жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
мұғаілім ҚМЖ коучинг
Сабақтың тақырыбы: Атамекен –қонысым «Туған ел» (Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу » толғауы бойынша екінші сағат) |
Мектеп: №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі |
||||
Күні: 18.10. 2018 |
Мұғалім: Алтынбекова Жайсакүл Тансыққызы |
||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар: 13 |
Қатыспағандар:жоқ |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру (7/Б/СI) |
||||
Сабақ нәтижесі: |
Барлық оқушылар орындай алады: : өлеңнің негізгі идеясын түсінеді,кейіпкердің бейнесін аша алады. |
||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадан мысалдар келтіре отырып, кейіпкер бейнесін ашуда ақынның шеберлігіне талдау жасай алады. |
|||||
Кейбір оқушылар орындай алады: : шығарма мазмұнындағы тарихи оқиғаны бүгінгі өмірмен салыстыра алады, үзіндіні жатқа айтады. |
|||||
Бағалау критерийі 1. Кейіпкер бейнесін ашады 2. Үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады |
мысалдар келтіре отырып, кейіпкер бейнесін аша алады; үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады; тарихи оқиғаны салыстыра алады. |
||||
Тілдік құзыреттілік:
|
Оқушылар орындай алады: : Қазтуған жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңіндегі кейіпкер бейнесін ашады, үзіндіні жатқа айтады, тарихи оқиғаны салыстырады |
||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: арайна-сабыр,ұстам; ебей басты-қауқиған;үлек-нар түйенің таза тұқымды бурасы, мауыт-түкті,бағалы қалың мата; мұшақат-мехнат; шалма-сәлде; кіре-жаз кіре; талақ ету-тастау; сырық-түндікті көтеріп ашуға арналған таяқ |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Қайғыланып асып барамын Ноғайлы –қазақ елімнен!- деген өлең жолын қалай түсінесің?2.Өлеңнің негізгі идеясы не деп ойлайсың?3.Неліктен жырау өлеңдерінің тақырыбы ел мүддесін қорғауға арналған? |
|||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының«Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» атты тармағындағы идеялар Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу » өлеңін оқыту барысында іске асырылады. |
||||
Ресурстар |
Оқулық,суреттер,стикерлер,топтық тапсырмалар,жіп,АКТ |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, география |
||||
Алдыңғы оқу |
Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақ барысы: |
Көрнекіліктер |
|||
Сабақтың басы: Ұйымдастыру
кезеңі:
|
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберіне тұрып: Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау менің басым Бәрін осы басқарған Мынау менің сол қолым Мынау менің оң қолым Барлық істі атқарған Ал оқушылар , жүрегіміз бен ақылымызға сенім білдіріп сабағымызды үй тапсырмасын сұраудан бастаймыз. Оқушылар «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді. Тақтада ілулі тұрған стикерлерді алып топқа бөлінеміз. Стикерлер арқылы топқа бөлу. 1-топ «Туған жер» тобы 2-топ «Жуалы» тобы 3- топ « Ауыл» тобы
|
Жіп
Стикер
|
|||
Сабақтың ортасы: (23 минут)
|
Ой түрткі: Бекболат Тілеуханның орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім! туындысын тыңдата отырып,Тәуелсіз Қазақстанның бейнесін ашатын бейнематериал көрсетіліп,оқушылар ойларын айтады,сабақпен байланыстырады. «Кім сұрақ қояды?» әдісі Бірінші топ: Қазтуған мен Еділ өзені туралы; Екінші топ : Жуалы өңірі туралы ; Үшінші топ: Ауыл туралы сұрақтар құрастырып, сұрақтарды топтармен ауыстырып сұрақтарға жауап беріп ақпараттарды ортаға салады. «Пазлдарды құрастыру» әдісі арқылы шығарма үзінділері пазл түрінде таратылады. Оқушылар пазлда жазылған үзінділерді оқып, топпен мағынасына сай мәтін құрастырады. Толық құрастырылған мәтінді әр топтан бір оқушы сынып алдына шығып мәнерлеп оқиды.Жұмыстың нәтижесінде шығарманың толық нұсқасы жинақталады. |
АКТ Бейнематериал
Топтық тапсырмалар
Парақтар
Өлең үзінділері жазылған парақтар
|
|||
Қорытындылау: (7-минут) |
«Туған жер» тобы кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, жаттайды. «Жуалы» тобы ақын қолданған сөздердің кейіпкерді бейнелеудегі әсерін талқылайды. «Ауыл» тобы «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Пікір. Өлеңдегі кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып, өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. |
Оқулық |
|||
Сабақтың соңы 5 минут
Үй тапсырмасы:
Кері байланыс:
|
«Туған жер-тұғырың, туған тіл- Қыдырың» тақырыбында эссе жазу
«3-2-1» әдісі
|
Стикерлер |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша ақпарат |
||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді Қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті Қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|
|
|
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгіноқушылар не білді? Сыныптағы ахуал Қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген