h(t) = 120 +15t мұндағы h(t) -ағаштың биіктігі (сантиметрмен), t-отырғызғаннан кейінгі ай саны. 6 айдан кейін ағаштың биіктігі қандай болады? А)180м В) 210м С)200м Д) 240м

  2. Әмір сирек кездесетін жәдігерді алуға тырысатын онлайн ойын ойнайды.

  • Жаңартуға дейін олжәдігердің түсуі үшін қанша құбыжықты жеңу керектігін жазып отырған. Жаңартуға дейінгі деректер: 155,140,162,158,165. Жәдігердің түсу мүмкіндігін арттыруы тиіс жаңарту шыққаннан кейін, ол жаңа деректер жинады.

  • Жаңартудан кейінгі деректер: 120,150,135,115,145.Жаңартудан кейін жәдігерді алу үшін жеңуге қажетті құбыжықтардың саны орташа есеппен қаншаға азайды?

А)18,2 құбыжыққа В) 23 құбыжыққа С) 25 құбыжыққа Д) 26,8 құбыжыққа

  1. Дүкенде апта бойы сатылған кітаптар саны тіркелді.

Апта күндері

дс

сс

ср

бс

жм

сн

жс

Сатылым саны

12

18

15

20

25

30

10

Аптаның қай күнінде орташа сатылым мәнінен ең көп ауытқиды?

А) дс В) жм С) сн Д) жс

  1. Қаңтар айында зауыт 500 бөлшек шығарды. Ақпанда оңтайландыруға байланысты өндіріс 50бөлшекке артты. Одан кейін әр ай сайын өнім көлемі алдыңғы айдағыдан 10%-ға артып отырды. Сәуір айында қанша бөлшек шығарылды? (Жауабын бүтін санға дейін дөңгелектеңіз)

А)665 В)666 С)605 Д)600

  1. Ұлттық паркте ақ аюлардың саны жыл сайын 10%-ға көбейеді. Бірінші жылы олардың саны 300 болды. 2 жылдан кейін ұлттық паркте қанша аю болады?

А)330 В) 360 С)363 Д)390

  1. А мир суретте көрсетілгендей шексіз квадраттар сыза бастады. Әрбір келесі квадрат қабырғасының ұзындығы алдыңғы квадрат қабырғасының ұзындығының жартысына тең. Кейін Амир шексіз квадраттардың аудандарын қосып, 64/3 см2 тең нәтиже алды. Өлшек бойынша екніші үлкен квадраттың ауданын табыңыз.

А)2см2 В)4см2 С)8см2 Д)12см2

  1. Құрылысшылар қабырғасы 40см болатын квадрат плиталарды төседі. Зауыт осындай плиталарды шығаруды бастады, бірақ қабырғасының ұзындығы 25% қысқарды. Бір плитаның ауданы қалай өзгерді?

А) 25% азаяды В) 50% азаяды С)43,75% азаяды Д)56,25% азаяды

  1. Бағдарламада үш нөмер бар. Екінші орынға би бекітілген. Қалған 6 нөмерден 1-ші және 3-ші орындарға 2нөмерді таңдау керек және таңдалған нөмерлердің реті маңызды.Қалған 6 нөмерден 1-ші және 3-ші орындарға 2 нөмерді қанша түрлі тәсілмен орналастыруға болады?

А)15 В) 24 С)30 Д)36

  1. Фитнес клубта ай сайын тіркелген клиенттер саны 5%-ға артады. Клиенттердің бастапқы саны 16 адам. Берілген F(t) функцияларының қайсысы фитнес клубтағы ай өткендегі клиенттер санын анықтауға көмектеседі?

А)F(t) = 16*(t+0.05)t B) F(t) = 16 +0.05t C) F(t) = 16*(t - 0.05)t D) F(t) = 16 *1.05t

  1. Тұраққа арналған үшбұрышты жер телімінің екі қабырғасының ұзындығы 20м және 28м. халық кіруге ыңғайлы болу үшін осы қабырғалар арасындағы бұрыштан биссектриса болып табылатын бөлгіш сызық жүргізілген. Бір сызық жалпы ұзындығы 36м болатын үшінші қабырғаға келіп тіреледі. Бөгіш сызықтың үшінші қабырғасы қандай кесінділерге бөлгенін табыңыз.

А) 12м 24м В) 15м, 21м С)16м, 20м Д)10м, 26м

  1. Сыныпта 30 оқушы бар, оның 12-сі көзілдірік тағып жүр. Келесі аптада сыныпқа тағы 10 оқушы қосылды. Олардың Екеуі көзілдірік тағып жүр. Жаңа құрамдағы сыныптан кездейсоқ таңдалған оқышының көзілдірік тағу ықтималдығы ( салыстырмалы ) қанша?

А)0,3 В) 0,35 С)0,4 Д)0,53

  1. Ұшақ О(7; 3) нүктесінен әуеге көтерілді. Ұшақ А(-1; 3) нүктесіне жеткенде В(1;-3) нүктесіне ұшуға бұйрық алды. Ұшақ бастапқы бағытынан неше градусқа ауытқыды?

А) 300 В) 450 С)600 Д)900

  1. Дүкенде шырын литріне 250 тенге, ал торт 400 тенге тұрады. Отбасы 2 торт және бірнеше литр шырын сатып алды. Егер отбасының қолында 2250 тенге болса, олар қанша литр шырын ала алады?

А) 4 В) 5 С) 6 Д)7

  1. Жалпы алаңы 2,35м ұзындықта 1,8м ені бар. Жылдам есептеу үшін оқушылар қлшемдерді 2м және 2 деп дөңгелектеген. Осындай жуықтаудың қателігі қанша?

А) шамамен 0,13м2 В) шамамен 0,23м2 С) шамамен 0,28м2 Д) шамамен 1,3м2

  1. Фермер суретте көрсетілген жер теліміне қаздарға арнап қора салғысы келеді. Әр қаздың еркін жайылымы үшін 6м2 қажет. Бұл қораға қанша қаз сияды?

А)11 В) 12 С)13 Д)14

  1. Велосипедші А қаласынан В қаласына дейін 90км жол жүрді. Қайтар жолда ол жылдамдығын 3км/сағ азайтты, сондықтан кері жолға 1 сағат артық уақыт жұмсады. Велосипедшінің бастапқы жылдамдығын табыңыз.

А)15км/сағ В) 18км/сағ С)20 км/сағ Д)21 км/сағ

  1. Анна 3 бірдей дәптерді әрқайсысы150 тенгеден сатып алды. Ол былай дейді: “Мен 3*150тенге жұмсадым. Мұндағы * белгісі нені білдіреді?

А)көбейту В)қосу С)бөлу Д)алу

  1. Бөлшектің массасы 3,2*10-18 тең. Осындай 5*106 бөлшектің массасы қанша болады?

А) 1,6*10 В) 6,4*10 С)1,6*10 Д)6,4*10

  1. Тапсырыстарды жеткізу кезінде курьер жіберген заттардың массаларын кестеге жазып алды.

Жіберілген заттың атауы

Массасы, кг

миксер

36/5

Кофе қайнатқыш

52

шаңсорғыш

2п

Тігін машинасы

7,3

Сәлемдемелердің атауларын өсу ретімен орналастырыңыз.

А)шаңсорғыш, миксер, кофе қайнатқыш, тігін машинасы

В)шаңсорғыш, кофе қайнатқыш, миксер, тігін машинасы

С)кофе қайнатқыш,шаңсорғыш, миксер, тігін машинасы

Д)шаңсорғыш, миксер, тігін машинасы, кофе қайнатқыш,

21. Жерден Сатурнға дейінгі қашықтық км, ал Жерден Юпитерге дейінгі қашықтық км. Сатурн Жерден Юпитерге қарағанда қанша километрге алыс орналасқан?

А) км В) С) Д)

22. Көпірдің биіктігі 3 метр. Кестеде әртүрлі көліктердің биіктіктері берілген. Көпірдің астынан көліктің қай түрі өте алатынын анықтаңыз.

Көліктің түрі

Биіктігі, м

Жүк көлігі

Автобус

Трактор

Өрт сөндіруші машина


А) Жүк көлігі В) Автобус С)Трактор Д) Өрт сөндіруші


23. Учаскеде тең бүйірлі үшбұрыш түрінде қоршау салу жоспарланған. Үшбұрыштың екі қабырғасы тең және әрқайсысы 50 м-ге тең. Қоршаудың үшінші қабырғасының ұзындығы қандай болуы мүмкін?

А) 100 В) 95 С)105 Д) 110

24. Бір жұмысшы 120 бөлшекті екінші жұмысшыдан 2 сағатқа тезірек өңдейді, себебі ол сағатына 2 бөлшекке артық жасайды. Бірінші жұмысшы сағатына қанша бөлшек жасайды?

А) 10 В) 12 С)14 Д) 15

25. Дамираның гүлзарында биіктігі 40 мм гүл өсті. Бақылаудан кейін оның орташа есеппен тәулігіне 0,4 мм-ге өсетіндігі анықталды. Гүлдің биіктігінің $h$ (мм) уақытқа $t$ (тәулік) тәуелділігін сипаттайтын формулалардың қайсысы дұрыс?


26. Алия банкке 100 000 тг салды, жылдық сыйақы мөлшері 8%, сыйақы жыл сайын есептеледі. 2 жылдан кейін салым мөлшері қанша болады?

A) 116 000 тг B) 116 640 тг C) 108 000 тг D) 120 000 тг


27. Дизайнер MNK үшбұрышы пішініндегі ас үй үстелшесін жобалауда. Раковинаны орнату үшін М бұрышынан биссектриса болып табылатын MP кесіндісі жүргізілген. MN жиегінің ұзындығы 60 см. Бұл кесінді қарама-қарсы NK жиегін NP = 30 см және PK = 40 см болатын кесінділерге бөледі. MK жиегінің ұзындығын табыңыз.

A) 70 см B) 80 см C) 90 см D) 100 см

28. Қорап қабырғасы 30 см болатын куб пішінді. Өндіруші қабырғаның ұзындығын 10% қысқартып шығарды. Қораптың көлемі қанша пайызға азайды?

A) 10% B) 30% C) 27,1% D) 19,8%

29. Қалалық конференция үшін 5 спикерден тұратын панель құрылады. Барлығы 12 кандидат бар:

  • STEM клубынан – 7;

  • басқа клубтардан – 5.

Ұйымдастыру комитетінің талабы: панельде кемінде 2 адам STEM клубынан болуы тиіс. Панельдегі адамдардың реті маңызды емес. Кемінде 2 адам STEM клубынан болу шартын есептегенде, 12 кандидат арасынан 5 спикерді таңдаудың неше түрлі тәсілі бар?


A) 792 B) 756 C) 540 D) 680

30. Екі құрылыс бригадасы жұмысты бір уақытта бастады. Бірінші бригада күніне 100 м жол төсейді және күнделікті төсеу көлемін 5 м-ге арттырып отырады. Екінші бригада күніне 90 м жол төсейді және күнделікті төсеу көлемін 10%-ға арттырып отырады. 5-ші жұмыс күні қай бригада көбірек жол төсейді?

A) Бірінші B) Екінші C) Екеуі тең D) Анықтау мүмкін емес

31.Детектив бірнеше тонау оқиғасын тергеп жатыр. Соңғы қылмыс орнынан ол келесі сандар қатары жазылған жазбаны тауып алды: 17, 8, 25, 15, 20, 11, ?. Ол қылмыскердің шифр ретінде өз сыбайластарының жасын қалдыратынын біледі, ал оның криминалист-сарапшысы бұл топтағы жас мөлшерінің медианасы әрқашан 16-ға тең екенін айтады. Егер сарапшының сөзі рас деп болжасақ, қатардағы соңғы сан қандай болған?

A) 14 B) 15 C) 16 D) 17

3 2. Күніне 90 минуттан көп әлеуметтік желіде өткізетін оқушылардың пайызы қанша?







A) 35.5% B) 37.5% C) 37% D) 33.2%




33. Жолдың ұзындығы 1,25 км. Петя 0,48 км жүгірді. Ол жолдың қанша пайызын жүріп өтті?


A) 35% B) 38,4% C) 40,2% D) 48%


34. Петя 60 000 теңге тұратын велосипедке ақша жинап жүр. Ол әр аптада бірдей сома жинақ депозитіне салады. 6 аптада ол 5 400 теңге жинады. Ол велосипедке ақша жинақтай бастағаннан кейін қанша аптадан соң сатып ала алады?

A) 60 апта B) 67 апта C) 70 апта D) 75 апта


35. Дүкенде бір күнде 60 торт сатылды, оның 15-і шоколадты болды. Келесі күні тағы 40 торт сатылып, олардың 10-ы шоколадты болды. Осы екі күнде сатылған шоколадты торттардың үлесі (салыстырмалы жиілігі) қанша?


A) 0,15 B) 0,20 C) 0,25 D) 0,30


36. . Себетте 100 алма бар, оның 34-і қызыл. Тексеруден кейін тағы 50 алма қосылды, олардың 17-сі қызыл. Жаңа таңдауда қызыл алмалардың салыстырмалы жиілігін (ықтималдығын) анықтаңыз.

A) 0,17 B) 0,34 C) 0,4 D) 0,51


37. Алмалар массасы (гр):150,160,140,145,155. Орташа мәні=150г, стандартты ауытқуы 7г. Шамамен 99,7% алмалар массасы қай аралықта түседі?

A) (127; 173) В) (128,8; 171,2) С) (130; 170) D) (129; 171)


38. Сәулетші арқаның биіктігін есепетеуге арналған өрнекті ықшамдап, нәтижесінде (х-3) м алды. Бастапқыда өрнек бөлшек түрінде болған, оның бөлімі ( +3х+9). Осы бөлшектің алымы қандай өррнек болған?

A) В) С) D)


39. Мария 250 тг нан және 400 тг сүт сатып алды. Ол былай жазды: 250+400=650. Мұндағы «+» белгісі не білдіреді?

A) қосу В) бөлу С) көбейту D) Бөлу


40. Айнұр сан түзуінде A, B, C, D нүктелерін өсу ретімен орналастырды. Бұл нүктелерге келесі сандар сәйкес келеді:

0,7; √5; 8/9; π−2 Дұрыс сәйкестендіруді табыңыз.

A) A–0,7; B–8/9; C–(π−2); D–√5
B) A–(π−2); B–0,7; C–8/9; D–√5
C) A–0,7; B–(
π−2); C–8/9; D–√5
D) A–8/9; B–0,7; C–(
π−2); D–√5


41. Дария YouTube-ке бейнені жүктеді. Бірінші күні бейнені 1000 адам қарады. Келесі әрбір күні бейнені қарағандар саны алдыңғы күнге қарағанда екі есе артты. Бірнеше күннен кейін бейнені қарағандардың жалпы саны 63 000-ға жетті.Бұл неше күннің ішінде болды?

A) 5 күнде B) 6 күнде C) 7 күнде D) 8 күнде


42. Барлығы 9 оқушыдан 3 қызметкер тағайындау қажет — лидер, көмекші және секретарь. Мади міндетті түрде таңдалуы керек, бірақ секретарь бола алмайды (тек лидер немесе көмекші болуы мүмкін).Осы шарттарды ескере отырып, 3 қызметкерді 9 оқушыдан неше тәсілмен таңдауға болады?

A) 84 B) 96 C) 112 D) 168


43. 1 нанометр 1×10−9 метрге тең.32,5 км-де қанша нанометр бар?

A) 3,25×1013 B) 3,25×1014 C) 3,25×1011 D) 3,25×10−5


44. Өндіруші өзінің жаңа смартфонына қалдырылған 50 пікірді талдады, онда сатып алушылар 1-ден 5-ке дейінгі жұлдызшамен баға қойған. Нәтижелер кестеге енгізілді. Осы деректер жиынтығы үшін қай баға медиана болып табылады?

Баға (жұлдызша)

1

2

3

4

5

Пікірлер саны

4

7

15

18

6

A) 3 B) 3,5 C) 4 D) 15


45. Оқушылар аптасына әртүрлі сағаттар бойы музыкамен айналысты. Мәліметтер кестеде көрсетілген:

Уақыт

Оқушы саны

0–2 сағат

7 оқушы

2–4 сағат

15 оқушы

4–6 сағат

10 оқушы

6–8 сағат

8 оқушы

Аптасына 4 сағаттан көп музыкамен айналысқан оқушылардың пайызы қанша?

A) 20% B) 45% C) 55% D) 82,5%


46. Бақша учаскесі квадрат пішінді, қабырғасы 50 м. Иесі учаскінің әр қабырғасын 30% қысқартты. Учаскенің ауданы қанша пайызға азайды?

A) 30% B) 49% C) 51% D) 70%


47. Жаңа әлеуметтік желінің қолданушылары әр ай сайын 10% көбейеді. Алғашқы айда 6000 қолданушы болды.Қанша айдан кейін қолданушылар саны 7000-ден асып кетеді?

A) 1 B) 2 C) 3 D) 4


48. Үйдің қасбетін безендіру үшін шебер үшбұрыш пішіндес терезе дайындады. Терезенің табаны 9 см, ал табанына түсірілген биіктігі 4 см. Терезе жасауға қажет әйнектің ауданын табыңыз.

A) 18 см² B) 36 см² C) 28 см² D) 24 см²


49. Бөлме тікбұрышты үшбұрыш пішінді. Оның катеттері 9 м және 12 м-ге тең. Тік бұрыштан гипотенузаны қақ бөлетін сандық арқалық шықты. Бұл арқалық биссектриса бола ма?

A) Иә, себебі бұл “Мысыр” үшбұрышы
B) Жоқ, бұл қасиет тек тең бүйірлі үшбұрыштар үшін ғана дұрыс
C) Иә, себебі ол гипотенузаны қақ бөледі
D) Транспортирсіз анықтау мүмкін емес


50. Екі принтер бірге жұмыс істеп, қолжазбаны 4 сағатта басып шығара алады. Егер бірінші принтер жалғыз жұмыс істесе, оған екіншісіне қарағанда 6 сағат артық уақыт қажет болар еді. Бірінші принтер барлық қолжазбаны неше сағатта басып шығара алады?

A) 6 сағатта B) 8 сағатта C) 10 сағатта D) 12 сағатта


51. Таксист Жандос сапар құнын есептейді. Бағасы 3 теңгеге тең тұрақты түсу құнынан және әрбір километр үшін қосымша төлемнен тұрады. Осы тәуелділіктің графигі yyy осін 3 нүктесінде өтетін түзу болады. Жол ақысын (теңге) қашықтыққа (xxx км) тәуелділігін сипаттайтын теңдеуді жазыңыз.

A) y=x+3 B) y=3x2−1 C) y=3x+1 D) y=x2+3


52. Оқушы 5 сағатта 60 есеп шығару керек. Әр келесі сағатта ол алдыңғыға қарағанда 2 есепке аз шығарды. Ол бірінші сағатта неше есеп шығарды?

A) 14 B) 15 C) 16 D) 18


53. Қапта 24 кәмпит бар. Егер оны 7 балаға тең бөліп берсе, әр бала бүтін сан кәмпит алса, қанша кәмпит қалады?

A) 3 B) 4 C) 5 D) 6


54. Мектеп медиа-орталығы қабырғаға 6 плакат іліп қоймақшы. Қоймада 9 дайын плакат бар, солардан қайсысын ілу керегін таңдайды, плакаттардың реті маңызды, қайталанулар жоқ. Егер қабырғаға ілу реті маңызды болса, 9 плакаттан 6 плакат таңдаудың неше тәсілі бар?


  1. 5040 B) 60480 C) 362880 D) 84

55. . Сыныпта 25 оқушы бар. Мұғалім былай дейді: «Егер әр оқушы 2 қалам әкелсе, барлығы 25х2 қалам болады». Мұнда қандай математикалық термин қолданылған?

A) Қосынды B) Көбейтінді C) Бөлінді D) Айырма


56. Салымшы 2000 ₸-ні жылдық 10%-бен салымға салды. 3 жылдан кейін оның шотында

қандай сома болады?

  1. 2300 ₸ B) 2600 ₸ C) 2662 ₸ D) 2420 ₸

57. Танымал блогер ірі брендпен келісімшарт жасағысы келеді. Бренд "аудиторияның

белсенділігі тұрақты болуын" талап етеді. Олардың ережесі бойынша, бұл соңғы

8 жазбадағы лайктардың өзгеріс ауқымы сол кезеңдегі лайктардың арифметикалық

ортасының 30%-ынан аспауы керек дегенді білдіреді. Соңғы 8 жазбадағы лайктар

саны: 5200, 4800, 5500, 8200, 5100, 4900, 5300, 5000. Брендтің шарты орындала ма?

  1. Иә, ауқым орта мәннің 20%-ын құрайды B) Жоқ, ауқым арифметикалық ортаның 30%-ынан көп C) Иә, шарт толық орындалды D) Жоқ, лайктар саны тым аз

58. Жүк көлігі бірінші күні кг, ал екінші күні кг құм тасыды. Екі күнде барлығы қанша құм тасылды?

59. Катер көлде 18 км және өзен ағысымен 21 км жүрді. Осы жолға кеткен жалпы уақыт оның өзен ағысына қарсы 30 км жүретін уақытына тең. Егер ағыс жылдамдығы 3 км/сағ болса, катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.

A) 15 км/сағ B) 18 км/сағ C) 20 км/сағ D) 21 км/сағ


60. Сейф екі таңбалы санмен ашылады. Бұл сан өз цифрларының қосындысынан 7 есе артық екені белгілі. Егер осы саннан 27-ні азайтса, нәтижесінде сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы кодты табыңыз.

A) 42 B) 84 C) 63 D) 36

61. Пробиркадағы бактерия саны әр 2 сағат сайын 20% көбейеді. Алғашында 500 бактерия болды. Бактерия саны қанша екі сағаттық интервалдан кейін 700-ден асады?

A) 1 интервалдан кейін B) 2 интервалдан кейін C) 3 интервалдан кейін D) 4 интервалдан кейін

62. Аквариумда қызыл және көк балықтар бар. Қызыл балықтар көк балықтардан 6-ға аз. Егер бір аптадан кейін көк балықтардың жартысын алып кетсе, онда қызыл балықтар қалған барлық балықтардың жартысын құрайды. Аквариумда барлығы қанша балық бар?


  1. 12 B) 15 C) 18 D) 24

63. Футбол алаңында жаттығу үшін ABC үшбұрышын құрайтын конустар қойылған. Бапкер BC сызығының бойына AD кесіндісі А бұрышының биссектрисасы болатындай етіп қосымша D конусын қояды. AB = 15 м және AC = 25 м қабырғалары берілген. D конусы BC кесіндісін қандай қатынаста бөлетінін табыңыз.

A) 3:4 B) 3:5 C) 5:8 D) 1:2


64. Сегіз оқушының бағалары: 5, 4, 3, 5, 4, 5, 3, 4. Орташа мәні = 4,1, стандартты ауытқу = 0,7. «3σ ережесіне» сәйкес, шамамен барлық бағаларды қамтитын интервал қандай?

A) (3,4; 4,8) B) (2,7; 5,5) C) (2,0; 6,2) D) (1,0; 7,0)

65. Фотография қабырғасы 20 см-ге тең квадрат пішінді. Фотографияның әр қабырғасы 40% қысқартылды. Фотографияның жаңа ауданы қанша болады?

A) 144 см² B) 100 см² C) 240 см² D) 160 см²

66. Эксперимент жүргізу кезінде кубик 50 рет лақтырғанда 6 саны 8 рет шықты. Кейін тағы 50 рет лақтырғанда 6 саны 13 рет шықты. Барлығы 100 лақтыруда 6 санының шығу салыстырмалы жиілігін (ықтималдығын) анықтаңыз.

A) 0,08 B) 0,13 C) 0,21 D) 0,42


67. Спортшы бастапқыда 10 км жүгірді. Әр ай сайын жаттығу кезінде жолдың ұзындығы 10% ұлғайтады. 2 айдан кейінгі оның жүгіру қашықтығы қанша болады?

A) 16 B) 13 C)12 D) 14


68. Автобус 100 км-ге 8 литр бензин жұмсайды. Бакта 40 литр бар. Жүргізушіге 450 км жүру керек. Сапардан кейін қанша литр бензин қалады.

A) 4 B) 8 C) 12 D) 6


69. Құлап бара жатқан дене бірінші секундта 5м, ал әрбір келесі секундта алдыңғысынан 10 м артық жол жүреді. Ол 6 секундта жалпы қандай қашықтықты жүріп өтеді?

A) 180 B) 170 C) 200 D) 160


70. Есептің шарты: «Екі сорғы бірге жұмыс істеп бассейнді 4 сағатта толтырады. Бірінші сорғы жеке өз бассейнді екіншіден 6 сағатқа тезірек толтырады. Екінші сорғы бассейінді неше сағатта толтырады?»

Төменде оқушының шешімі берілген. Қай қадамда қате жіберілген?

1 қадам: t сағат – екінші сорғының жұмыс уақыты болсын. Онда (t-6) сағат – бірінші сорғының жұмыс уақыты болады.

2 қадам: Бірінші сорғының өнімділігі 1/ (t-6), екіншінікі – 1/ t.

3-қадам: Олардың жұмыс уақыттарын қосып, теңдеу құрамыз t+ t+6=4.

4-қадам: Теңдеуді шешеміз: 2 t=10, осыдан t=5.

  1. 2 қадам қате B) 1 қадам қате C) 4 қадам қате D) 3 қадам қате

71. Зерттеуге 40 адам қатысты. 11 адам А нұсқасын таңдады, қалғандары В нұсқасын таңдады. Келесі сауалнамаға тағы 20 адам қосылып, олардың 7-еуі А нұсқасын таңдады. Екі сауалнамадан кейін А нұсқасын таңдаудың салыстырмалы жиілігі (ықтималдығы қанша)?

A) 0,5 B) 0,25 C) 0,3 D) 0,2


72. Бір шамның қуаттылығы 4,2х Вт-қа тең. 2250 шамның қуаттылығы қанша болады?

A) 1,0 х B) 1,0 х C) 1,0 х D) 10 х



73. Мұзды кубтың қабырғасы 10 см. Куб еріп, әр қабырғасы 20% қысқарды. Қалған мұз кубының көлемі қанша?

A) 256 B) 512 C) 1024 D) 1000

74. Айжан қалалық сайыстың финалына шықты. Жеңімпаз 5 төреші берген ұпайлардың орташа арифметикалық мәні бойынша анықталады. Айжан төрт төрешіден келесі балдарды алып үлгерді: 92,84,88,90. Оның басты бәсекелесі өз өнерін 89 орташа баллмен аяқтады. Сұрақ: Айжан жеңіске жетуі үшін бесінші төреші оған ең аз дегенде қандай балл қоюы керек?

A) 91 B) 92 C) 88 D) 90


75. 10 тойдағы қонақтардың саны: 50,70,90,80,100,120,80,90,110,70. Осы сандардың мединасы неше?

A) 85 B) 87 C) 88 D) 90


76. Әуе батпырауығының қаңқасы үшбұрыш пішінді.Оның биссектрисасы көлденең рейканы 12см және 15см кесінділерге бөледі. Осы үшбұрышты элементтің периметрі 63см-ге тең. Қаңқаның қалған екі рейкасының кішісін тап?

A) 15 B) 17 C) 16 D) 18


77. Бір жинаққа 1 кофе және 2 кез келген әртүрлі тәтті кіреді. Кофейня күніне барлық мүмкін жинақтарды бір реттенсатты. Кофенің 4 түрі және тәттілердің 6 түрі бар, тәттілердің реті маңызды емес. Кофенің бағасы 1200теңге, әр тәттінің бағасы 900тг. Бір жинақтың бағасы (1 кофе+2 тәтті =1200+1800=3000тг) Егер кофейня мүмкін болатын барлық жинақтарды бір күнде бір реттен сатса,сол күндегі жалпы табысы қанша?

A) 150 000 B) 170 000 C) 160 000 D) 180 000


78. Құлып 5 таңбалы кодпен жұмыс істейді, әр таңба 0 мен 9 цифрларынан тұрады, таңбалар қайталанбайды, және бірінші таңба 0 болмауы керек. Осы шартты ескере отырып, неше түрлі 5 таңбалы код жасауға болады?

A) 13 608 B) 25 920 C) 27 216 D) 28 800


79. Мадина ауырып қалып, оған емдік тамшылар жазып берді. Бірінші күні ол 64 тамшы, ал әрбір келесі күні доза екі есе азайып отыруы керек. Дәрігер тамшылардың жалпы саны түпте 127 болуы керектігін ескертті. Мадина емделу курсын неше күнде толық аяқтайды?

A) 6 B) 7 C) 8 D) 9

80. Химик-ғалым 6 тәжірибе жүргізіп, реакция температурасын өлшеді:24°C, 27°C, 25°C, 24°C, 29°C, 23°C. Орташа температура 25.33°C-ты құрады. Кейінірек ол үлгілердің бірі ластанғанын анықтап, оның нәтижесін деректерден алып тастады. Қалған 5 үлгінің жаңа орташа температурасы 25.6°C-қа тең болды. Ол қандай нәтижені алып тастады?

A) 23°C B) 24°C C) 27°C D) 29°C

81. Оқушылар жолға қанша минут жұмсайтынын белгіледі:

Минуттар

10

15

20

25

30

Оқушылар

6

8

10

4

2

Бір оқушы жолға орта есеппен қанша уақыт жұмсайды?

A) 18 мин B) 19 мин C) 20 мин D) 21 мин


82. Бір қорықта жәндіктердің 1,4×105 түрі, ал екіншісінде 6,8×103 түрі бар. Бірінші қорықта жәндіктер саны екіншісіне қарағанда неше есе көп екенін анықтаңыз.

A) 0,2 B) 2 C) 20 D) 200


83. Компания еденге арналған шаршы плиткаларды жасайды. Сапаны тексеру үшін шебер бір плитканың диагоналін өлшеді, ол ​ дм-ге тең болды. Осы диагональ қай мәндер аралығына жататынын анықтаңыз.

A) ( B) ( C) ( D) (

84. Автобус 125,7 км жолды 2,5 сағатта өтті. Егер нәтижені бүтін санға дөңгелектесек, автобус шамамен қандай жылдамдықпен жүрді?

A) 50 B) 51 C) 52 D) 53


85. Телефон ойынында жылан алма алу керек. Бастапқы нүктеден ол жоғары қарай 60 мм және оңға қарай 2 см өтті. Жылан жүрген жолдың ұзындығын табыңыз.

A) 3 B) 2 C) 2 D) 3


86. Оқулықтарды сатып алуға 24000 теңге бөлінді. Егер әр оқулық 200 теңгеге арзан тұрса, 4 оқулықты артық сатып алуға болар еді. Барлығы неше оқулық сатып алынды?

A) 16 B) 20 C) 24 D) 30


87. Автобус бағыты сызықтық функциямен сипатталады:y=2x+3 мұнда x — уақыт (сағат), y — қашықтық (км).Осыған параллель жүретін, бірақ C(2;12) нүктесі арқылы өтетін екінші автобусты іске қосу жоспарланды. Екінші автобустың қозғалысын сипаттайтын функцияның формуласын табыңыз.

A) y=2x−8 B) y=2x+12 C) y=2x+8 D) y=8x+2

88. Дәрідегі заттың мөлшері әр 4 сағат сайын 12% азаяды. Бастапқыда 10000 мг зат болды. 8 сағаттан кейін қанша зат қалады?

A) 7 600 мг B) 7 744 мг C) 7 800 мг D) 8 800 мг

89. Спортшы жүгіру жолында 4 күн жаттықты. Осы уақыт ішінде ол барлығы 98 км жүгірді. Келесі күні ол алдыңғы күнге қарағанда 3 км кем жүгірді. Спортшы бірінші күні неше километр жүгірді?

A) 27 км B) 28 км C) 29 км D) 30 км

90. Шатырдың кіреберісі тең бүйірлі үшбұрыш пішінді. Бүйір қабырғасы — 1,5 м, табаны — 1,8 м. Сыдырма ілгек төбесінен табанына түсірілген және биссектриса болып табылады. Сыдырма ілгек шатырдың табанын қандай кесінділерге бөледі?

A) 0,8 м және 1,0 м B) 0,7 м және 1,1 м C) 0,9 м-ден екі кесінді D) 0,75 м-ден екі кесінді

91. Ірімшіктің формасы қабырғасы 12 см болатын куб тәрізді. Өндіруші әр қабырғаның ұзындығын 50% қысқартты. Ірімшіктің көлемі неше есе азайды?

A) 2 есе B) 4 есе C) 6 есе D) 8 есе

92. Зауытта 200 бөлшек тексерілді, олардың 37-сі ақаулы болып шықты. Бір аптадан кейін тағы 100 бөлшек тексеріліп, олардың 26-сы ақаулы болды. Екі тексерісте ақаулы бөлшектердің салыстырмалы жиілігін (ықтималдығын) анықтаңыз.

A) 0,21 B) 0,26 C) 0,37 D) 0,63



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12