15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Монета.Теңге және қағаз ақша
Пән аты: математика Сабақтың тақырыбы: Теңге. Монета және қағаз ақша |
Пән мұғалімі: Қабылова Г.А. Күні: 14.02.2019 ж |
||||||
Сынып: 2
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.3.6 - 50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы:- 50тг,100тг,200тг,500 теңгелік ақшаларды ажыратады. -Құны әртүрлі ақшалармен төлем жасайды. |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
қазақ тілі. |
||||||
Алдыңғы сабақ |
№3 есептің орындалуын тексеру |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Топтарға бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» тренигі. Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.Нұсқаулық:Көршіңді оң жақтан құшақта,Көршіңді сол жақтан құшақта.Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,Бүгінгі тренинг барысы,Біз үлкен отбасы.
|
Тренинг. |
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Ертеде адамдар ақша орнына бағалы заттарды қолданған.Кейіннен қолайлы болу үшін монетаны ойлап тапқан.Монета өткен заман туралы сыр шертеді.Ақшаның металдан жасалған түрі капиталдың қорлануы кезеңінде пайда болды,яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына әлемдік ақша ретінде танылды.Лидия мемлекеті ақшаның отаны деп есептеледі.Онда монета алғаш рет б.з.д. VІІ ғасырда шыққан.Ал монета термині Юнон-Монета-храмы атымен байланысты,себебі Көне Римде алғашқы монета сарайы болған.
Қазақстан
«рубльдік» зонадан 1993 жылы қараша
айында шықты, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық
валюта «теңге» болып енгізілді.
Оқулықпен, дәптермен , тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру,ҚБ. СТО стратегиялары , «Миға шабуыл» әдісі, «Сұрақ-жауап» әдісі, №1. Ж.Ж.Суреттегі қағаз ақшаға және монеталарға қара. 1000 теңгені, 500 теңгені,200 теңгені, монеталарға қалай ұсақтауға болады?
|
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану.Түрлі тапсырмалар орындау. №2. Тақтамен жұмыс.Есепті шығару. Әр балада неше монета барын есептеп шығару және сұрақтарға жауап алу. 1.Әр балада неше монетадан бар? 2.Әр балада неше теңге бар? 3.Қайсысының монетасы бәрінен артық? 4. Қайсысының монетасы бәрінен артық? Өзіндік жұмыс
85 –х=35 27+у=92 61-х=12
№3.Жеке жұмыс. Есептерді шығару және неше кері есеп құрастыруға болады? Есеп. Әмиянда 100 теңге 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 теңгелік алды.Әмиянда неше теңге қалды?
|
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға ой салады,ойла-нады. |
|||||
Сергіту сәті 3- минут |
1, 2, 3 бойыңа жина күш 1, 2, 3 бір отырып , бір тұрып салқын суға шомылып 1, 2, 3 ары , бері жүгіріп Бір орында секіріп Ұйқымызды ашайық, Жалқаулықты тастайық. Орнымызды табайық.
|
|
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 7- минут |
|
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы сабақты қорыту.
|
|||||
Бағалау 5-мин Кері байланыс 5- минут |
Бағалау «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалау.
|
«Жетістік баспалдағы» әдісі. |
|||||
Үйге тапсырма: №4. Тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру. |
|||||||
Дескриптор: Білім алушы: -
|
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||||||
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген