Модо бастауыш тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Модо бастауыш тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Модо бастауыш тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сауаттылығы

II нұсқа

1 мәтін

Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз

Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр – бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын жане жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ – (кіогенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.
4. От орны – қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.


1. Ең үлкен киіз үй
A) Алтын орда
B) Ақ ала орда
C) Алтын үздік
D) Ақ орда

2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Үй иесінің жататын орын
D) Қонақтар орналасатын орын



3. Киіз үйдің неше түрі бар?

А) 1

В) 2

С) 3

D) 4


4. Ең кішкентай киіз үй
A) Боз үй
B) Ақ ала орда
C) Қара үй
D) Ақ орда




2-мәтін

Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, – деді.
Бала:
– Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкеінен. Әкесі:
– Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін; үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда үзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, – деді әкесі.

5. Әкесі неге риза болды?
A) Баласының аттың сырын білетіндігіне
B) Баласының білімпаздығына
C) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
D) Жақсы мысал табылғанына



6. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Талайлымен таласпа.
B) Жақсы бала – әкеге құт.
C) Күш атасын танымас.
D) Тілі тәтті – көңілі қатты.


7.Баланың әкесіне атысты сипаттама
A) Сабырлы
B) Сымбатты
C) Көңілді
D) Адал

8. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Ақылы жасына сай болсын дегені.
B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
C) Қатарынан қалмай өссін дегені
D) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.


9. Бірінші не шығады

A) Мүйіз
B) Құлақ
C) Екеуі бірге шығады
D) Екеуі де шықпрайды

10. Баланың есімі кім?

A) Мұрат
B) Марат
C) Мирас
D) Жарас

Математикалық сауаттылық

  1. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап.
    28468: 2 – 2984
    А) 10250
    В) 13250
    С) 1250
    Д) 11250


2. Бірінші кластың 55 бірлігі және екінші кластың 115 бірлігі – бұл...
А) 55115
В) 115550
С) 115055
Д) 550115


3. Өрнектегі көбейту амалының орындалу реті: 18 - 4 • 5+6
А) төртінші
В) үшінші
С) екінші
Д) бірінші


4. Центнермен өрнекте: 200кг
А) 3ц
В) 2ц
С) 20ц
Д) 100ц


5. Дұрыс жаз: 5га -... м2
А) 500м2
В) 5000м2
С) 50м2
Д) 50000м2



6. Есепте:
а: 18, мұндағы а = 162
А) 9
В) 10
С) 8
Д) 7






7. Ең үлкен үш таңбалы санды ең үлкен бір таңбалы санға арттырып, 2 есе кеміт.
А) 1008
В) 5008
С) 504
Д) 500


8. Теңдеуді шеш: (1512 - 504 • 3)+а = 12447: 27
А) 1512
В) 461
С) 4610
Д) 0

9. Мотоциклші сағатына 60км жол жүрсе, жарты сағатта қанша жол жүреді?
А) 180км
В) 300км
С) 60км
Д) 30км


10. Дүкен 3 күнде 1 тонна жарма сатты. Бірінші күні 300 кг, екінші күні одан 2 есе артық жарма сатылды. Үшінші күні неше кг жарма сатылған?
А) 601кг
В) 1кг
С) 900кг
Д) 100кг



11. Әрқайсысының бағасы 30теңге тұратын 9 қалың дәптер сатып алынды. Оның құнын тап.
А) 207теңге
В) 201теңге
С) 270теңге
Д) 221теңге



  1. 12. Ауданы 36 дм2 шаршының қабырғасы неше дм?
    А) 36см
    В) 9дм
    С) 6дм
    Д) 30дм


Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық


1. Өсімдіктің даму кезеңдерінің дұрыс қатарын белгіле:


Aжас өсімдік, жеміс, гүл, тұқым, өскін

B) тұқым, өскін, жас өсімдік, гүл, жеміс

C) өскін, жас өсімдік, гүл, жеміс, тұқым

D) өскін, жас өсімдік, гүл, тұқым, жеміс


2. Тозаңдану үдерісі дегеніміз-....


A) тозаңқаптың ашылуы

B) тозаңқаптан тозаңның шашылуы

C) тұқымның түзілуі

D) тозаңның жатынға түсуі


3. Тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?


A) тозаңдану

B) қоректік тізбек

C) симбиоз

D) қоректену


4. Өткір тырнағы болмайтын жануарлар тобының атауы


A) жыртқыштар

B) өсімдікқоректілер

C) аюлар

D) бүркіттер


5. Еліміздегі мемлекеттік қорықтар саны:


A) 30

B) 15

C) 5

D) 10


6. Жойылу шегінде тұрған жануарлар қатарын белгіле:


A) қара дегелек, қоқиқаз, барыс

B) аю, пілмай, қоян

C) түлкі, қасқыр, қоян

D) ит, мысық, аю



7. Бүйректің атқаратын қызметі - ....


A) зәр түзу

B) зәр жинау

C) зәр өткізу

D) зәр шығару


8. Сыртқы ортадан келген әсерге жауап беретін мүшелер жүйесі - ....


A) тыныс алу мүшелері

B) зәр шығару мүшелері

C) жүйке жүйесі

D) сезім мүшелері























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.12.2024
183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі