жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Моңғол шапқыншылығының салдары
Сабақтың тақырыбы: «Ұлтымыздың ұлылығы – рухының мықтылығында»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Ресімдеу |
Қазақ халқының ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы тарихи тұлғаларының суреттері, Қазақстан Республикасының географиялық картасы, ұлт, бейбітшілік және келісім туралы мақал-мәтелдержол белгілері салынған суреттер, Аудан орталығының көрікті орындарының бейнесі |
«Әулиеата өңірі», «Тарихи тығырық» кітаптары |
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
Интерактивті тақта, Бейнепроектор, Компьютер |
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
«Мен жастарға сенемін» видеоролигі |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер Дайындыққа арналған әдебиет
|
1. http://www.google.kz 2. http://www.wikipedia.com
|
3.http://flatik.ru/patrioticheskoe-vospitanie-shkolenikov-celi-i-zadachi |
|
Сабақтың барысы |
|
І. Ұйымдастыру кезеңі |
Кіріспе Мұғалім сөзі: «Саламатсыңдар ма, балалар! Мінекей 3 айды артқа тастап қайта қауышып отырмыз. Жаңа оқу жылы қайта жаңарып, әсемдене түскен мектебімізде құтты болғай». «Жалпы балалар ұлттық тарихымыз сендер үшін қандай маңызға ие? Меніңше ұлт тарихы дегеніміз бұл – отаншылдықтың тірегі. Өз ұлтының тарихынан сабақ алмаған халық адамзат өркениетімен бірге алға баса алмайды. Тарих арқылы тәрбиеленудің де маңызы осында. Қазақ халқы сонау сақ, ғұн дәуірінен бері тарихи үстемдікке зомбылыққа қарсы үздіксіз күресіп келеді. Әуел баста халық тыныштықта, адал еңбекпен өмір сүруді қалағанымен, ұдайы сыртқы жауларымен күресуде болды. Көптеген қатерлі уақытты сұрапыл соғысты, екі дүниежүзілік соғыс пен жаппай ашаршылықты бастан кешірді. 2 ғасырдан аса Жоңғарлар, Қалмақтар және Хиуа хандығымен сыртқы жаумен соғысып келсе, тарихы ортақ болғанына қарамастан қазақ жеріне көз тіккен Шайбинидтер, Темір әулиеті, Ноғай мырзалары мен Шағатай ұрпақтарымен де тайталасуына тура келді. Онымен қоймай 70 жылдай Кеңес үкіметінің отар мемлекетіне айналды. Дәл осы себепті тәуелсіздік, бейбітшілік ұғымдарын жете түсініп, қадіріне жетпеген халық қазіргі таңда адамзат дамуына қомақты үлес қоса алмайды. |
ІІ. Негізгі бөлім |
Назарларыңызға қазақ тарихындағы көрнекті 10 тұлғаны ұсынамыз: Асылхан: Керей және Жәнібек – қазақ хаңдығының негізін қалаушылар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың деректері бойынша Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылды. 15 ғасырдың ортасында Керей хан бұқара халықты артына ертіп Батыс Жетісуды қоныс етті. Бұл жайт Қазақ хандығының бірегей мемлекет ретінде қалыптасып, нәтижеінде Орта Азия қазақтардың этнос ретінде мойындады. Нұрдәулет: Қасым хан – Қазақ хандығына 1511-1518 жылдары билік еткен. Жәнібек ханның ұлы. Егер Керей мен Жәнібек қазақтар үшін Жетісу жерін ие етсе, Қасым хан тұсында қазақтар анағұрлым үлкен жерді иелік етті. Қасым ханның кезінде Қазақтардың саны 1 000 000 –ға жетсе, әскері 300 000 –нан астам болды. Ол халық жалпы құндылықтар мен заңдарды бағалауы мақсатында «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағын құрастырды. Аят: Абылай хан –жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен, үш жүздің басын қосқан ұлы хан ретінде тарихты қалды. 1771 жылы жалпы қазақтардың ханы жарияланып, халық Абылайды ақ киізге көтерді. Абылай хан шашырап кеткен мемлекетті қайта жандардырып, күшейте түсті. 1780 жылдарға дейін сыртқы және ішкі саясатты күшейте түсті. Жоңғарлар жаулап алған Шығысымыздағы және Жетісудағы жерлерді қайта қайтарды. Асылхан: Шоқан Уәлиханов – европалық білім алған, әлемдің деңгейдегі еңбектер жазған ғұлама ғалым. Ол қазақтарды батыс мәдениетімен, Ресеймен таныстырды. Сонымен қатар бізге мүлде бейтаныс болып келген Солтүстік Қытай туралы деректер енгізді. Ол география, этникалық құрам, шаруашылық, жолдар, сауда-саттық және басқару жүйесі туралы деректер жинады. Шоқан қырғыздардың «Манас» жырын қағазға түсіріп 5 томдық кітап жариялаған болатын. Бекмырза: Абай Құнанбаев – қазақ әдебиетінің негізін қалаған философ-гуманист. Абай өлеңдерінен халқының болашағы үшін алаңдаған жанның жан қайғысын естуге болады. Абайдың еңбектерінен оның халқын сауатты, дамыған және тәуелсіз ел ретінде көрсем деген арманы байқалады. Нұрдәулет: Әлихан Бөкейханов – қазақтардың саяси көшбасшысы.