400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

MS PowerPoint бағдарламасында оқытушының электрондық портфолиосын жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіскер портфолиосы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты













Өзіндік жұмыс


MS PowerPoint бағдарламасында оқытушының электрондық портфолиосын жасау.









Орындаған:

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы

« Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайының әдіскері,

Blended learning жүйесіндегі курстың тыңдаушысы

Жумагалиева Амангүл Багитжановна
















2017 Атырау






Портфолио– маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.

 Мұғалім портфолиосы дегеніміз-бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары. Қолданыстағы атауы: мұғалім портфолиосы, педагог портфолиосы.

Педагогтың білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері,оқу қортындысы ,тәрбиеленушінің тәрбиесі және оның дамуы, белгілі бір уақыт кезеңінде мұғалімнің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі жазылған жеке папка;

неғұрылым кешенді суреттеу арқылы өз қызметін жеке аспектілерін байланыстыратын мұғалім жұмыстарының жиынтығы;

мұғалімнің кәсіби қызметінің мәселелерін шешу үшін ,кәсіби тәртіп стратегиясы мен тактикасын таңдау және педагогтың кәсіби біліктілігінің деңгейін бағалауға араналған материалдар жиынтығы.

Портфолио функциялары

Жинақтаушы

Педагогтың кәсіби жетістіктерін көрсететін жұмыс коллекциясы.

Модельдік

Оқытушының өсу динамикасын көрсетеді,өз бетімен жүзеге асыру қортындылары;

Педагогке тән педагогикалық стильін көрсетеді;

Өзіндік кәсіби қызметіне рефлексия жасауға көмектеседі;

Педагогтың талқылау және өз-өзін бағалауы нысаны .

Педагогикалық

Портфолио педагогтың қызметтік ынтасын қолдайды;

Мақсаттар қою дағдыларын ,өз кәсіби қызметін жоспарлау және ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады;

Білім беруде табысқа жету талпынысын айғақтайды.

         Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

             • жүйелілік;

             • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;

             ақпараттың объективтілігі;

             • көрнекілік.

         Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту. Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

Портфолио:

Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;

Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.

     Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни уақыты көрсетіліп отырады. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.

Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерленген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.    

Электронды портфолио – бұл мұғалімнің кәсіби өсуінің құралы. Портфолио - мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Электронды портфолио - белгілі бір уақыт шеңберінде әр түрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.

Электронды портфолио - мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері. 

      Front Page Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған Microsoft Office 2003 құрамына кіретін программа. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және графикалық информациялар, навигациялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимацияларды пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберлерді пайдалануға болады. Front Page программасы Web-түйінге Microsoft Office-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және Power Point сияқты программаларда дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.

     Front Page программасы іске қосылғанда бірден редакциялау режимі пайда болады. Программаның негізгі терезесінің сол жағында жұмыс режимі тақтасы орналасқан. Үндемеген жағдайда Page(Бет) орналасады. Аспаптар тақтасы мен мәзір командаларын қолданып жаңа Web-беттер құруға, бұрынғыларын көруге және оларды редакциялауға болады.

      ҮЛГІ:

Портфолио құрылымы:

1-бөлім. «Ресми құжаттар»
2-бөлім. Кәсіби дайындығы мен біліктілігін көтеру туралы мәлімет
3-бөлім. Мұғалімнің жеке педагогикалық іс-тәжірибесін жалпылау және таратуы бойынша жұмыс.
4-бөлім. Республикалық,облыстық (қалалық)аудандық және басқа да кәсіби сайыстарға қатысуы.
5-бөлім. Пәндік оқыту мен тәрбие жұмысына оқытудың заманауи,оның ішінде ақпаратты коммуникациялық технологияларды пайдалану.
6-бөлім. Соңғы үш жылдағы білім алушылардың жетістіктер динамикасы.
7-бөлім. Мұғалімнің педагогикалық ісіне және оның жетістіктеріне берілетін пікірлер тізімі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі