400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мотивация - қозғаушы күш ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта еріншектік, жалқаулыққа қарсы адам бойында белгілі бір іс әрекетке итермелейтін қозғаушы күштердің барын ұмытудамыз, сол мақсатта мотивация жайлы жазуды жөн көрдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мотивация - қозғаушы күш ретінде»

Еліміздегі ең алғашқы университеттерінің бірі - Қазақ Ұлттық университеті білікті де білімді студенттерді жыл сайын шығаруда. Университет төрінде өткізілетін пресс конференциялар, дөңгелек үстелдер біршама ауқымды мәселелерді шешуге көмектесіп жатыр. Сәуірдің 4-6 аралығында өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференция бірталай қызу мәселелерді ой-талқыға салып, тың жобаларға толы болды. Оқу орнының елімізде «білімнің қарашаңырағы» атауына ие болуы бекер емес. 90 гектар аумақта 30000 студент пен 4000-ға жуық профессорлар 67 кафедрада білім алып, білім беруде. Бұл көрсеткіш басқа университеттерде жоқ. ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылып, «QS Asia University Rankings 2023: Central Asia» рейтингінде 1-ші орынды иеленді, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингінде «5 жұлдызды» үздік алған Орталық Азия өңіріндегі бірінші және жалғыз жоғары оқу орны және «Times Higher Education» (THE) WUR – 2023 университеттерінің әлемдік рейтингінде ҚазҰУ 1201-1500 позициясын иеленді бұл көрсеткіш әлем бойынша барлық 30000 университеттердің ішінен көрсетілген болатын. Ол талғалдырады. 90 жыл бойы еліміздің түкпір-түкпіріне мықты маман иелерін даярлап, әлемдік рейтингтерден көрінуде. ҚазҰУ 16 факультеттен тұрады, соның бірі философия және саясаттану факультетінің психология дисциплинасы жайлы сөз қозғамақпыз.

Бір семестр бойы психология туралы түсінік қалыптасты. Еліміздегі "Рухани жаңғыру" атты бағдарламаға сай білім берілді. Психологиядағы ерік түсінігі, мотивация, стресс менеджмент сияқты тақырыптардың түр-түрі меңгерілді. Осының арасынан қазіргі таңға өте актуалды және релевантты түсінік - мотивация жайлы бірер сөз айтайық. Қазіргі уақытта кей адамдар бір нәрсені соңына дейін іске асыра алмауда. Оның себебі осы мотивацияның, белгілі бір тұрғыда стимулдың аз болуында.

Мотивация - бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді. Психологияның көзқарасы бойынша, мотивация - адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Ұғым адамның нақты бір мақсатка жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыста «Адам нені калайды?», «Ол неге ұмтылады?» сұрақтарына жауап беріледі екен. Адамның талабы әркашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты. Адамдарда әрдайым бір нәрсеге мақсат пен кажеттіліктер бар. Қажеттілік бұл бір мұқтаждықтың қанағаттануы, ол адам үшін приоритет болып табылады.

Мотивация механизмінің дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшеліктерін алдын-ала анықтау мәселесі маңызды. Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше ерекшеліктері бар:

адам мотивациясының шығу тегі әлеуметтік сипатта болады. Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірістің нәтижесі болып табылады. (А.Н.Леонтьев, Мильман);

адам мотивациясының биологиялык мотивациядан айырмашылығы - қоғам қажетіне жауап береді.

адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнның тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы ықпалдың әсері зор. (Иванчук, Симонов)

адам мотивациясы - интеллект, сөйлеу, санамен тікелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен);

адам мотивациясы ерік процестері көмегімен жүзеге асырылады.

адам мотивациясынын тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдык дербестігі организм қалпына байланысты болады.

адам мотивациясының өмірлік алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский);

іс-әрекеттің полимотивациялық сипаты мотивтердің қажеттіліктерге поливелентті қатынасы (Додонов, Имедадзе);

адам икемділігі, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)

Бұл атап айтқандардың бәрі де адамның мотивация тұрғысынан ерекшеліктері.

Жалпы осы мотивация ұғымы әр іс-әрекеттерімізді бастар алдында дұрыс болуы керек екен. Егер де бір нәрсені дұрыс ынта жігерсіз бастайтын болсақ, ол іс-әрекеттің нәтижесі оң болмайды. Егер бір нәрсенің теріс нәтижелі болып шықпауын қаласақ, онда мотивацияны ынталандыратындай етіп ойлау керек. Қорытындылай келе, мотивация ол адамның жетілуіне қозғаушы күш, оны пайдалана отырып өте көп жетістікке жетеміз!



Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Мейрамбекұлы Ұ., 1-курс студенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.04.2024
140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі