«МОРФОЛОГИЯ МЕН СИНТАКСИС: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ»
ЭЛЕКТИВТІК КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ»
Калакова Сауле Ораковна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімі,
педагог-эксперт

Аннотация
Мақалада 6-сынып оқушыларына
арналған «Морфология мен синтаксис: теориядан тәжірибеге» атты
авторлық элективті курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
қарастырылады. Бағдарлама оқушылардың морфологиялық және
синтаксистік білімін тереңдетіп, тілдік сауаттылығын, логикалық
және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Автор
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, практикалық бағыттағы
тапсырмаларды қолданудың тиімділігін көрсетеді.
Тірек сөздер: морфология, синтаксис, тілдік құзыреттілік, теория,
тәжірибе, шығармашылық тапсырма.
КІРІСПЕ
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың тек білім алуымен шектелмей, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілеттерін дамыту, яғни функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетудің маңызды тетігі – оқушының тілдік құзыреттілігін арттыру. Қазақ тілін меңгеру барысында морфология мен синтаксис салалары тілдің ішкі құрылымдық жүйесін, сөздің жасалуын, сөйлемнің құрылысын және олардың өзара байланысын түсіндіретін негізгі бағыт болып табылады.
Тілдің грамматикалық жүйесін меңгеру – оқушының сауатты жазуы мен дұрыс сөйлеуінің негізі. Әсіресе 6-сынып кезеңі оқушылардың ойлау, талдау, салыстыру және қорытындылау қабілеттері дамитын, тілдің құрылымдық заңдылықтарын терең түсіне бастайтын кезең болып табылады. Сондықтан морфология мен синтаксисті теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қатар оқыту – тілдің құрылымдық жүйесін саналы меңгеруге мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисі тіл мәдениетінің өзегі ретінде оқушылардың ойды жүйелі жеткізу, сауатты жазу және орфографиялық-пунктуациялық нормаларды сақтау дағдыларын қалыптастырады. Бұл бағыттағы білім оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық тұрғыда ойлануға жағдай жасайды.
Қазіргі білім беру мазмұны оқушылардың зерттеушілік және практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталғандықтан, «Морфология мен синтаксис: теориядан тәжірибеге» атты элективтік курс осы бағытты жүзеге асырудың тиімді құралы болып табылады. Бағдарлама тек грамматикалық білім беруді көздемей, сонымен қатар оқушылардың жеке пікірін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге және тілдік материалды өмірлік жағдаяттарда қолдануға баулиды.
Сабақтарда зерттеушілік әдістер, шығармашылық тапсырмалар, жұптық және топтық жұмыстар, талдау және салыстыру тәсілдері кеңінен қолданылады. Бұл оқушылардың өзара ынтымақтастықта әрекет етуіне, тілге деген қызығушылығын арттыруға, сөйлеу мәдениетін дамытуға септігін тигізеді.
Бағдарламаның өзектілігі – оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, морфология мен синтаксис салаларында берік практикалық дағды қалыптастыру. Мұндай бағыт тіл білімін тек пән ретінде емес, өмірлік қажетті құрал ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың морфология мен синтаксис бойынша теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, тіл мәдениетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері:
Сөз таптары мен сөйлем түрлерін жүйелі меңгерту;
Морфологиялық және синтаксистік талдау жасауға үйрету;
Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылықты қалыптастыру;
Сөйлеу мәдениетін дамыту және сөздік қорды байыту;
Топтық, жұптық жұмыс арқылы ынтымақтастықта әрекет етуге баулу;
Шығармашылық ойлау мен тілдік рефлексияны жетілдіру.
Өзектілігі
Морфология мен синтаксис – қазақ тілінің құрылымдық негізін құрайтын басты грамматикалық салалар. Бұл бағыттағы білім оқушылардың тілдік сауаттылығын ғана емес, логикалық ойлау қабілетін де дамытады. Бағдарлама мазмұны олимпиада мен ғылыми жоба жұмыстарына дайындық жүргізуде, сондай-ақ шығармашылық тапсырмаларды орындауда тиімді қолданыс табады. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда, өз ойын жүйелі түрде жеткізуде нақты әдістемелік көмек береді.
Бағдарламаның ерекшелігі мен жаңашылдығы
Педагогикалық жаңалығы:
Бағдарламада теория мен тәжірибе өзара ұштасып, әр сабақта
практикалық тапсырмалар, зерттеушілік элементтер және интерактивті
әдістер қолданылады.
Психологиялық жаңалығы:
Тапсырмалар оқушылардың өзіндік белсенділігін арттырып, көпшілік
алдында еркін сөйлеуге, өз ойын дәлелдеп айтуға
бағытталады.
Практикалық жаңалығы:
Бағдарлама мұғалімдерге морфология мен синтаксисті тиімді оқытуға
арналған қосымша материалдар мен әдістемелік нұсқаулар
ұсынады.
Күтілетін нәтижелер
Бағдарлама соңында оқушылар:
Морфология мен синтаксис бойынша теориялық білімдерін терең меңгереді;
Сөйлемдерді грамматикалық тұрғыда дұрыс құрастырады;
Морфологиялық және синтаксистік талдау жүргізе алады;
Орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастырады;
Сөздік қоры байып, ойды еркін жеткізе алады;
Сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлай біледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Морфология мен синтаксис: теориядан тәжірибеге» атты авторлық элективтік курс – 6-сынып оқушыларының тілдік және танымдық құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік бағдарлама. Бағдарламаны оқу үдерісіне енгізу оқушылардың грамматикалық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл курс арқылы оқушылар тілдің ішкі жүйесін ғылыми негізде түсініп, оны практикалық тұрғыда қолдануға дағдыланады. Бағдарлама қазақ тілін оқытуда теорияны тәжірибемен ұштастырудың тиімді үлгісі болып табылады және мұғалімдердің практикалық қызметінде әдістемелік құрал ретінде кеңінен пайдалануға лайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған:
ҚР «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007 (2020 ж. толықтыруларымен).
Орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана, 2021.
Әміров Р. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Санат, 2003.
Оралбай Н. Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: ҚазҰУ, 2011.
Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.
Оқушыға арналған:
Қосымова Г., Сәтбекова А. Қазақ тілі. 6-сынып оқулығы. – Алматы: Атамұра, 2022.
Қазақ тілі. Олимпиадаға дайындыққа арналған тапсырмалар жинағы. – Астана: ҰБА, 2023.
Морфология және синтаксис бойынша жаттығулар жинағы. – Алматы: Мектеп, 2020.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«МОРФОЛОГИЯ МЕН СИНТАКСИС: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ» ЭЛЕКТИВТІК КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ»

шағым қалдыра аласыз