400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мотивация табиғаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж











Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Мотивация табиғаты













Орындаған : Жазықбай А.А

Тексерген: Бисенова С.К







Орал 2019-2020 оқу жылы





Мотивация –адамдарды өзін белгілі бір күйде ұстауға мәжбүрлейтін күштер жиынтығы. Кез келген күні қызметкер сөгіс алып қалмау үшін мүмкіндігінше көп әрі ауыр немесе керісінше, мүмкіндігінше аз жұмыс істейді. Менедждердің мақсаты- бірінші мінез-құлық ықтималдығын арттыру, ал екіншісін –барынша азайту. Жұмыс орнындағы мотивацияның қаншалықты маңызды екенін түсінгенде, бұл мақсат айқындала бастайды.

Жұмыс орнында қызметкерлердің ынландырудың маңызы. Жекелеген өнімділік көбінесе үш нәрсемен : мотивация, қабілет және жұмыс ортасымен өлшенеді. Қызметкердің егерде қабілеті болмаса, онда оқытуды қамтамасыз етеді немесе қызметкерді алмастырады. Ресурстарға байланысты проблема туындаса, менеджер оны түзетуі керек. Ал проблема мотивацияда болса, онда менеджердің жұмысы қиындай түседі. Жеке мінез –құлық күрделі құбылыс және менеджер мәселенің нақты сипатын және оны шешу жолдарын анықтау қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан мотивацияның өнімділік өлшемі ретіндегі маңызына, оның қолға ұстап көрметін сипатына байланысты.

Мотивация процесі қажеттіліктің жетіспеуінен бастау алады. Мысалы, қызметкер қосымша ақы төленбейтіндігін сезгенде, көп табысқа жету қажеттігін түсінеді. Оған жауап ретінде қызметкер қажеттілігін қанағаттандыру үшін көбірек жұмыс атқарады. Бұдан кейін ол карьерасын ары қарай жалғастыру әдісін таңдайды. Таңдалған әдісті орындағаннан кейнң ол бар уақытын жұмыспен өткізед. Осындай ауыр жұмысқа қарай еңбекақысы көтерілсе, әрине ол үшін үлкен мотивация болады. Ал егерде еңбек ақысы көтерілмейтін жағдайда, ол басқа саланы таңдайды.

Мотивацияға тарихи көзқарас.

Дәстүрлі ұстаным Ф.У.Тейлордың еңбектерінде жақсы көрсетілген. Тейлор ынталандыру төлемдері жүйесін енгізуді қолдады. Ол қызметкерлердің қарағанда менеджерлер атқарылатын жұмыстар туралы көбірек білімді және экономикалық пайда адамдардың барлығы үщін негезі мотивация деп есептеді. Дәстүрлі ұстанымдарға қатысты, бұл өзінің табиғаты жағынан, көпшілік адамдар үшін жағымсыз және қызметкерлер алатын ақы олар атқаратын жұмыстың табиғатына қарағанда анағұрлым маңыздырақ деген де болжамдар бар. Сәйкесінше, жеткілікті деңгейде ақы төленс, адамдар кез келген жұмысты орындай алады деп есептеуге болады. Ынталандырушы фактор ретінде ақшаның рөлін шығаруға болмайды, сонда да, дәстүрлі ұстанымды жақтаушылар ақшалай өтемақының рөлін тым тар мағынада қарастырады және басқа лда ынталандырушы факторларда ескермейді.

Адами қарым-қатынас ұстанымы. Адамдар арасындағы қарым- қатынасты зерттеушілер жұмыс орнындағы әлеуметтік процестердің рөлін атап өтті. Олардың негізгі болжамдары- қызметкерлердің өзін пайдалы әрі маңызды сезінуі, оларда күшті әлеуметтік қажеттіліктер болуы және олардың мотивациясына қарағанда бұл қажеттіліктер ақшадан да маңызды екені. Адами қарым- қатынас ұстанымын жақтаушылар менеджерлер қызметкерлерге өзін маңызды сезінуге және өзін –өзі басқарып, бақылауына мүмкіндік бергені дұрыс дейді. Қызметкерлердің шешім қабылдауға қатыстым деп ойлауы мен олардың негізгі әлеуметтік қажеттіліктерін маңыздылығы осылардың орындалуын барынша ынталандыруға әкеледі дейді.

Адами ресурстары ұстанымы. Мотивациядағы адами ресурстары ұстанымы қажеттіліктер мен мотивацияларды бір қадам алға жылжытады. Адами қарым –қатынастар шешім қабылдауға үлес қостым және қатыстым деп ойлау мотивацияны арттырада деп болжағанымен, адам ресурстары ұстанымы үлестің өзі жеке адамдар үшін де, сол сияқты ұйымдар үшін де құнды деген көзқарас ұсынады. Ол адамдар үлес қосқысы келеді және шын мәнінде үлес қоса алады деп есептеді. Басқарманың міндеті – қатысуға көмектесу және адам ресурстарын қолдана алатын жұмыс ортасын құру. Бұл философия қызметкерлердің мотивация туралы заманауи көзқарастарды жетілдіреді.

Қажеттіліктер иерархиясы.

Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы

Иерархияның төменгі жағында тіршілік ету және биолоигялық функцияларды атқару үшін қажет азық –түлік , секс және ауа сияқты негізгі проблемалар –физиологиялық қажеттіліктер орналасқан.

Ары қарай қауіпсіз физикалық және эмоциялық орта үшін қауіпсіздік қажеттігі талап етіледі. Бұл деңгейде баспана және киім алуға деген ұмытылыстарды және ақша мен жұмыстың қауіпсіздігі туралы – үрейден азат болу қажеттігін қамтиды.

Сүйіспеншілік қажеттігі әлеуметтік процесттермен байланысты. Олар махаббатқа деген мұқтаждық пен құштарлықты, сондай –ақ өз құрдастарын қабылдау қажеттігін қамтиды.

Құрметті ие болу қажеттігі шын мәнінде екі түрлі өзін –өзі позитив бейнелу және өзін –өзі құрметтеу қажеттігі мен басқаларға мойындату қажеттілік жиынтығын қамтиды.

Иерархияның жоғары жағында өзін –өзі жетілдіру қажеттілігі орналасқан. Ол ары қарай өсу және жеке даму үшін әлеуетті жүзеге қамтиды. Өзін –өзі жетілдіру менеджер үшін ең күрделі мәселе болып табылады.

ERG теориясы. Осы және осыған ұқсас сын ескертулерге жауап ретінде, мотивацияның ERG теориясы әзірленді. Бұл теория Маслоудың әзірлеген теориясын үш деңгейге қысқартады. Бар болу қажеттіктері физиологиялық және қауіпсіздік қажеттіктеріне сәйкес келеді. Байланыста болу қажеттігі әлеуметтік ортаға қалай қатысы бар екеніне назар аударады. Осы схемадағы жоғары деңгей - Өсу қажеттігі өзін –өзі құрметтеу және өзін- өзі жетілдіру қажеттігіне сәйкес келеді.

Қос факторлы теория. Тағы бір танымал теориялардың бірі – мотивацияның қос факторлы теориясы. Ф.Герцберг өз теориясын 200 бухгалтермен және инженермен сұхбаттасқаннан кейін әзірлеген болатын. Бір қызығы ол қанағаттануға және қанағаттанбауға түрлі факторлар байланысты екенін анықтады. Яғни адам «төмен еңбекақыны» қанағаттанбаумен теңестіргенімен, «жоғары еңбекақыны» қанағаттанудың себебі ретінде қарастырмас еді. Сонымен бұл нәтиже Герцбергті жұмысқа қанағаттанудың дәстүрлі көзқарасы толық емес деген қорытынды жасауға мәжбүрледі. Бұл көзқарас қанағаттану мен қанағаттанбауды жалғыз тұтастықтың екі қарсы жағында деп пайымдады. Бірақ Герцберг жүргізген сұхбаттар: біреуі қанағаттанудан қанағаттанбауға дейін, екіншісі –қанағаттанбаудан қанағаттануға дейінгі екі түрлі аспектіні анықтады.

Осы теория аясында шексіздікке ықпал ететін факторлар:

Мотивациялық факторлар:

  • Жетістік

  • Құрметке ие болу

  • Жұмыстың өзі

  • Жауапкершілік

  • Көтермелеу және өсіру

Факторлар:

  • Басшылық

  • Жұмыс жағдайы

  • Тұлғааралық қарым- қатынас. Төлемдер мен қауіпсіздік

  • Компания саясаты және әкімшілік













Жетістік қажеттігі- үшеунің ішіндегі ең танымалы, мақсатты немесе тапсырманы бұрынғыдан гөрі сапалырақ орындауға деген ұмтылыс. Жоғары жетістікке деген қажеттілігі бар адамдарда жеке жауапкершілікті қабылдағысы келу, салыстырмалы түрде қиын мақсат қою тенденциясы, арнайы және жылдам түрде пікір алу қалауы және өз жұмысына берілгендігі байқалады.

Осы қажеттіліктерді алғаш болып анықтаған психолог Дэвид МакКлеланд, АҚШ халқының 10 %-ын ғана жетістікке қажеттігі бар деп есептеді. Оған қарағанда, Жапония халқының қызметкерлері төрттен бір бөлігі жетістіктің жоғары қажеттігінде байқалды.

Құрметке ие болу қажеттігі айтарлықтай анық емес. Маслоу иерархиясындағы сүйіспеншілік қажеттігі сияқты, құрметке ие болу қажеттігі- адамдармен тығыз қарым-қатынаста болу.

Билік қажеттігі - топ ішіндегі мәртебеге ие болу мен ортаны бақылауды қалау. Зерттеу қорытындысы билік қалауы жоғары адамдар үстем атқарушылар, жақсы қатысушылық көрсеткіштері бар және басқарушы лауазымды иеленетінін көрсетті.

Мазмұндық көзқарастың қолданылуы. Менеджерлер Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы, Альдерфияның қажеттілік теориясы, қос факторлы теория мен жетістік, құрметке ие болу және билік қажеттігі –барлығы мотивацияға себеп болатын факторлардың мазмұны туралы түсінік беретінін ескеруі керек. Олардың орындалмауы мотивация процесінен көрініс табады.





Жоспар:

І. Кіріспе.

«Мотивация туралы түсінік»

ІІ.Негізгі бөлім.

«Мотивацияға тарихи көзқарас»

ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Қос факторлы теория»



































Пайданылған әдебиет:

«Менеджмент» Рикки У.Гриффин

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі