400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан

САБАҚ тақырыбы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

(2 сағат)

(2 сағат)


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру

көшпелілердің әскери өнер жетістіктерін талдау

Сабақ мақсаттары


Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Шыңғысхан туралы бейнематериал тыңдап, сұрақтарға жауап береді (тыңдалым)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Халық, жорық, шапқыншылық

әлеумет

әлеуметтік топ

оң қанат, сол қанат

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған тармақтар:

Топтық тапсырмада Моңғол империясы құрылуының алғы шарттары… анықталады

Топтық жұмыс барысында «Яса» заңдар жинағы арқылы моңғол мемлекетінің идеологиясы, басқару жүйесі, әлеуметтік құрылымын талдайды (оқылым дағдысы).


Жазылым бойынша ұсыныстар:

5-7 сөйлемді пікір жазуда алған біліміне сүйеніп резюме береді. «Әлемді дүрліктірген Шыңғысхан!!».

Моңғол империясының Орта Азия және Қазақ жеріндегі мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы/көрші елдермен саясаты…. (қандай болды?)

Тарихи концепт (фокус)

себеп-салдар

Бағалау критерийлері

  • Моңғол империясының 1206 ж. және 1227 ж. территориясын картадан салыстырады;

  • «Яса» заңдар жинағынан басқа деректерден мемлекетке тән негізгі белгілерді анықтап, моңғолдарды мемлекет болғанын дәлелдейді;

  • Көшпелердің әскери өнерінің 3-тен кем емес ерекшеліктерін сиппатайды

  • Шыңғысхан жорықтарынан кейін, Орталық Азияда орын алған өзгерістер мен Қазақстан жерінде құрылған ұлыстар туралы кестені толтырып, картаға салу

Пәнаралық байланыс

Дүние тарихы

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Санитарлық нормаларға сәйкес қауіпсіздік ережелерін ұстану,

АКТ-мен байланыс

Интерактивті тақта, планшет

Құндылықтардағы байланыс

- патриотизм

- батылдылық

- көшбасшылық

- төзімділік

- бостандық

Алдыңғы оқу

Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басы


7 минут




































5 минут

















5 минут













3 минут

М Оқушыларға Шыңғысханның суретін көрсетіңіз. «Ойлан. Жұптас.Талқыла.» стратегиясы арқылы сипаттайды


Сипаттау кестесі

Үрдіс

Материал-дар, үрдіс пен шеберлік сапасы

Не болды? Что происходит?

Жаңа ғана қандай оқиға болуы мүмкін? Суреттегі сәтке дейін қандай жағдай болуы мүмкін? Бұл адам кім деп ойлайсыз? Суреттегі маңызды аспект болып не табылады?

Көңіл-күй

Сезім, эмоциялар, атмосфера, жұмыстың идеясы

Әдеби жұмыстың көңіл-күйі қандай? Автор эмоциямен сезімді қалай бейнелеген? Автор көрермендердің қандай сезімдерін оятпақшы? Неге олай ойлайсыз?

Контекст

Сурет салынған уақыт пен орынды , әдеби, әлеуметтік жағдайды сипаттау

Мазмұынның келешегі (перспектива) неде?


* бұл жерде жауап дереу берілмесе, әрі қарай зерттелуі мүмкін.


Б Тақырыпты болжау. Моңғолия мемелектінің екі кезеңдегі территориясын салыстырып, және суреттегі тұлға арасындағы байланысты анықтап оқушылар, сабақтың тақырыбын анықтайды.


Б Тақырып анықталған соң, оқушылар «3Б» кестесін толтырады


Білемін

Білдім

Білгім келеді





Зерттеу сұрақтары. Оқушылардың «3Б-ғы» Білгім келеді бағанындағы сұрақтарын негізге алып немесе дайын нұсқасын ұсынуға болады:

  • Шыңғысхан империясының құрылу себептері қандай?

  • Шыңғысхан әскерінің ерекшелігі неде?

  • Шыңғысхан әскерінің жорықтарынан кейін Қазақстан территориясында қандай өзгерістер орын алды?

Зерттеу және талдау

Б/Т Сыныпқа моңғол мемлекетінің құрылуы туралы бейне материалды көрсетіңіз. Бейне материалды көру барысында оқушыларға зерттеу сұрақтарын беріңіз

  • Алғашқы моңғол мемлекеті қалай және қайда құрылды?

  • Шыңғысхан қандай тайпаларды бағындырды?

  • Шыңғысхан әскерінің ерекшелігі неде?

Сынып оқушыларының ««Ойлан. Жұптас. Талқыла.» стратегиясындағы алған білімдерін толықтыру үшін, жоғарыдағы сұрақтар көмекші құрал болады.

Сурет, карта

Слайд №2, Қосымша 1




































Слайд №3,

Қосымша 2
















Қосымша 3













Слайд №8


https://www.youtube.com/watch?v=InTDXsARqIY
1,18 минут – 2,10 минут аралығы

Ортасы


20 (дайындық) + 10 (қорғалым) минут














































15 минут













8 минут



Т Сынып оқушыларын төрт топқа бөліңіз. Әр топқа жеке тақырыптарға байланысты мәтін таратып беріңіз.

1-ші топ: мемлекеттің құрылу себептері қандай болды?

2-ші топ; мемлекеттің ішкі саясатын жүргізуге «Яса» заңдар жинағының әсері болды ма? («Яса» заңдар жинағыннан үзінді беріңіз)

3-ші топ: Мемлекеттің әскери құрылысының ерекшелігі неде?

4-ші топ: Шыңғысхан әскерінің жорықтары мен жаулап алулары немен аяқталды?

Әрбір топ мәтінді оқып, топта талқылайды. Оқушылар жұмыстарын сынып алдында постер жасап қорғайды. Постер жасауға қажетті критерийлерді алдын-ала жасап беріңіз.

1-ші топқа:

  • Шыңғысханның билікке келу жолдарын сипаттаңыздар;

  • Шыңғысхан бытыраңқы көшпелі тайпаларды біріктірудегі мақсатын анықтаңыздар

  • Мемлекеттің алғашқы аумақтық территориясын көрсетіңіздер

  • Мемлекеттің құрылуындағы негізгі даталардан хронология құрастырыңыздар

2-ші топқа:

  • Заңдар жинағының ережелерін маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырыңыздар

  • Мемлекеттің басқару жүйесі мен оның әлеуметтік құрылымына қаншалықты септігін тигізгендігін дәлелдеп, кем дегенде 2-3 дәлел келтіріңіздер;

  • Мемлекеттік дәрежеге жетудегі «Яса» заңдар жинағының маңызын ашып, көрсетіңіздер;

3-ші топқа:

  • Мемлекеттегі әскери тәртіптерді көрсетіңіздер;

  • Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің себептерін анықтаңыздар;

  • Аз уақыттың ішінде монғол әскерінің көптеген жерге баса–көктеп енуіне ықпал еткен жағдайды дәлелдеңіздер;

4-ші топқа:

  • Шыңғысханның жорықтар ұйымдастыруының кем дегенде 3-5 дәлел келтіріңіздер;

  • Шыңғысхан әскерлерінің жаулап алған территорияларын сызба нұсқа арқылы көрсетіңіздер;

  • Шыңғысхан әскерлерінің соғыс ашқан уақыттарын даталармен анықтаңыздар;

  • Шыңғысхан әскерлерінің жорықтарының нәтижесін 5 сөйлем арқылы қорытындылаңыздар

Берілген критерийлер бойынша топ мүшелері постерлерін сынып алдында қорғайды.


Топ жұмысын «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілімен өзара бағалау мүмкіндігі бар


Ж Шыңғысхан жорықтарынан кейін, Орталық Азияда орын алған өзгерістер мен Қазақстан жерінде құрылған ұлыстар туралы кестені толтырып, картаға салуды тапсырыңыз.

Жошы ұлысы

Үгедей ұлысы

Шағатай ұлысы

Төле ұлысы






Ф Тапсырма: 5-7 сөйлемді пікір жазуда алған біліміне сүйеніп резюме береді. «Әлемді дүрліктірген Шыңғысхан!!!».


Қолданылатын лексика.

Шыңғысхан ...., себебі

Моңғол империясының Орта Азия және Қазақ жеріндегі мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы/көрші елдермен саясаты…. (қандай болды?)

Қорыта келе ...


Қосымша 4

1, 4 топ: http://lms.nci.kz/history/view?f=146&id=7&lang=kaz (мәтін)

2 топ. «Яса» заңдары

3 топ: https://www.youtube.com/watch?v=xOWR3pqLABA (бейне материал)

Формат А3, фломастер

Кеспе қағаз





























Қосымша 5











Слайд 11

Соңы


7 минут


Рефлексия: сабақ басында толтырған «3Б» кестесін оқушылар толықтырады


Кері байланыс «Бағдаршам», оқушылар индекске атын жазып, сабақ барысындағы оқуын тиісті түспен бағалайды


Слайд №12



Слайд №13, индекс

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

  • Барлық оқушылар: Моңғолия мемлектенің орналасуын біледі

  • Оқушылардың басым бөлігі: Моңғол әскерінің ерекшелігін сипаттап бағалайды

  • Кейбір оқушылар: Мемлекеттілікті анықтайтын құжатты талдайды

Топтық бағалау: постер қорғау кезінде Екі жұлдыз бір тілек» тәсілімен топтар бірін-бірі бағалайды

Өзіндік бағалау: сабақ соңында «Бағдаршам» тәсілімен әр оқушы өзіндік оқуын бағалайды.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?







Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі