Мойын
остеохондрозы бар науқастардың емі және физикалық
реабилитациясы
Совет
Талшын
Ғылыми
жоба жетекшісі : Кеңесова Ш.Ж
Семей
қ.«Семей»Медициналық колледж
4 курс
студенті ,Мейіргер ісі мамандығы
Зерттеу мақсаты
Сараланған емдеу және физикалық оңалту схемаларын әзірлей
отырып,
мойны
остеохондрозының неврологиялық көріністері бар науқастарға
реабилитация процесстерін жүргізу
Жоспары:
1.Неврологиялық зерттеулердің ауырлығын кешенді бағалау
принциптерін әзірлеу
2.Мойны
остеохондрозының неврологиялық көріністерінің ерекшеліктерін
вегетативтік дистония синдромының және айқындылық дәрежесін ескере
отырып зерттеу
3.Неврологиялық белгілері бар науқастарды физикалық
оңалту
4.
Емдеу-оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалау.
Жұмыс
барысы
Зерттеу
материалдары мен әдістері.
Медициналық құжаттама мен сауалнамаларға жүргізілген талдау
нәтижелері- Семей қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің
1303 қызметкері жұмыс атқарады. Соның ішінде неврологиялық
көріністері бар мойын остеохондрозы бар науқастартар 31,1%-ді
құрады. Тексерілгендердің тобының арасында вегетативті дистония
синдромының пайда болу пайызы жоғары болды ,80,4% - ды құрады.
көрсеткіштер клиникалық тексеруге және динамикаға себеп болды.
Мойны остеохондрозынанықтау мақсатында науқастарды бақылау және
дистония синдромы және дифференциалданған схемаларды әзірлеу осы
патологиясы бар науқастарды емдеу және физикалық
оңалту.
Жұмыстың
негізі егжей-тегжейлі зерттеу және динамикалық бақылауға 102 мойын
остеохондрозыны бар науқастар алынды. Арасында 13 (12,8%) ер адам
және 89 (87,2%) әйел адам болған, оның ішінде 87% ең еңбекке
қабілетті жасқа келді-31-50 жас. Ауру ұзақтығы 1 -16жылға дейін: 1
жылға дейін -14 адам (13,7%), 2 жылдан 5 жыл,а дейін -53 (52%),
6-10 жыл -26 (25,5%), 10 жылдан астам -9 (8,8%).
Аурудың
өршуіне себеп болатын факторлар: статикалық күш түсулер (69,6%),
физикалық (57,8%) және психо-эмоционалдық (40,296) шамадан
тыс.
Клиникалық және аспаптық зерттеу мәліметтерін түсіндіру
үшін біз салыстырмалы сандық көрсеткіштерге жүргіздік-
вертебральды, экстравертебральды синдромдар мен интегральды
көрсеткіштерінің саны.
ИНТЕГРАЛЬДЫ КӨРСЕТКІШ (ИПБ) ВЕРТЕБРАЛЬДЫ (ПВС) ЖӘНЕ
ЭКСТРАВЕРТЕБРАЛЬДЫ (ПЭВС)КӨРСЕТКІШТЕР ҚОСЫНДЫСЫНА
ТЕҢ.
ИПБ =
ПВС + ПЭВС
Вертебральды көрсеткіш
функциональды көрсеткіштердің (ПФ), омыртқа сегментінің ауырсыну
бөлігі (ВБ пле), бұлшық ет тонусы (МТ) және омыртқа
деформациясымен (ПД) сколиоз дәрежелерінің (СС) қосындысына
тең
ПВС = ПФ+ВБ пле+ МТ+
ПД+СС
Функциональды көрсеткіш флекция (Ф) ,экстензия (Э),
латерофлекция (ЛФ) және ротация көрсеткіштерінің қосындысына
тең
ПФ=
Ф+Э+ЛФ+Р
Экстравертебральды көрсеткіш:
ПЭВС=
МТ+ПВП+ПС+ГТ+КТТ+ВБ+ПБ+СИ
Морфологиялық өзгерістерді анықтау мақсатында барлық
науқастарға- екі проекцияда функционалдық жүктемелерді пайдалана
отырып рентгенография (түзу және көоденең )
жасалынды.
Нәтижелер
және оларды талқылау.
Науқастарды 2 топқа бөлу бізге остеохондрозының клиникалық
көріністерінің ауырлығы мен алдын-ала анықталған вегетативті
дистония синдромының ауырлық дәрежесі- аурудың жиі қайталанатын
ағымы, айқын ауырсыну синдром және аурудың айтарлықтай жоғары
интегралдық көрсеткіштерін анықтауға жеңілдік
берді.

Кестедегі
мәліметтерге сүйене келе , аурудың ауыртпалығы және вегетативті
дистониямен байланысы орталық нерв жүйесінің әлсіздігі және мойын
омыртқасының дистрофиялық өзгерістерін көрсетеді. Рентгендік
өзгерістер вертебровазилярлы бассейінде қан айналым
жеткіліксіздігін көрсетті.
Психологиялық тестілеу 2 группада стресс көп мөлшерде
екенін көрсетті.
Біз
жүргізген ем кешені осы факттерді жою, мануальды терапия бұлшық ет
тонусын көтеру және тірек-қимыл жүйесінің қызметін қалпына
келтіруге тырыстық. Мануальды терапия рефлексотерапиямен бірге
қолданысқа түскен соң өз нәтижесін көрсетті. Бұл мезетте біз
микроэлектрофорездік жүйелерде іске асырдық.
Гидромассаж рефлексогенді зоналарды анықтай отырып
жүргізілді. Әсіресе тұзды,бұлшық ет тонусына әсер ететін, седативті
қоспалар қосылған процедуралар жақсы эффект
көрсетті.
Қорытынды
Кешенді
бағалау негізінде ұсынылған аурудың интегралды көрсеткіштері мойны
остеохондрозының неврологиялық көріністерін объективті түрде
қарауға және аурудың ауырлығын және емдік шаралардың тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Тексерілгендердегі мойны
остеохондрозының клиникалық көріністерінің ауырлығы науқастар
вегетативті дистонияның ауырлығына байланысты- өзара ауырлықтың
әсері бар екендігін көрсетті. Сараланған емдеу мен физикалық
оңалтудың әзірленген схемалары мойны остеохондрозының неврологиялық
көріністері бар синдромдарды, оптималды емес қозғалыс синдромдарын
жоюға арналған патогенетикалық ем екендігіне көз
жеткізілді.
Емдеу-оңалту іс-әрекеттері жұмсақ тканьдерге физикалық және
индивидуальды кинезотерапиямен бірге әсер ете отырып, мойын
остеохондрозы бар науқастарға эффективтілігін инструментальды
көрсеткіштер, ремиссия ұзақтығын, клиникалық оң эффективтілігімен
дәлелдей алды.