Ол алғашқы саяси «Алаш» партиясының негізін қалады. Бөкейханов тәуелсіз Қазақ автономиясын құруды мақсат тұтты. Бірақ «Алаш» автономиясының ғұмыры тек жартыжылдық болды, Большевиктер билікті күшпен тартып алды. Әлихан Бөкейханов революцияға дейін көп қуғындалды, Большевиктер оны Қазақстанда тұруға құқығы жоқ деп Мәскеуде үй қамағында ұстады. Кейіннен халық жауы дегн жала жабылып рпрессияға ұшырады. Қарақат: Қаныш Сәтпаев – Қазақ ғылым академиясының негізін қалаушы. Ол Жезқазған экономикалық аумағын ашты. Сонымен қатар Әлкей Марғұлан, Бертұров, Зиманов Секілді қазақтың біртуар ғалымдарына ұстаз болды. Қаныш Сәтпаев Шоқан Уәлиханов барлық 5 томдық еңбегі жарық көруі үшін көп еңбек етті. Аят: Дінмұхамед Қонаев – КС билігінің ең биік сатысына көтерілген жалғыз қазақ. Қонаев әлемдегі алпауыт державаның ішкі және сыртқы саясатын шешетін, құрама 15 адамнан тұратын политбюроға мүше болды. Оған дейін қазақтардан бірде бір адам осыншалық биік көтерілген емес. Қонаевтың тұсында қазақтар 40-тан аса қала тұрғызып, Қазақстанның экономикасы 3 есе жақсарды. Ол 50-ші жылдары қазақтардан күштеп тартып алынған жерлерді қайтарып, Република аумағын едәуір көбейтті. Димаш: Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. 1989 жылы Д.Қонаевтан кейін Қазақстан КомПартиясының бірінші хатшысы болып сайланды. 1989 жылғы Жаңаөзен көтерілісін басқан. Еңбек жолын Теміртауда кенші болып бастаған көрнекті тұлға.
Байзақ ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 ж. құрылған. 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жерінің аумағы 4,5 мың км². Тұрғыны 87 389 адам (2011). Аудандағы 43 елді мекен, 17 ауылдық әкімшілік округтеріне біріктірілген. Орталығы – Сарыкемер ауылы. айзақ ауданы қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, етті-сүтті мал, көкөніс, бақша, құс, жылқы өсіруге және омарта шаруашылығына маманданып келген. Бұрынғы 9 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 2 құс фабрикасы, 1997 жылдан әр түрлі саладағы шаруашылық субъектілеріне біріктірілген. Ауыл шаруашылықтың әр түрлі салаларында 1711 шаруашылық нысаны бар. Оның ішінде ӨК – 8, ЖШС-тер – 17, шаруа қожалықтары – 1686. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны – 4, жол-құрылыс кәсіпорны – 1, көліктік кәсіпорындар – 3, коммуналдық шаруашылық кәсіпорны – 2, сауда және тұтыну кәсіпорындары – 1, әкімшілік-басқару органы және мекемелер саны – 26. Одан басқа банк, байланыс кәсіпорны, пошта, автоматтық телефон станциялары (14), отын-энергетика кәсіпорындары (2) мен газ шаруашылықтары (2) т.б. бар. Шағын, жеке кәсіпорындар (229), базар, жанармай құю станциялары (32), және 3 мыңға жуық автокөлік тіркелген (2001). Әлеуметтік және мәдени-ағарту саласында Байзақ ауданында жалпы білім беретін 43 мектеп, 3 балабақша, 16 мәдениет үйлері мен клубтар, 20 кітапхана, стадион, 2 аурухана, емхана, 8 фельдшірлік-акушерлік пункт, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және 21 фельдшірлік пункттер халыққа қызмет істейді. Қоғамдық ұйымдардан: түрік мәдениет орталығы, корей мәдениет орталығы, әлеуметтік қорғау саласында «Парасат» қайырымдылық қоры, облыстың «Қызыл крест» ұйымының бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан аумағында 17 мешіт, 100-ден астам сәулеттік, археологиялық-тарихи ескерткіштер орналасқан. Ауданда жол торабы жақсы дамыған. Жолдардың жалпы ұзындығы 636 км, оның ішінде қатты жабындымен (асфальтты) 334 км жол төселген, қиыршық тасты жолдың ұзындығы 114 км. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан Таразға қаласына дейінгі қашықтық 12,5 км-ді құрайды. |
Қорытындылау |
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе сендердің назарларыңа Мағжан Жұмабаевтың – Мен жастарға сенемін өлеңін ұсынамын. «Мен жастарға сенемін» Видеоролигі. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген