|
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адам мен табиғат арасындағы
үйлесімділік туралы мағлұмат бере отырып, табиғатқа қамқорлық жасап
қиянат жасамау құндылықтарын түсіндіру.
Міндеттері :
Білімділік:
Оқушылардың
адам мен табиғат арасындағы, сүйіспеншілік пен үйлесімділік тура
туралы ұғымдарын кеңейту.;
Дамытушылық:
Оқушылардың
табиғатты сақтау, аялау, жанашырлық, қамқорлық жасау сезімдерін
дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік:
Табиғатқа
мейірімділік, қамқорлық танытуға,
қоршаған
ортаны қорғауға
тәрбиелеу;
|
Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
оқулық,дәптер,
жайлы әуен, топпен
жұмыс істеуге
арналған
тапсырмалар,
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. «Сәлеметсіздерме! Сіздерді көргеніме
қуаныштымын. Өзін-өзі тану пәнінде міндетті түрде сақталатын 5 «Т»
ережесін еске түсіріп алайық. Хормен айту. Енді барлық ойымызды,
сөзімізді, ісімізді осы ережеге
бағындырайық.Жақсы.
5 «Т» ережесін
еске түсіру: Тәртіп. Талап. Тазалық.
Татулық.Тыныштық
Ендеше балалар жағымды көңіл күймен
тыныштық сәтін өткізіп алаайық.Тыныштық сәті:
«Нұрға бөлену» .
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. Елестетіп
көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі
сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі
істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді. Нұр бірте -
бірте сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы
нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл
әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі
жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр
бағыттаңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы
бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз. Жаймен
көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
-Қандай әсер
алдыңдар?
-Нұрды бойларыңа тарата алдыңдар
ма?
|
Сабақ барысын
талдау:
|
|
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын
алдын-ала үйге оқуға берілген. Ендеше кім дайындалып келді? Кім
айтады?
Үй
тапсырмасын тексеру: Оқулықтың 74-76 беттегі № 20 сабақтың
«Бетпақдала» атты аңыз әңгімені оқып,
талдау.
«Бетпақдала»
А.Сейдімбеков.
Сұрақ:
1 . Ханның
жарлығымен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар
етті?
2. Құнарлы жердің Бетпақдалаға айналуының
себебі неде деп ойлайсыңдар?
3. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай
жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?
4. Ханның жасаған әрекеті дұрыс
па?
5. Ханның орнында сен болсаң не істер
едің?
6. Қандай адамдар қиянат
жасамайды?
Олай болса балалар, біз табиғатқа қиянат
жасамай, қамқорлығымызды көрсетуіміз
керек.
|
|
|
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мөлдір
бұлақ-жасыл құрақ»
Дәйексөз: Фариза
Оңғарсынова
«Таза болса табиғат
Аман болар адамзат»
Сұрақ:
1.Дәйексөздің мағынасын калай
түсінесіңдер?
Түйін:
Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның
денсаулығы мықты , көңілі көтеріңкі болады. Сол себепті табиғатқа
мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат жасамау әр
адамның қолында.
Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті,
қайырымдылықты табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат
перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек. Табиғаттың адам
баласына сый тартуы шексіз. сол себепті біз табиғатқа
мейірімділікпен қарап, қамқорлық көрсетіп, қиянат жасамауымыз
керек.
|
|
|
Әңгiмелеу:
(Мұғалімнің
сыйы)
«Табиғат-азамзатқа аманат!
» тақырыбында бейнефильм
көрсету. 5 мин
Сұрақ:
1 .Видеороликтен қандай әсер
алдыңдар?
2.Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
қандай?
3.Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі
қандай?
4.Табиғатта жылай ма?
Түйін:
Адамдар кейде өз қолындағы байлығының қадірін
білмейді.Әдемілікке толы табиғаттың, тап-таза суын, тұнық ауасын
қымбат дүниелерге айырбастаған адам табиғат тазалығын ойламады.
Табиғат тазалығы бұзылғаннан кейін адамдардың денсаулығы да,
көңіл-күйлері де бұзылары анық.
Олай болса балалар әрқашанда Жер –анаға қиянат
жасамай аялайық!Табиғаттың бізге беріп жатқан риясыз
сүйіспеншілігін бағалай білейік.
|
|
|
Шығармашылық
жұмыс: Топпен
жұмыс
Әр топқа жеке жұмыстар
беріледі.
I.
топ «Денсаулық». Табиғатқа
байланысты мақал- мәтелдер жазу.
II топ
«Табиғат». Табиғаттың көрінісін
бейнелеу.
III топ
«Жанашырлық» Табиғатқа, туған жерге байланысты өлең
шығару.
Сұрақ:
1.Тапсырма
орындау барысында табиғат жайындағы қандай әсер
алдыңыздар?
|
|
|
Балалар табиғатқа арналған
әсем әнімізді айтайық
Топпен ән айту: «Ақбұлақ»
әні
Күндіз-түні бір
тынбай
Дала кезген
шапқылап,
Құмар едім өзіңе
Бала кезден
Ақбұлақ.
Әнге қосып маңайды
Асып-тасып жатасың
А қ моншақтан
аспанға
Шашу шаып жатасың
Қайырмасы:
Сенің келіп
жағаңнан,
Анам талай су
алған.
Сенің келіп
жағаңнан
Әкем атын суарғанн
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам
жағаңда,
Сенен артық
өлкені,
Бұл әлемнен табам
ба
Арудайын еркелеп,
Мың бұралған
Ақбұлақ,
Айдын көктен ғашық
боп,
Күнді ұрлаған
Ақбұлақ.
Сен болмасаң қыр
гүлі,
Ашылмайды Ақбұлақ
Саған деген құмарым, Басылмайды
Ақбұлақ
Сұрақ:
1.Әннен қандай әсер
алдыңыздар?
Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап,
көңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана
отырып тілек айтайық.
1)Бұлақтай мөлдір таза
бол!
2)Жұлдызың жарық
болсын!
3)Айың оңыңнан
тусын!
4)Көңілің көлдей
шалқысын!
5)Гүлдей жайнай
бер!
6)Таудай талап
бер!
7)Қызғалдақтай құлпыра бер! -
Міне, қандай жақсы тілектер айтылды.
Орындалуына тілектеспін. Өмірлерің ұзақ, талаптарың оң
болсын!
|
|
|
Үй тапсырмасы. 22
сабақ 81 беттегі “Денсаулықтың он құпиясы” өз ойларыңа қорытынды
жасау. Дәптермен жұмыс 21 сабақ 1-2 жұмыстарды
аяқтау.
|
|
|
Соңғы тыныштық сәті.
Тыныс алу жаттығуы
Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз.
Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда
біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі
тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда
мазасыздықты сыртқа шығарамыз.
4-5 рет, баяу жасалады.
Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені
түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік,
өзіміз
ге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының
барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық
.
Қорыта келгенде
балалар, : Біз табиғаттың бір бөлшегіміз. Балалар табиғат
ластанса бізге зиян болады,ауамыз бұзылады,денсаулығымызға зиян
келеді .Табиғатты ластамай таза ұстау біздің міндетіміз.Біз
табиғатқа қандай көмек көрсетіп жүрміз.Қолымыздан келгенше
сембіліктерге шығып табиғатқа қолдау
көрсетудеміз. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті,
қайырымдылықты табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат
перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек. Табиғаттың адам
баласына сый тартуы шексіз,
Олай болса балалар табиғатқа мейірімділікпен,
сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, табиғатқа қамқор болып,
қиянат жасамайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет! Сау
болыңыздар. Үзіліске шығып дем аламыз
|
|