Мұғалім - мәртебелі мамандық

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалім - мәртебелі мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мәртебесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім мәртебелі мамандық

ЭССЕ

«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады »

Уильям Уорд

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын. Осы орайда, Б. Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деп, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу, оларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау, осындай ауыр жүкті алып жүру тек білікті ұстаздарымыздың ғана қолынан келетінін» айтып кеткен болатын.

Осы тұста мен «Ұстаздар мәртебесін көтеретін кім?», күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалімдер үшін қандай өзгерістер әкелді?» деген сауалдар төңірегінде ой бөліскім келеді. Нақтырақ айтсам, «Мұғалім мамандығы неліктен мәртебелі? » деген сұраққа өз пікірімді білдіріп көрсем. Заман қалай құбылса да, осынау бір ұлы мамандық иелеріне деген құрмет өз деңгейінде сақталып қалуы керек. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші.

Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің діңгегі, түп тамыры, жаны мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, икемділікті, мейірімділікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететін де ұстаздық. Олай дейтінім, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Ұстаз - үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мәртебелі маман. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өз ісіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде талай жеткіншектің жүрегінде мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі - өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Ұстаз мәртебесін көтеретін – сол ұстаздың өзі. Қазіргі қоғамда кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын, заман талабына сай, құзіретті, жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебеге ие болып, беделі артатындығын өмір өзі дәлелдеп отыр.
Қазіргі таңда мұғалімдердің қоғамдағы орнын айқындау мен беделін көтеруде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан кейін мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде... Дегенмен, мұғалімнің қазіргі жағдайы бұрынғыдан көп жақсарды. Олар: мұғалімдердің жалақысының көтерілуі, аз да болса, қағазбастылықтың азаюы.

Ендеше өз ойымды ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,- деген сөзін басты ұстанымға ала отырып, бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет екендігін айтқым келеді.Ендеше, баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы бола білген мұғалім мейірімге толы жүрегімен, бойындағы білімімен, парасатымен талай шәкіртті ақылды, мəдениетті, интеллектуалдық өрісі кең, заман талабына сай жан- жақты ақпараттандырылған, бәсекеге қабілетті заманға еркін енетін белсенді ұрпақты тəрбиелеп, мәртебелі мамандық иесі бола беретініне мен сенімдімін!

































«Үздік педагог-2022»

республикалық байқауының

ұйымдастыру комитетіне

Өтініш

Мен, Жуманазарова Гульнар Тожибаевна Түркістан облысы, Шардара қаласы Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазақстан Республикасы Педагогтер Қоғамының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлерін анықтап, оларды ынталандыру мақсатында өткізіліп жатқан «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына ұсынылған құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.



Күні :

Өтініш берушінің қолы:

Конкурстық кесте

Аты-жөні

Жуманазарова Гульнар Тожибаевна

Қатысушының фото-суреті


Мекен жайы (облыс,қала,аудан)

Түрістан облысы,Шардара ауданы,Шардара қаласы

Қызметі

Бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі

(еңбек кітапшасының суреті )


Ғылыми дәрежесі


Мемлекеттік және қоғамдық наградалары


Қатысушының кәсіби жетістіктері (педагогика саласында,соңғы 5 жылдағы)

Алғыс хат: «Барыс-2019» , «Алтын Қыран –Ерекше Дарын Иесі-2021» ,I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ-UBTEST-2021;Құрмет грамотасы: ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ - III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ALASH STAR»

Алғыс хат-2019ж АББ;Алғыс хат-2021ж АББ; Алғыс хат -2022ж аудандық кәсіподақ комитеті;Алғыс хат-2022ж аудан әкімі

Ғылыми- әдістемелік бағыттағы жұмыстары

Бастауыш сыныптың математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту /кітапша/. «Қазақстанның білім және ғылым әлемі»журналына мақала, «Білім жолы Нұрлы жол» VII жинақ

Оқушыларының жетістіктері

ДИПЛОМ –II орын III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ALASH STAR» байқауында Баратбай Ерсін , ДИПЛОМ –II орын «САМҰРЫҚ» Көпжасар Қасиет, ДИПЛОМ –IIІ орын «САМҰРЫҚ» Абуше Айзере,Дүйсенбекұлы Амир,Тайшығар Бибарыс, «Алтын қыран»-ІІ орын Есенали Айжұлдыз,Оралбай Балым.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2025
44
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі