Материалдар / МОДО қазақша тест 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МОДО қазақша тест 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4-кластарға арналған ББЖМ үлгісі жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2024
9966
144 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11


Оқу сауаттылығы


1 мәтін


Байлық пен ақыл

Қарияның төрт ұлы болыпты. Ұлдарын жинап алып:

  • Балаларым, мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол менің мұрагерім болады, – депті.

Yлкен ұлы асыл тасты жүзікті қолын көрсетіп:

  • Міне, кім бай болса, сол ақылды, – депті.

Eкінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де:

  • Мені көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, – дейді. Yшінші ұлы күміспен, алтын тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

  • Мұндай белдік ешкімде жоқ, – дейді.

Әкесі басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

  • Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді.

Cонда кенжесі былай депті:

  • Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар.

Қария кенже ұлының жауабына риза болыпты. Оны өзінің мұрагері етіп қалдырыпты. Ал үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

  1. Әкесінің балаларына айтқан өсиеті

    1. алтын белдігі бар үшінші ұлды құрметтеу

    2. кенже ұлдың айтқанынан шықпау

    3. асыл тасты жүзігі бар үлкен ұлды сыйлау

    4. асыл киімді екінші ұлдан үлгі алу



  1. Әкесінің балаларын жинаудағы негізгі ойы

    1. байлықтарын тексеру

    2. жомарттығын білу

    3. мейірімділіктерін байқау

    4. ақылдылықтарын анықтау

3. Қарияның үлкен ұлдарына тән қасиет

    1. белдікке мақтану

    2. байлыққа масаттану

    3. киіміне шаттану

    4. жүзігіне қуану

4 Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал

    1. Білімсіз адамның өрісі тар, құлашы қысқа.

    2. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

    3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

D) Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтан.







2 мәтін

Баланың тапқырлығы

Eрте заманда ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған шегіртке туырлық екеш туырлықты да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана қалып, арса-арсасы шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді қарбаласқа түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты.

Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.

Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі :

  • Дәрімен құрту керек, десе, енді бірі:

  • Oтпен құрту керек екен, – дейді екен. Енді біреуі:

  • Oның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, десе, – тағы біреуі:

  • Қыста барлығы үсіп өлмей ме? – деп бас қатырыпты. Ақыры мұның шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның сөзіне ешкім нанбапты. Әуелі уәзірлері мазақ етіпті. Амалы таусылған бала ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен.

Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың еңбекқорлығы мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер өздерінің надандығынан ұялыпты. «Асыл тастан, ақыл жастан» деген мақал осыдан қалыпты.

  1. Eн даланы жаулаған жәндік

А Маса В Ара С Торғай Д Шегіртке

  1. Mәтіндегі қарамен жазылған сөйлемнің иесі

А Уәзір В Шабарман С Хан Д Бала

  1. Mәтіндегі мақалдың мағынасы

А ақыл жасқа қарамайды В ақыл шексіз болады

С жастар ақылды болады Д асыл мен ақыл бірдей

  1. Mәтіндегі екінші қарамен жазылған сөздің синонимі

А жаулапты В састырыпты

С бағынбапты Д сенбепті

  1. Құс бағушының елді таңқалдырған іс – әрекеті

А қараторғайды ұшырғаны В амалы таусылғаны

С ордаға келгені Д шегіртке аулауы

  1. Mәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал

A) Ақылы аздың ашуы көп.

    1. Ақылы асқанды аға тұт.

    2. Ақыл тозбайды, алтын шірімейді.

    3. Ақылы аздың азабы көп.



















Математикалық сауаттылық

  1. Cанкт-Петербургке саяхатқа бару үшін 75 000 рубль қажет

(1 рубль = 6 тг).

Теңгемен қанша ақша қажет?

  1. 490 000 тг В) 650 000 тг С) 450 000 тг Д) 540 000 тг



  1. 748 321 – 698 596 өрнегін дұрыс шешкен бала

    1. Бота В)Аян С )Сара Д) Ғабит

  1. 4 200 ∙ 50 өрнегінің мәні

    1. 21 000

    2. 2 100 000

    3. 2 100

    4. 210 000

  2. 29 070 – 176 870 : 23 · 3 + 589 өрнектің мәні

    1. 5 411

    2. 25 917

    3. 27 095

    4. 6 589



  1. (234 + 124) · a + 237 · c өрнегінің мәні, мұндағы a = 3, c = 4

    1. 2 022

    2. 20 022

    3. 2 042

    4. 2 002

  1. Kүн сәулесі жердің неше бөлігіне түседі?

Shape1

А 1

В)

С)



Д)





7 CD кесіндісінде – үйден дүкенге дейінгі жол бейнеленген. AB кесіндісі жүрілген жол. Жүрілген жолдың бөлшек түрінде көрсетілуі



А, В С Д





  1. 1-сынып оқушылары өрнектің мәнін табудан жарысты. Өрнектің мәнін табу үшін 10 минут берілсе, қай оқушы тапсырманы бірінші болып аяқтайды ?

    1. Әсем

    2. Ақерке

    3. Қызғалдақ

    4. Ақдана

  1. Бензин бағасы 175 теңге. Алматы мен Қапшағай арасы 150 км. 10 км жолға 8 л бензин жұмсалса, барлық жолға неше теңге жұмсалады?

    1. 21 000 тг

    2. 23 000 тг

    3. 22 000 тг

    4. 20 000 тг

  1. Cұлы ботқасын дайындау үшін 150 г сұлы жармасы, 50 г қант және 20 г сары май қажет. Қажетті азық-түлік мӛлшерін ас қасықпен кӛрсет

Азық-түлік

1 ас қасық

Қант

25 г

Сұлы жармасы

30 г

Сары май

20 г

    1. сұлы жармасы – 3, қант – 1, май – 1

    2. сұлы жармасы – 5, қант – 2, май – 1

    3. сұлы жармасы – 5, қант – 2, май – 2

    4. сұлы жармасы – 4, қант – 1, май – 2

  1. Tікбұрышты параллелепипедтің көлемі 160 см3, биіктігін тап

    1. 40 см

    2. 4 см

    3. 400 см D) 14 см

  1. Mузыкалық мектепте сазсырнай, домбыра, қобыз үйірмесі бар. 84 бала домбыраға, 37 оқушы сазсырнайға, ал 14 оқушы сазсырнай мен домбыра үйірмесіне қатысады. Барлығы неше бала үйірмеге қатысады?

    1. 121

    2. 112

    3. 107

    4. 165



Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық


Нұсқаулық: Сізге бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі

  1. Kартамен жұмыс істеу барысында қолданылатын құрал

A) тұсбағар

    1. дүрбі

    2. телескоп

    3. лупа

  1. Бос торкөздегі сөзді анықта

    1. айран

    2. ірімшік

    3. тосап

    4. май









  1. Даму сатысы үш кезеңнен тұратын жануар

    1. 4

    2. 2

    3. 1

    4. 3

  1. Тәулігіне 1500 л қан сүзіліп, тазаратын дене мүшесі

A) бүйрек

    1. бауыр

    2. тамыр

    3. жүрек

  1. Cақинасы бар ғаламшар

    1. Жер

    2. Марс

    3. Сатурн

    4. Нептун



  1. Kартаға қарап мұнайлы өлкені анықта




    1. Солтүстік Қазақстан

    2. Батыс Қазақстан

    3. Шығыс Қазақстан

    4. Оңтүстік Қазақстан





  1. Ғаламшарлардың Күннен орналасу реті

    1. Меркурий, Шолпан, Юпитер, Сатурн, Жер, Марс, Уран, Нептун

    2. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Уран, Сатурн, Нептун

    3. Меркурий, Шолпан, Сатурн, Марс, Юпитер, Жер, Уран, Нептун

    4. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун



  1. Kөлеңкені үлкейту үшін

A) денені жарықтан алыстатамыз

    1. денені жарыққа жақындатамыз

    2. жарықтың мөлшерін көбейтеміз

    3. жарықтың мөлшерін азайтамыз




1-нұсқаның жауаптары

3F

10В

10В

11В

12С



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!