400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3 XIII – XV ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

БЕКІТЕМІН:


Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Х. Габбасова


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Сабақтың мақсаты

  • Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау

  • Х – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру

Жетістік критерийлері

  • Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жеткендігін біледі;

  • Әскери жетістіктерін біледі;

  • Карта бойынша саяси үдерістерді түсінеді;

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

1. «Яса» заңдар жинағы арқылы моңғол мемлекетінің идеологиясы, басқару жүйесі, әлеуметтік құрылымын талдайды (оқылым дағдысы);

2. Кешіктен - Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл

3. Құрылтай – моңғол империясының жоғары басқару органы

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Әскер, әлеуметтік, саяси жағдай, қосылу, ақсүйек, қарасүйек, заң, әскери жүйе, біріктіру.

Алдыңғы білім


Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы
















































Ортасы


Ұйымдастыру кезеңі.

1) Тақырып ашу. Бірнеше оқиғаларды мағынасы бойынша сәйкестендіру.

2) Терминдермен жұмыс. Интерактивті тақтада үш термин анықтамасымен шығарылады. Оқушылар дәптерлеріне жазып, мұғаліммен бірге мағынасын талқылайды.

Құрылтай – моңғол империясының жоғары басқару органы

Кешіктен – Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл

Жасақ (Яса) – Моңғол империясының басты заңы.

Заң екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім – Шыңғысханның нақыл сөздері

2 бөлім - Жазалау түрлері

3) Видео роликке анализ жасау. Шыңғыс хан туралы видео ролик қосылады. Видеороликті тыңдай отырып, зерттеу сұрақтарына жауап береді.

  • Моңғолия жерінде өмір сүрген тайпалар? ....................

  • Көшпелі түркі тайпаларын өз территорияларынан ығыстырған қай мемлекет?.......................

  • Шыңғысхан құрған мемлекет территориясы бұған дейін болған қай қағанаттың шекарасымен бір немесе ұқсас?...............................

  • Қытайлықтар қандай сылтау айтып дала көшпенділеріне жорықтар жасады?...................................

  • Сырдария мен Әмудария аралығындағы жерлер қай мемлекеттің қол астында болды?...........................................

4) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, мынандай зерттеу сұрақтарына жауап береді:

  1. 1211 жылы моңғолдар Қазақстан жеріне не себепті келеді?.....................................................................................

  2. Күшлік хан қай мемлекеттің билеушісі болды?.....................................................................................

  3. Керейлер билеушісі кім болды?.................................................

  4. ХІІІ ғасырда Керей, Найман, Жалайыр тайпалары неліктен Қазақстанға қоңыс аударды? ...................................................

5) Картамен жұмыс. Оқушылар картаға қарап отырып, саяси өзгерістерді біледі.

6)Темүжін. (Шыңғыс хан) саяси портрет. Қысқаша ақпарат беріледі.

1155 жылы дүниеге келді. Әкесі Есугей қият-боржігін тайпасынан, ал шешесі Уәлін-Үжін – меркіт қызы. Байкал көлінен Гоби шөліне дейін созылған Моңғол империясының негізі қалаушы. Дарынды қолбасшы. 1206 жылы Онон және Керулен өзендерінің бойында өткен құрылтайда ақ киізге көтеріп, Моңғол империясының ханы етіп сайланады.

7) Мозайка. Мозайкалық суретті хат арқылы сөйлем құрастыру.

Мозайка жауабы: Шыңғысхан 1206 жылы құрылтайда Онон өзеніндегі тайпаларды біріктіріп, моңғол мемлекетін құрды.

8) Қызықты сегіздік ойыны. Интерактивті тақтада 8 сан беріледі.Оқушы кез-келген санды таңдап, санның артындағы сұрақтарға жауап береді.

10. Моңғол империясын құрған кім? Шыңғыс хан

10. Шыңғыс хан Моңғол империясын қай жылы құрды? 1206 ж

20. Есеугей Баһадур деген кім?

Шыңғыс ханның әкесі, моңғол тайпаларының көсемі

20. Шыңғыс хан қай рудан шыққан? Қият-боржігін

30. Шыңғыс ханның туған жылы? 1155 ж

30. Моңғолияның орналасқан жері?

Байкал көлінен Гоби шөліне дейін

40. Моңғолия территориясында өмір сүрген тайпалар?

Татар, меркіт, моңғол, керей, найман

40. 1206 жылы құрылтай қай жерде өтті?

Онон және Керулен өзенінің бойында

9) Моңғолдардың әскери жүйесі. Моңғолдардың әскери жүйесі мына сурет бойынша талқыланады.


10) Кері байланыс. Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? деген сұраққа оқушылар бірігіп, жауап береді.

11) Видео роликке анализ жасау. Моңғолдардың атты әскері туралы видео ролик қосылады. Видеороликті тыңдай отырып, зерттеу сұрақтарына жауап береді. Моңғолдардың атты әскерін талқылау. Моңғолдардың жеңіл және ауыр атты әскер күшін талқыланады.





Шыңғысханның, моңғолдар шапқыншылығы суреттері







https://www.youtube.com/watch?v=iDF_ObIl3JQ





















Бейнеролик http://www.youtube.com/watch?v=WUlGow3n7CY

Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. ауд. Н. Базылхан; ғыл. ред. М. Қ. Әбусейітова. Р. Б.

Сүлейменов атын. шығыстану ин-ты: 1-том.: Моңғолдың құпия шежіресі.- Алматы, Дайк-пресс, 2006.

Сұлтанов Т. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары. – А: Мектеп, 2007.

Сабақтың соңы




Рефлекция: Бүгінгі сабақтан алған әсерім қаңдай?

Үй тапсырмасы. Шыңғыс хан туралы қосымша ақпарат























































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі