15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Мұғалім
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.
Сабақтың міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндет:
-өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін ашуға үйрету;
Сыни тұрғыдан ойлауға байланысты міндет:
-оқушы бойында сенімділік қасиеттерін орнықтыруға шығармашылық
жұмыстарды сәтті орындауымен қол жеткізу;
Топтық жұмысқа байланысты міндет:
-топтағы оқушылар бірін- бірі тыңдайды;
Күтілетін нәтиже:
1.Өлең мазмұны мен идеясын түсінеді.
2.Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін ашады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Мозаика», «Бес жолды өлең», «РАФТ», «Автор орындығы».
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1.Құралдар: ноутбук
2.Көрнекіліктер: тақта , бор, суреттер, стикер.
|
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин) Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин) |
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Мәтіннің мазмұнын сұрау. |
Өзіне тілеген жақсы тілектерін көршілеріне айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
|
І. Қызығушылықты ояту. (8 мин) |
«Мозаика» әдісі бойынша мектеп, мұғалім, қоңырау, оқушы деген топтарға бөлініп отырады. - Осы сөздерді мәтін шығатындай ретпен қалай қояр едіңдер? Мысалы: 1. Мектеп. 2. Қоңырау. 3. Оқушы. 4. Мұғалім. -Балалар, осы мәтіндегі басты кейіпкер кім болар еді деп ойлайсыңдар? -Өлең кейіпкерін мәтіндегі кейіпкермен ойша салыстырып, айырмашылығын байқап отырыңдар. -Себебі қоңырау соғылса да, мұғалімсіз сабақ басталмайды. Мұғалімсіз ... (мектеп болмайды) Мұғалімсіз ... (білім болмайды) Мұғалімсіз ... (оқу жоқ) Мұғалімсіз ... (шәкірт жоқ) Мұғалімсіз ... Мұғалімге арнап «Бес жолды өлең» жазу. |
Оқушылар бұлай қойылу ретін түсіндіреді. Ауызша сөйлемдер құрастырады. -Мұғалім. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. 1.Тақырып – Мұғалім 2.Суреттеу – мейірімді, ақылды. 3.Қимыл – береді, оқытады, тәрбиелейді. 4.Сезіну – Мұғалім ақылды, мейірімді адам. 5.Синоним – ұстаз. |
|
ІІ. Мағынаны тану. (10 мин) |
-Олай болса, ақын Н. Жанаевтың «Мұғалім» өлеңіндегі басты кейіпкермен танысайық. -Ақын мұғалімге деген халық құрметін қалай білдіреді? -Шәкірт үшін мұғалім кім? -Оқушы ұстазына қандай серт береді? Әр топ өлең шумақтарына ат қояды.
-Сонымен, өлеңдегі мұғалім бейнесі мен мәтіндегі мұғалімнің бейнесінен қандай айырмашылық таптыңдар? |
Оқушылар іштей оқып, өлең кімнің атынан жазылғанын анықтайды. Өлеңдегі шәкірт ойын ашып береді. Өлеңнен үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдейді. Мысалы: 1. Мұғалімге тағзым. 2. Қамқоршы. 3. Өміріме үлгі. 4. Орындалар арман.
|
|
ІІІ. Ойтолғаныс (7 мин) |
«РАФТ» стратегиясы. -Р- рөл – оқушы -А – аудитория – адамдар -Ф – форма – (құттықтау, өтініш, алғыс хат, өлең) -Т – тақырып – Мұғалім |
Алдымен әр оқушы өз бетімен жұмыс істейді, одан кейін топтарда ортақ жұмысты құрады. Жұмысты қағаз бетіне түсіреді, талдайды, қорғайды. Орындалған тапсырманы қалаулары бойынша «Автор орындығына» отырып оқиды. |
|
ІV.Бекіту. (3 мин) |
-Осы мұғалім деген сөздің мағынасын тағы қандай сөздермен айтуға болар еді? -Сендер өз мұғалімдеріңді қалай атағыларың келеді? |
-Ұстаз, оқытушы, апай, ағай немесе аты-жөнімен. |
|
V. Қорыту. (2 мин) |
Формативтік бағалау. |
Өзін- өзі бағалау. |
|
VІ. Рефлексия. (2 мин) |
Өмірде пайдаға асатын: *Өзін білетін/үйренген 3 дерек; *Көкейіңде туындаған 2 сұрақ; *1 жұмыс түрін ата. |
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан үйренгенін және туындаған сұрақтарын жазады. |
|
VІ.Үйге тапсырма. (1 мин) |
Таңдауларың туралы қысқаша эссе үйде жазып келіңдер.Өлеңді жаттап келу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген