400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы, температура туралы түсінік алуға жағдай жасау. 2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту. 3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, «Сұйықтардағы және газдардағы диффузия» видеофрагменті, марганцовка, ыстық және суық су құйылған ыдыстар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. 1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады? 2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар? 3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады? 4. Молекула дегеніміз не? 5. Заттардың молекулалары бірдей ме? 6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы .

Байғанин ауданы .

Кемерши ауылы.

Қ.Жазықов атындағы орта мектеп

Физика және информатика пәні мұғалімі

Айтжан Фарадей




7-сынып

Сабақ тақырыбы:§15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы,

температура туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, «Сұйықтардағы және газдардағы диффузия» видеофрагменті, марганцовка, ыстық және суық су құйылған ыдыстар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

  2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

  3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

  4. Молекула дегеніміз не?

  5. Заттардың молекулалары бірдей ме?

  6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Shape1

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.


Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)


Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

IV. Пысықтау.

  • Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?

  • Диффузия деген не?

  • Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?

  • Диффузияның пайдасы ма? Зияны ше?

  • Диффузия құбылысынан заттың көлемі туралы, оны құрайтын молекулалар мен атомдардың ара қашықтығы туралы қандай қорытынды туындайды?

  • Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?

  • Көкөністерді, азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?

  • Диффузияның температураға байланысы бар ма?

  • Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы бар ма?

V.Кері байланыс «Не білдім ?Не үйрендім?»

VІ. Үйге тапсырма: §15. 6-тапсырма.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі