400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Монғол шапқыншылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген әсері туралы ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

16.01.2019 ж

Сыныбы: 6 а

Тақырыбы: Қазақстандағы Монғол шапқыншылығы

Мақсаты: Оқушыларға Шыңғысханның жаулап алушылық соғыстарының себептерін түсіндіру.

Міндеттері: - оқушыларға тақырыпты жан-жақты ұғындыру.

- ізденіс жұмысына баулу, ой мен тапқырлық жүйелерін арттыру.

-оқушыларды,елін,жерін құрметтеуге,патриотизмге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. Проблемалық сұрақ-тапсырмалармен жұмыс, талдау.

ББҮ кестесімен жұмыс.

Көрнекілік: карта,сызба, кесте, суреттер /Шыңғысхан,«Отырар шайқасы» бейне баян көру.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Технология: СТО элементтері

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут )

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 10 минут )

ІІІ. Жаңа сабақ. (10 минут)

ІV. Қорытынды ( 15 минут)

V . Үйге тапсырма (1 минут)

VІ. Бағалау (1 минут)

І Ұйымдастыру кезеңі.Тренинг .Танысу сағаты

Оқушылар топпен бөлініп отырады.Бойлары бойынша топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

І топ тапсырмасы Әр топқа үлестірмелік тапсырлалар.термин сөздер беріледі.

ІІ топ тапсырмасы

ІІІ топ тапсырмасы

Барлық топқа тапсырма

Қорытынды:

Ұлы Жібек жолының ХІV-ХV ғасырларда өз маңызын жойып, кейін мүлде өмір сүруін неліктен тоқтатты - деген сұрақ қойылады

- Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырушы Ұлы жол болса, осы жолмен қатар Солтүстік пен Оңтүстікті, Сібір –Арқа – Түркістанды байланыстырып жатқан меридианалды жол болған. Бұл жол көшпенділер деп аталатын , біздің ата-бабаларымыздың үшін өмір жолы болды.

Жаңа сабақ: Монғол шапқыншылығы

Проблемалық сұрақ: Қазақ жерін Шыңғысхан өз әскерімен баса көктеп кіріп, жаулап алмағанда не болар еді

Итермелеу сатысы Мұғалім ББҮ кестесі бойынша жұмыс жасайды

Енді маған кестенің бірінші бағанын толтыруға көмектесіңдер

Біз Отырар қаласы мен Шыңғысхан туралы не білеміз , не айта аламыз?

Оқушылар ең маңызды идеяларын айтады, толтырады.

3 минут

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Әл-Фараби дүниеге келді
Атақты кітапхана болды
Бірнеше шапқыншылық болды
Оңтүстік Қазақстан облысында
Ұлы Жібек жолының бойында
Ұлы қолбасшы
Монғол ханы
Жаулап алушы

- Сонымен, біз Отырар туралы көп біледі екенбіз, бірақ біз одан да көп білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді?

Жаңа сабаққа көшу.

І топ тапсырмасы .Монғолдардың Қазвқствн аумағын жаулап алуы басталуы.

ІІ топ тапсырмасы.Отырар апаты.

ІІІ топ тапсырмасы.Ұлыстардың құрылуы. Постер қорғау.

Сергіту сәті.Бинго ойыны.

Бекіту: 1- тапсырма.

Зымыран сұрақтар.Әр топқа


2- тапсырма.

Оқушыларды отаншылдыққа, елсүйгіштікке баули отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.

1. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.

2. Отан үшін отқа түссең де күймейсің.

3. Отан от басынан басталады.

4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

5. Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

6. Отан оттан да ыстық.

7. Ер есімі ел есінде.

8. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.

9. Ерлік білектен емес, жүректен.

10. Жүк ауырын нар көтерер,

Ел ауырын ер көтерер

3- тапсырма«Кім жылдам?» ойыны

Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
2.
Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?
3.
Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?
4. Қарапайым халық қайда тұрды.
5. Монғол мемлекетін кім құрды?
6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?
7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?
8. Бұл қырғын қалай аталады?

Ашық тест тапсырмалары.

Жабық тест тапсырмалары

Кері байланыс.Шамадан.Еттарқыш.Қоқыс жәішігі.

Үйге тапсырма: Кескін картаға ұлыстардың территориясын түсіру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі