400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мөлдір бұлақ - жасыл кұрақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға қоршаған ортаға қамқорлық жасауды түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп №10 ЖОББМ

Мерзiм

Мұғалiм Уразова Ж.У

Сынып 6а № 21 сабақ

Тақырып «Мөлдір бұлақ - жасыл кұрақ»

Құндылық қиянат жасамау

Қасиеттер мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаға қамқорлық жасауды түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: - Оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық жасау туралы білімін кеңейту.

- оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға, жақындарына деген жанашырлық қасиеттерін арттыру.

- табиғатқа мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға , жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды түрлі жүрекшелер арқылы топқа бөлемін.

  2. Тыныштық сәтi.5Т кестесі

Үй тапсырмасын тексеру. 74-75 беттегі, №20 сабақ

1.Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

2.Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуынa адамдардың қандай әрекеті әсер етті?

3.Қиянат жасамайтын адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

Ескерту Баяу әуен қосылып, балалар түзу отырады,көздерін жәймен жұмады.Мұғалім сөйлейді.

  1. Дәйексөз.

Ыстық қайрат нұрлы ақыл, жылы жүрегі бар адам қиянат жасамайды. Абай.

-Қиянат жасамайтын адамдардың бойында қандай қасиеттер болады?


  1. Мәтінмен жұмыс (мұғалімнің сыйы)

Аңыз әңгіме: Үзілген гүл

Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып үй сыртындағы қыратқа шығып кетті.

Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жинап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрді де, жанына келді.

-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді қырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты:

« Табиғатты қорғау керек» деп...

-Сен оларды қорғаудын орнына, өсіп тұрған орнынан үзіп әкелдің ғой.

- Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап қалатыны содан...

Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйгеауысып:

-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. -Табиғатта не нәрсе болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шыңар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.

Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашын сипап:

-Бұларды енді орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, - деді.

Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.

-Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеп үйінің маңына отырғызды?

-Анасы оған қандай кеңес берді?

- Табиғатқа өз қарым -қатынасыңды қалай білдіресіңдер?

-Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өзің табиғатқа кандай қамқорлық жасадың?


2 сынып оқулығы

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1-топ. Сахналау.

Жануарларға қиянат жасамау.

2-топ.

Өсімдіктерге қиянат жасамау.

3-топ.

Адамдарға қиянат жасамау.

«Ойланайық, пікірлесейік»

  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар. Әні мен сөзі: А.Оралов.


1.Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар,

Жақсы адамдар бұзылмас тасқамалдар.

Табанының астында жатады әлі,

Пенделіктен өресе аспағандар.

Қайырмасы.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар.

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар

Жүрегінде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.

Қайырмасы.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар.

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Топпен ән орындалады.

Үй тапсырмасы 76-беттегі, №22 сабақтағы Ғ. Құлахметовтың «Табиғатты аялайық» мәтінін оқып келу.



Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі өткен сабағымыздан алған ойларынды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге сақтайық.Бүгінгі керемет сабақ үшін сендерге рахмет!

Шаршағандарын басу ,сабақтан алған әсерлерін сезіну.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі