400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МҚБЖ Microsoft Access. Программаны іске қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
мәліметтер қоры туралы мәлімет ала алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР№5

Пән атауы

АВТОМАТТЫ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Тақырыбы

МҚБЖ Microsoft Access. Программаны іске қосу

Күні:24.01.19ж

Оқытушының аты- жөні: А.Ж.Дауренбекова

Топ:211

Қатысқандар саны____

Қатыспағандар саны __

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Студенттерге МҚБЖ Microsoft Access программасымен таныстыра отырып программаны іске қосуды меңгерту

Күтілетін нәтиже

МҚБЖ Microsoft Access программасымен танысады

Программаны іске қосу жолдарын меңгереді

Мәліметтер қорын ажырата алады

Сілтеме

http://bilim-all.kz/article/1804-MQBZH-Malimetter-Qoryn-Basqaru-ZHuiesi

Ресурстар

интерактивті тақта слайд компьютер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекет

Қолданылатын әдіс тәсілдер

Сабақтың басы

«Тамаша» Шаттық шеңберін құру.

  • Студенттермен амандасу.

  • Студенттерді түгендеу.

«Тамаша» шаттық шеңберін құрып барлығымыз интерактивті тақтада жазылған «Бүгін қандай кермет күн! Мен өте қуаныштымын сабаққа келгенімен, сендермен болғаныма!» Жылы, жайдарлы күлімсіреу көңіл-күймен бір-бірімізге қараймыз.


«Жұмбақ» топқа бөлу әдісі. Шаттық шеңберде әр студентке парақта жазылған жұмбақ беріледі суреттегі жауаптар арқылы топқа біріктіремін.

Топқа бөлу:

  • кітаптар

  • стденттер

  • кітапхана

Үй тапсырмасын сұрау:

«Құдайы қонақ» әдісі арқылы әр топтан студент «мәліметтер қоры» шағын презентацияларын барып оқиды.

Шаттық шеңбері

«Жұмбақ» топқа бөлу әдісі


«Құдайы қонақ» әдісі

Сабақтың ортасы

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • МҚБЖ Microsoft Access программасымен танысады

  • Программаны іске қосу жолдарын меңгереді

  • Мәліметтер қорын ажырата алады


«Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы әр топ сабақтың мақсатын тұжырымда және білімді жаңартуда өзара әңгімелесу.






«Джигсо» әдісі. Үш топқа «мәліметтер қоры», «инфологиялық жобалау», «даталогиялық жобалау» тақырыптары беріледі, топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы слайдпен топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

«Мәліметтер қоры»

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.

Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты.

«Деректерді жобалау»

ДБ жобалау процесі алдын – ала пәндік облыстағы объектілер классификациясын жасауға, жүйеге келтіргенде объектілер және олардың арасындағы бойынша туралы ақпаратты береді.

Жобалаудың бастапқы кезеңдерде ДБ – ң тізімі аңықталуы керек. ДБ логикалық құрылымын жобалауда инфологиялық модельдің деректер моделіне ауысып кетуіне жағдай жасайды және нақты МББЖ қолданылады да тексеру болғаннан кейін модель пәндік облыста суреттеледі.

Кез – келген пәндік облыстың модельде суреттеудің көптеген жобалаудың шешімдері бар.

Жобалау әдісі ең кішкентай логикалық бірлігі (олардың әртүрлі аталуына қарамастан) барлық МББЖ семантикалық тең болады және объектің идентификаторына сәйкес келуі керек немесе объектің қасиетіне немесе процеске.

Пәндік облыстағы зат арасындағы байланыстар, инфологиялық модельде сипаталады, даталогиялық модельде инфологиялық элементердің бірге орналасуына байланысты суретелуі немесе олардың арасындағы байланыстың жариялауында. Байланыс іштей жазу сырттай жазу деңгейде де берілуі мүмкін.

Байланыстың барлық түрі емес пәндік облыста нақты түрде сипатталуы мүмкін. Көптеген МББЖ элементер арасындағы М:М байланысты қолданбайды.

«Реляционды функциялар»

Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының амалдарына негізделген. Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE механизмін қолдану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға қолдануға болады. Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу, шығару құралдары жоқ. Microsoft Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды, мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді. SQL программалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін қамтымағанмен, программаны жасау құралына қосады және Delphi жүйесіне ендірілген. Сонымен қатар, SQL командаларымен жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және компоненттер бар. Delphi-де мұндай компоненттерге Query, SQLQuery және ADOQuery мәліметтер жиыны жатады. SQL тілінің функциялары:

Статистикалық функциялар:

• AVG() – орташа мән;

• MAX() – ең үлкен мән;

• MIN() – ең кіші мән;

• SUM() – қосынды;

• COUNT() – мәндердің саны;

• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;

Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:

• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;

• LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;

• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;

• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі символдардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;

• CAST(<Expression> AS <Type>) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;

Сергіту сәтті: «Кім жылдам» Бас,бел,аяқ деп кезек-кезек айтамыз жаттығу жасайды





«Бір минуттық әңгіме» әдісі Диалогтік оқыту




Диалогтік оқыту, АКТ

Дарынды/талантты балаларды оқыту, Көшбасшылық пен басқарушылық

Сабақтың соңы


Кері байланыс.

жаңа материал бойынша дербес компьютерде әр студент №1, №2, №3 тапсырмаларды орындайды.

толдтырады.

АКТ

ББҮ кестесін

Рефлексия «Аяқталмаған ой»

Студенттерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін  стикерлер таратамын. Теориялық білімді қанша студент меңгергенін бақылаймын.


“Аяқталмаған ой”

1. Бүгін мен … білдім

2. Қиындық туғызды

3. Енді мен …

4. Мен … үйрендім

5. Маған маңызды болып көрінді…




Оқытушы :_____________ А.Ж.Дауренбекова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі