Материалдар / МОДО 4-сынып тест қазақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МОДО 4-сынып тест қазақша

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныпқа арналған МОДО тесттері оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2024
30705
188 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сауаттылығы

12-нұсқа.

Төле би

Төле би елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:

- Мына баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, -дейді. Екінші әйел тұрып:

- Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр, - дейді. Төле би екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып калады. Содан кейін:

- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді. Баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыздар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:

- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, өзімізде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел:

- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! –деп безек қағады. Содан барып Төле би:

- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады.

  1. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

А) бала- адамның бауыр еті В) өзімшілдік туралы

С) өшпенділік туралы Д) балалы үй базар

  1. «Безек қағады» тіркесі қай мағынада қолданылған?

А) қобалжу В) абыржу С) жалыну Д) таңғалу

  1. Мәтін немен аяқталды?

А) Жоғалтқан әйел өз баласын алды В) тапқан әйел алды баланы

С) Төле би алды баланы Д) бала ешкімге бұйырмады

  1. Мәтіндегі қай кейіпкердің іс- әрекеті саған ұнады?

А) Жоғалтқан әйел В) Тапқан әйел С) Төле би Д) халық



Жақсылық ұмытылмайды

Бір бала болыпты. Ол сабағын жақсы оқиды. Үй шаруасына да көмектеседі. Бірде сабақтан келе жатып, жол жиегінде отырған кішкентай қарлығашты көреді. Қарлығаш сынған қанатын сүйретіп, дәрменсіз жорғалайды.

Бала қарлығашты қатты аяйды. Сөйтіп, қойнына тығып, үйге алып келеді. Әкесі:

- Неге ұстадың? Қарлығаш адамның досы ғой,- дейді.

- Мен оны ұстаған жоқпын. Тауып алдым. Қанаты сынған. Емдеймін.

Содан бала қарлығашты күтіп, емдей бастайды. Жемге үйретеді. Ақырында қанаты жазылып, үй ішінде ұша бастайды. Қарлығаштың балаға үйреніп, иығына келіп қонып, қолынан жем жейтін болады. Содан бала қарлығашты көруге асығады екен.

Бір жолы мектептен келген соң қарлығашты шақырса, шақырғанына келмейді. Байқаса, терезенің көзі ашық қалыпты. Досының ұшып кеткенін біледі. Өзін тастап кеткеніне өкпелеп, жылап жібереді.

- Жылама, ботам! Қарлығаш сенің жақсылығыңды ұмытпайды. Бір келуін келеді. – дейді әкесі.

Содан әкесінің айтқаны келеді. Бірде үй ішімен дастарқан басында отырғанда, терезенің көзінен қарлығаш ұшып кіреді де, бөлмені айнала шарлап, баланың иығына келіп қонады. Сосын қарлығаш қайтадан терезе көзінен ұшып кетеді. Оның аузынан дән еденге ұшып түседі.

Оны екеуі қыш тостағанға отырғызады. Күн жылынған соң өскінді бақшаға апарып отырғызады. Бала өскінді суарып, күтеді. Күз болғанда жұпар иісі аңқыған, тәп-тәтті қауын өсіп шығады.

- Мұндай тәтті қауын жеп көрген емеспіз! – деп мақтайды жұрт.


  1. Екінші азат жолдағы баланың әрекетін көрсететін тұжырымды анықта.

А) Қанатын сүйретіп жүрген қарлығашты көреді

В) Қарлығашты қойнына тығып алып келеді

С) Қарлығашты күтіп емдей бастайды

Д) Қарлығаш ұшып кеткенде өкпелеп жылады

  1. .Мәтінде жауабы жоқ сұрақты тап.

А) Қарлығаш тастап кеткен дәнді не істеді?

В) Дәннен не өсіп шықты?

С) Қарлығаш баланың жақсылығын неге қайтармады?

Д) Жұрт бала өсірген қауынды қалай мақтады?

  1. Жаралы құсты үйге әкелгеннен кейінгі бала әрекеті...

А) құсты үйге әкеліп емдеймін деп ойлайды

В) құсты емдеп, жемге үйретеді

С) құсты үйге қамап қойды

Д) құс ұшып кеткенде жылады

  1. Қарлығаштың дәнді әкеліп тастауының себебі....

А) қарлығаштың балаға айтқан рақметі

В) қарлығаш аузынан түсіріп алды

С) қарлығаш өзі жегісі келді

Д) қарлығаш байқамай тастап кетті

  1. Мәтінге қатысты мақал-мәтелді көрсет:

А) Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды.

В) Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.

С) Жақсылық ұмытылмас.

Д) Жақсылық етсең, жарты етпе.

  1. Мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қарап шығарған қорытындыңыз:

А) жамандық пен жақсылық қатар жүреді

В) құстарға көмек жасау

С) құстармен дос болу

Д) біреуге жақсылық жасасаң , жақсылық өзіңе қайтып келеді

























Математикалық сауаттылық

  1. Барлық 10 дөңгелектің қандай бөлігін қара түсті дөңгелектер құрайды?

а)

в)

с)

д)

  1. Төмендегі бөлшектердің ең үлкені қайсысы?

Мм, см, м немесе км өлшемдерін пайдаланып, әр сөйлемге жазылатын дұрыс өлшем бірлігін қатарын анықта. Баланың бойы 490…., Орман арқылы өтетін жолдың ұзақтығы 3........ , Машинаның ұзындығы 4 ….. .

а) мм,см,км в) мм,км,м с) мм,м,км д) см,м,км

  1. Келесі фигуралардың қайсысында симметрия осі бар?






а) А в) В с) С д) Д

  1. Триатлон жарысында спортшылар алдымен жүзеді. Содан кейін велосипедте жүреді. Сонан соң жүгіреді. Кестеде Қарлығаш, Бибігүл және Санияның нәтижелері келтірілген. Кестеде қыздардың бірінің триатлонда көрсеткен қорытынды уақыты жазылған. Триатлон нәтижелері (минутпен)


Қарлығаш

Бибігүл

Сания

Нурила

Жүзу

35

25

50

60

Велосипедте жүру

80

90

85

95

Жүгіру

135

130

120

120

Барлығы:

250




Жарысты ең аз минут жұмсап аяқтаған жеңіске жетеді. Триатлонды қай қыз жеңді? Оның неше минуты жұмсалды?

а) Қарлығаш в) Бибігүл с) Сания д) Нурила

  1. Алма шырынының шөлмегі 1,87 зед (ақша айналымы)тұрады. Апельсин шырынының шөлмегі 3,29 зед тұрады. Ғанида 4 зед бар. Ғаниға екі шөлмекті де сатып алу үшін тағы қанша ақша қажет?

а) 1,06 зед в) 1,16 зед с) 5,06 зед д) 5,16 зед

  1. Кестеде берілген сандарға қара:

Қандай ереже Б бағанындағы жазылған сандарды алуға мүмкіндік береді?

A бағаны

Б бағаны

1

2

2

5

3

10

4

17




а) А бағанындағы санды өзін өзіне көбейтіп, содан кейін 1-ді қосу

в) А бағанындағы санды 3-ке көбейтіп, одан 1-ді азайту.

с) А бағанындағы санды өзін өзіне көбейтіп, одан 1-ді азайту

д) А бағанындағы санды 2-ге көбейту.

  1. Кеме B2 шаршысында апатқа ұшырады. Қарақшыға қазынаға қалай жетуге болатынын түсіндіріп берді: Пальманың түбіне тұр. Батысқа қарай 3 шаршы жүр. Одан кейін оңтүстікке қарай 2 шаршы жүріп, сол жерден қазына табасың. Қазына қай шаршыда орналасқан?



а) Н5

в) Е5

с) Е3

д) В2








  1. Д иаграмма «Жауабын тап» сайтына 5 күннің ішінде қанша адамның кіргенін көрсетеді. Жұма күні сейсенбі күніне қарағанда сайтқа қанша адам көп кірді?


а) 1000

в) 2000

с) 3000

д) 4000

  1. Айтылған үш қасиеттердің барлығына ие ең үлкен қандай сан? Ойлаған санды табу үшін қажетті нұсқаулар: Бұл сан 5000 кем. Бұл санды жазудағы әрбір цифр-жұп. Бұл санды жазудағы әрбір цифр әртүрлі.

а) 4680 в) 4218 с) 4862 д) 4999

  1. Қабырға 9 қатар кірпіштен қаланған. Қабырғаның биіктігі 180 см. 4 қатар кірпіштен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!