Сабақ
жоспары
Күні:
18.09.2019 ж
Сынып:
7
«А»
Тақырыбы:
«Мозаика.Саңырауқұлақ жасау.
Мақсаты:
1.Оқушыларға саңырауқұлақ туралы
мағлұмат беру.
2.
Балаларға оны пластмассадан қалай,
жасалу жолы, үйрету, қол қимылын
жаттықтыру, әсемдікке, ұқыптылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
Пластмассадан ұсақтап жасауды танып
білуде оқушы білімін жан - жақты арттыру;
Жұмыс
барысында оқушыны таза жұмыс орындау
қабілетін дамыту;
Ұқыптылыққа,
әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Видеоақпарат, дайын жұмыс үлгісі,таратпа
материал,керекті құрал-жабдықтар
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылармен сәлемдесу;
-
Сабаққа қатынастарын анықтау;
-
Назарларын сабаққа аудару;.
ІІ.
Жаңа сабақ
Сабақты
бастамас бұрын, тақырыбын анықтап
алайық. Ол үшін экрандағы ребусты шешіп
көріңіздер.
(Экраннан
«Саңырауқұлақ» ребусы көрсетіледі).
Жақсы,
балалар, яғни бүгінгі сабақта біз
сіздермен саңырауқұлақ жайында айтатын,
жасайтын боламыз. Ол жайында мағлұматты
өзеріңіз экрандағы бейнероликтен ала
аласыздар. Мұқият қарап, атауларын есте
сақтап алыңыздар..
Видеоақпараттан
кейін оқушылардан сұрау:
Бейнероликте
не жайында айтылды?
Саңырауқұлақтың
қандай түрлері бар екен?
Адамға
пайдасы бар ма?
Сіздер
саңырауқұлақтың қандай түрлерін
білесіздер?
Саңырауқұлақтың
адамға зияны бар ма?
Саңырауқұлақтың
қандай түстері кездеседі?
Жақсы,
бүгінгі біздің дайындайтын саңырауқұлағымыз
жеуге жарамды саңырауқұлақ. Атауы –
сазқатпа немесе орысша сыроежка. Бұл
саңырауқұлақтардың ішінде көп тараған
түрі, қалпақтары түрлі – түсті, көбінесе
қызыл түсті болып, орманға сән беріп
тұрады. Саңырауқұлақтың бұл түрін
қуыруға, қайнатуға, тіпті тұздап жеуге
болады. Оларды көбіне бәліштердің ішіне
салса, ерекше дәм береді.
Біздің
бүгінгі жасайтын саңырауқұлағымызға
арналған пластик бөліктерінің түсітерін
анықтап алайық. (Тақтадағы дайын үлгіні
талдау).
Саңырауқұлақ
қандай бөліктерден тұрады? (Қалпағы,
денесі, шөбі)
Қалпағына
қандай түс қолданылған?
Денесі
қандай түсті?
Шөптің
түсі қандай?
Қауіпсіздік
ережесі
Қиылған
пластиктерден сол түстерді дайындап
қояйық.
Олармен
қалай жұмыс жасаймыз?
Оны
қағазға орналастыру, жапсыру үшін не
қолданылды? (Қылқалам мен желім).
Оларды
қалай дұрыс пайдалану қажет? Қандай
ережені сақтаймыз?
Жұмыс
орны қандай болу қажет?
Жұмыс
барысында ережені сақтаңыздар, абай
болыңыздар. Жұмысымыз қызықты өту үшін,
аздап сергіп алайық.
ІІІ.
Сергіту сәті.
Видео
сергіту сәті.
IV.
Сарамандық жұмыс
Желімді
керекті мөлшерде қалпақтың кішкене
бөлігіне жағып, қызыл түсті пластик
қиындыларды ретпен, бір – біріне жақын
орналастырып, жапсырамыз;
Саңырауқұлақ
денесіне сол тәсілмен ақшыл сұр түсті
пластик бөліктерін алып, ретпен
жапсырамыз;
Келесі
бөлікте саңырауқұлақ орналасқан жер,
яғни – шөпке жасыл түсті пластик
қиындыларын пайдаланамыз. Оларды да
ретпен жапсырамыз. Дайын саңырауқұлақты
желім кепкенше қойып қоямыз.
V.
Қорытынды
Жұмысымызды
аяқтасақ, «Саңырауқұлақтар» ойынына
кезек берейік. Ол үшін бізге 2 топ қажет.
Ойын шарты бойынша 1 – топ - жеуге жарамды
саңырауқұлақтарды, 2 – топ – жеуге
жарамсыз саңырауқұлақтарды себеттерге
толтырулары қажет.
(Мұғалім
тексереді)
-
Бағалау: Саңырауқұлақтарымыздың желімі
кепсе, жұмыстарымызды талдайық. Аяқталған
жұмыстарды тексеріп бағалау;
-
Сапасын тексеру.
-Балалар
сонымен біз бүгін тек саңырауқұлақ
мозаикасын құрастырып қана
қоймай,саңырауқұлақ туралы біршама
ақпаратты біліп үйрендік.Келешекте
өмір жолымызда бір пайдасы тиеді деген
ойдамыз.
Рахмет!