15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ
Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары
Мектеп_№185 Мерзім 6«Б»-04.02 №20
Тақырып: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық
Мұғалім__Сексенова З. Сынып_6
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттаң тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту; Міндеттері. Білімділігі: - оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту; Дамытушылығы: - оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету; Тәрбиелілігі: - табиғатқа сүйіспеншілікпен, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 5т Тазалық Тәртіп Тыныштық Талап Татулықты сақтай отырып ,сабағымызды бастаймыз Тыныштық сәті: Мұғалім: Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Барлық тіршілік иесі сендерді аялап,қоршап, қамқор болып тұрғанын сезініңдер.Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге тырысыңдар Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
Ресурстар:( оқулық, дәптер) |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Сабақ барысын талқылау: |
|
3.Әңгімелеу Бине ,ролик талқылау сұрақтары қойылады |
|
|
4. Дәйексөз Балалар хормен айтады. Сұрақ қойылады: -Балалар,осы дәйек сөздің мағнасын қалай түсінесіңдер Таза болса табиғат Аман болар адамзат Балалардың жауабын тыңдағансоң өзім қорытындылаймын Ф. Оңғарсынова Мәтінмен жұмыс |
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жайлы ,баяу музыка қойылады Бейне көрініс: Сахналау Мақал –мәтелдер сайысы III-топ Табиғаттың суретін салу IV-топ “Ғажайып -үштік” ойыны (Жеке жұмыс) Топтастыру (Жұптық жұмыс) ТАБИҒАТ |
|
|
6.Топпен ән айту. Аралдан ұшқан аққулар Сөзі: Ш.Сариев Әні: С.Байтереков Құстардың қайда базары? Тарқаған, түсіп ажары. Жаралы жүрек жандардай Төмендеп теңіз назары. Бұлттардай жүзген ақ ала Жападан жалғыз шағала. Қоштасқан қайран Аралмен, Қайғылы, мұңды жағада. Қайырмасы: Қия алмай қанат қағады, Қона алмай ұшып барады. Мөлдіреп құстар жанары, Аралым. Ең алғаш сенде көріп ем, Аққуды теңіз көгінен. Толмайтын орны – Өмір ең, Аралым. Жыл сайын көктем жетеді, Сені іздеп құстың мекені. Ұясыз қалған аққулар Қона алмай ұшып өтеді. Айдынды шалқар, Аралым, |
|
|
7.Үй тапсырмасын беру Даптерді аяқтау |
|
|
8.Бағалау Сабақа белсен қатысқандарың үшін үлкен рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген