Моногибридті будандастыру 9 класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Моногибридті будандастыру 9 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдейді Генетикалық есептер шығаруды үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді

Сабақтың тақырыбы: Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру


Бөлім:

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Педагогтің аты-жөні:

Сулейменова Р.Т.

Күні:

02.02.25ж

Сыныбы: 9 б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.2 моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу

Сабақтың мақсаты:

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдейді

Генетикалық есептер шығаруды үйренеді

Құндылықтарға баулу:

жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 минут.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3.Оқушыларды топтарға бөледі

4. «Бір қадам артқа» әдісі арқылы өткен тақырыптан ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылайды:

Мұғаліммен амандасады.

«Бір қадам» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу сұрақтарына жауап береді:

-Генетика ғылымы нені зерттейді?

-Г.Мендель генетикаға қандай үлес қосты?

-Таза сорттармақтар дегеніміз не?

-Г.Мендель неліктен зерттеу жұмыстарына асбұршақ өсімдігін қолданды?

-Г.Мендельдің заңдарын ата.

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады

Қағаз қиындылары

Жаңа сабаққа кіріспе

20 минут

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында берілген суреттерді талқылау. Оқушыларға жалпылама сурет беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Екі асқабақтың және мына жылқылардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

. Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

5 мин.

Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпқа қысқаша шолу жасапң термин сөздер мен генетикалық таңбаларды дәптерге жазу тапсырмасы беріледі

«Түртіп алу әдісі: Жеке жұмыс. Мәтінді оқып танысып шығады. Термин сөздер мен генетикалық таңбаларды дәптерге түсіреді.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.

Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Топтық жұмыс

3 минут

Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.


Сәйкестендіру тапсырмасын орындату арқылы оқушыларды жылдамдыққа және жүйелі есте сақтауға қалыптастырады

Берілген терминдерді анықтамаларымен немесе мысалдарымен сәйкестендіреді.

Генотип

Ағзадағы гендердің жиынтығы

Фенотип

Генотиптің көрінетін бейнесі

АА

Доминантты гомозигота

аа

Рецессивті гомозигота

Аа

Гетерозигота

3:1

Г.Мендельдің ажырау заңындағы фенотиптің белгісі

Генетика

Белгілердің тұқым қуалау және өзгергіштігін зерттейтін ғылым

Г.Мендельдің бірінші заңы

Басымдылық заңы

Г.Мендельдің екінші заңы

Ажырау заңы

Хромосома

Тұқым қуалау ақпаратын сақтайды

Моногибридті будандастыру

Тек бір ғана белгісі бойынша будандастыру

Таза сорттармақтар

Өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің аталығы мен аналығы немесе гомозиготалылар

Грегор Мендель


Генетика ғылымының негізін қалаған чех жаратылыс зерттеушісі


Дескриптор:

1.Генетикалық шатты белгілерді біледі

2.Терминдердің анықтамаларын біледі

3.Г.Мендельдің заңдарын ажырата алады

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ, қағаз қиындылары

Топтық жұмыс

3 минут

Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады.


«Қазынаны іздеу жолында» әдісі. Сабақ тақырыбына қатысты ақпараттарды жалған ақпараттармен араластырады. Оқушылардан оларға қажетті және қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрайды.

«Қазынаны іздеу жолында» әдісі карта бойымен қозғала отырып, берілген шынайы және жалған ақпарттарды ажыратып, шынайы ақпараттарды сандықшаға жинайды

-Бұршақ өсімдігінің бар болғаны 7 белгісі бар(шындық)

-Бұршақ өсімдігі айқас тозаңдану арқылы көбейеді(жалған)

-Мендель алғашқы болып Пеннет торын қолданып, генетикалық есептер шығарды(жалған)

-Тек бір белгісін ғана ескеріп шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады(шындық)

-Генотип дегеніміз ұрпақтардың сыртқы бейнесі(жалған)

-Таза сорттармақтардан біркелкі ұрпақ шығады(шындық)

Дескриптор:

1.Г.Мендельдің заңдарын ажырата алады

2.Дұрыс ақпараттарды белгілейді

3.Қажет емес ақпараттарды ажыратады


Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ, қағаз қиындылары

https://wordwall.net/ru/resource/52072073

Топтық жұмыс

3 мин

Моногибридті будандастыруға арналған генетикалық есепті ұсынады.


Ұрпақтардың фенотипті белгілі болған жағдайда аталық пен аналық генотиптерін анықтауға арналған есеп беріледі:

F2-ұрпақтар қызыл және ақ раушан гүлдері болса, F1-ұрпақтың генотип пен фенотип белгілері қандай?

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып, бәріне берілген ортақ есепті дұрыс әрі жылдам орындайды. Есептің жауабы Г.Мендельдің қай заңына сәйкес келетінін анықтап, түсіндіреді.

Дескриптор:

1.Моногибридті будандастыру есептерін шығара алады

Құрал-саймандар, АКТ


https://padlet.com/rabila2576/9-71fg7snpjh3hlihf

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

2 мин.

«Алма ағашы» әдісі арқылы оқушылар берілген стикерлерге бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлерін жазып, алма ағашына іледі

Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін, білімдері мен сабаққа деген ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Мұғалім оқушыларды Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Стикер қағаздар







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
196
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі