Мозаика
құрастыру «Гулдер»
Сабақтың
тақырыбы: Мозаика
құрастыруды үйренеміз: «Гүлдер»
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімділік:
Оқушыларды
түрлі - түсті қағаз қиындыларынан гүлдер
жапсырмалауға
үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін
сақтауға үйрету;
б) Дамытушылық:
Қолдың
ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен
мөлшерлей білуге, қағазды үнемді
пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін
іс жүзінде қолдана білу арқылы ой -
өрісін
дамытып, өз ойын толық жеткізе
білуге баулу, сөздік қорын молайту,
шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
в)
Тәрбиелік:
Оқушылардың
еңбекке деген қызығушылығын арттыру,
өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу,
эстетикалық талғампаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Жаңа
білімді меңгерту
Сабақтың
түрі: Дәстүрлі
Сабақтың
әдістері: көрсету,
сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, интерактивті
әдістер, т. б.
Сабақтың
көрнекілігі:
еңбек, ойын құралдары, ереже, слайд, т.
б.
Техникалық
құралдары:
мультимедиалық құрал, ноутбук.Пәнаралық
байланыс: ана
тілі, математика, қоршаған орта, бейнелеу
өнері,
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а)
Психологиялық дайындық:
Сәлеметсіз
бе?! Амансыз ба?! Біздің сыныбымызға қош
келіпсіз!
ә) Мұғалім: балалар, қазір
болатын сабағымыз - еңбекке баулу. Бізге
бүгін қонақтар келіпті. Сабағымыз бүгін
ерекше болмақ. Олай болса сабағымызды
Сергіту
сәтімен бастайық.Мақсаты:
оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру.
Шарты: мұғалім сабаққа
қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар
үндемей өз орында отырып құралдарын
көрсетуі тиіс.
Жалпы
білімді тексеру
Сұрақтар:
1.
Қатырма
қағаз
дегеніміз не?
3. Қағаздың түрлерін
ата..
Жаңа білімді түсіндіру:Түрлі
түсті қағаздан мозайкалар үй құрлысында
және жолдарда безендіруге пайдаланады.
Мозайка дегеніміз әр түрлі ұсақ тастардан,
мата, қағаз қиықтарынан шыны сынықтарынан
құралатын өрнек немесе сурет.
а)
Мозаика құрастыру туралы айту.
ә)
Слайдпен жұмыс.
б) Мұғалімнің
көрсетуі.
Қайшымен
жұмыс жасау қауіпсіздігі
1.
Еңбек сабағына арналған ұшы доғал
қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз
жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының
ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны
ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға
қайшыны жабық түрінде сабы жағымен
ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме,
ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына
зер салып қи.
8. Жұмыс
соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен
жұмыс жасау қауіпсіздігі
1.
Желімнің қақпағын абайлап аш.
2.
Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3.
Артығын сүрткішпен алып таста.
4.
Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс
соңында қақпағын жауып, орнына
қой.
Қылқаламмен
жұмыс жасау қауіпсіздігі
1.
Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2.
Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның
ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды
ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында
қылқаламды орнына сал.
Жаңа
білімді қорыту
а)
Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә)
Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в)
Жұмыс орнын жинау.