«Алматы облысының білім
басқармасы» ММ
«Талдықорған қаласының
облыстық есту
қабілеті бұзылған балаларға
арнайы
мектеп-интернаты»
КММ
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәндерінің
мұғалімі Трусбекова Салтанат
Кабидулдановна
Ұстаздар күні мерекесіне
арналған концерттік бағдарлама
Тақырыбы: «Мұғалім –
мектептің жүрегі»
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін,
ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың
бойына дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін
әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері
жазылған видеоролик, слайд, әр түрлі шаралар,
гүлдер.
Өту барысы:
Тұрыңыздар келе жатыр
мұғалім!
Санжар :
Кім боласың?
Кім
болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте
жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар
қулар,
Мықты болсаң, мойындарын
бұрап
ал!
Аружан: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ
әлі!
Мектеп көрген әдептілер
айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар
жоғары!
Дархан: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы
осы.
Бос
уақыты сабақтан
басқа ойы
жоқ,
Қағаз
жазар әрбір түннің жартысы.
Диас: Махабатты: бала және
Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап
қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат
жазу,
Ал,
кәсібі: от беру мен от алу!
Мехрибан : Қашан көрсең бұл халықтың шат
бәрі,
Қашан көрсең күліп бара
жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық
нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің
бақыты!
Роман: Ал,
мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жүрегіңмен сездір оның
ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол
беріп,
Тастай қылып тындырып бер
жұмысын!
Лунара: ...
Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ
әлі!
Кім
болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр
мұғалім!
(Сахнаға екі жүргізуші мұғалім
шығады)
І
жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы біздің ұстаздар, ата
– аналар және оқушылар!
ІІ
жүргізуші:
Ұстаз! Осы бір сөзге терең үңілсек қаншама
мән-мағынасы бар, қасиетті ұғым екеніне көз
жеткіземіз. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген
Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса,
мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы
белгілі.
І
жүргізуші: Ұстаз – ұлы есім. Себебі ғылым иесі ғалым
да, ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, мал бағып тер төккен
шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан
тәлім алған, сондықтан бүгінгі барлық құрмет ұстаздарға
арналады.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі ұлы
мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге
саулық,
І жүргізуші: Қажымас
қайрат
ІІ жүргізуші: Шығармашылық
табыс
І жүргізуші: Жанұяларыңызға
бақыт тілейміз!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі
ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
І жүргізуші: Біз сіздерге
өздеріңіздің шәкірттеріңіз дайындаған мерекелік концертті
ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Ал, қазір, осы
мерекелік эстафетаны өзіміздің жас әріптестерімізге
береміз.
(сахнаға оқушылар
шығады.)
Лунара: Ғұлама білгір ғалымнан,
оқушы жас жалыннан, махаббаты ойшылдан, мал өсірген
қойшыдан,
Диана: Жазушыдан, ақыннан,
ғарышкерден, батырдан,
Мехрибан: Өнері асқан актерден, ырыс
қазған шахтерден,
Аружан: Мың бұралған бишіден, ой
тербеткен күйшіден, оқыған жас кәріден, оқушының
бәрінен
Хормен: Ұстаздарға мың
алғыс!
Жест
әні: «Мектебім», орындайтын:
Лунара және қыздар би тобы
(Әрі қарай оқушылар
жүргізеді)
Дархан: Армысыздар аяулы
ұстаздар!
Аружан: Бармысыздар білім нәрімен
сусындатқан ардақты жандар!
Дархан: Балалар, Ұстаз болған қандай
керемет!
Лунара: Дәптер
тексересің.
Диас: Баға
қоясың.
Дархан: Сабақ оқу керек
емес.
Лунара: Тентектік істесең ата-анаңды
мектепке шақырмайды.
Ақмарал: Ал, мен ұстаз болу жақсы ма,
оқушы болған жақсы ма, әлі түсінген жоқпын?! Себебі бастауышта енді
оқып жүрмін. Сабақ басталғанына бір-ақ ай
болды.
Санжар: Біз бүгін ұстаздарға демалыс
жариялаймыз. Дәл осы жерде фанфар ойнауы
тиіс!
(фанфар
ойналады)
Диас: Балалар, біз аз уақытқа
ұстаздармен орын ауыстырып көрейікші.
Санжар: Міне, идея. Мен, Ержанұлы
Санжар, мектеп директоры боламын. Бәрің келісесіңдер
ме?
Бәрі: Келісеміз.
Лунара: Мен, Ерланқызы Лунара, завуч
боламын! Себебі бәрінің менің қадағалауымда болғанын
қалаймын.
Диас: Мен компьютерді, жаңа
технологияны, ғаламторды жақсы көрем. Сондықтан мен Мұхтарұлы Диас,
информатика пәнінің мұғалімі боламын.
Аружан: Мен ән айтқанды жақсы көрем.
Сондықтан мен, Құрметханқызы Аружан, музыка пәнінің мұғалімі
боламын. Ал, бүгінгі мерекеге мен керемет әндер
дайындадым.
Дархан: Ал мен кім болам? О...
Химия. Бірақ ол өте қиын сабақ. Мүмкін биология. Ол да қиын.
Жарайды. Кім болатынымды кейін айтам. Себебі қателесуден
қорқам.
Санжар: Байқа. Көп ойланба. Әйтпесе,
жұмысқа қабылдамаймын.
Ақмарал: Мен оқушы бола берсем қайтеді.
Себебі мұғалім өте ақылды болуы керек. Мұғалім болу үшін маған әлі
көп оқу керек.
Санжар: Олай болса дәл осындай
ұстаздар арналған биді қабыл алыңыздар.
Би: «Полька»
(9а-сыныбы)
Санжар: Лунара, оқушылар үздік оқуы
үшін не істеу керек?
Лунара: Сабаққа кешікпей келу керек.
Үй тапсырмасын орындау керек. Мұғалімнің айтқанын орындау
керек.
Санжар: Ал нашар оқитын оқушылар
болмау үшін не істеу керек?
Аружан: Біздер, ұстаздар, сабаққа
дайындалуымыз керек. Дәптер тексеруіміз керек. Балалармен тіл
табысуымыз керек. Сабақ қызықты өтуі үшін слайд жасауымыз керек.
Жоспар құрып, журнал толтыруымыз керек. Қысқасы, жұмыс өте
көп!
Лунара: Соның бәріне қашан
үлгереміз?!
Санжар: Оданша бір тамаша ән
тыңдаңыздар
Жест
әні: «Ұстазым» (Санжар, Дархан,
Диас)
Оқушылар ұстаздар туралы
жыр-шумақтарын оқиды: Түлек, Ралан, Диана,
Балғын
Санжар: Мен мектеп директоры ретінде
балаларды жақсы көретін, білімді, адамгершілігі мол ұстаздарды
бағалаймын. Осындай қасиеттер біздің мектеп мұғалімдерінің бәрінің
бойында бар. Міне олар.
(Слайд арқылы мектеп
мұғалімдері көрсетіледі.)
Лунара: Олай болса, ұстаздарға
тамаша ән тарту етеміз!
Жест
әні: «Ұстазым», орындайтын: Аружан
және 9а-сынып ұлдары
Дархан: А – жуан, қ – қатаң... Жуанға
жуан, жіңішкеге жіңішке ...
Аружан: Дархан, ол
не?
Дархан: Ол қазақ тілі пәнінің
заңдылығы ғой. Мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі болғым келеді. Бүгін
мен оқушыларға эссе жаздырдым. Түсіндірме сөздігін
жүргіздім.
Аружан:
Қандай?
Дархан (оқиды):
Түсіндірме
сөздігі:
Каникул – жылдың ең қысқа
күндері.
Күнделік — үлкендерге көп
көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің
де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында
дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я
ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра
күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы — әжеме айтатын басты
сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі
қаруы.
Аружан: Балалар эссені қалай
жазды?
Дархан: Ой, қателері өте
көп!
Аружан: Ішінде бестік алған бала бар
шығар?
Дархан: Соның ішінде бір ғана оқушы
қатесіз жазыпты.
Аружан: Ол
кім?
Дархан: Ол - Ақмарал. Мен оған үйге
Мұғалім туралы аңыз тауып келуге тапсырма
бердім.
Ұстаз туралы
аңыз-монолог: Ақмарал (Слайд көрсетіліп,
музыкалық әуен қосылып тұрады)
Жаратушы о баста жұлдыздар мен
жерді жаратқан. Қараңғыдан жарықты шығарған. Содан бастап кеш
батып, таң ататын болған. Жаратушы екі ғажайып жарықты шығарады.
Үлкен жарық - күндіз сәуле беруші. Кішкентай жарық – түнгі аспанға
жарық беруші. Одан басқа жаратушы неше түрлі балықтар, құстар,
өсімдіктерді, аңдарды жаратады. Кейіннен адамды жасайды. Адам жерде
өмір сүре бастайды. Бірақ өмірлері жақсы болмайды. Олар әріптерді
де танымайтын. От жағуды да білмеген, үйлері де болмаған, егіндері
де болмаған, жұлдыздарды да санай алмаған. Өлең де білмеген. Аңдар
сияқты өмір сүрген. Бір күні адам қиналып, жаратушыдан көмек
сұрайды. Сол кезде жаратушы мұғалімді жасайды. Сөйтіп ол жерге
келеді. Мұғалім адамдарға әріптерді танытып, оқуға, жазуға, еңбек
етуге, қолөнерге, көп нәрсеге үйретеді. Жүректеріне мейірім
ұялатып, дос болуға, жақсы көруге, адамдыққа шақырады. Адамға өмір
сүру жолын көрсетеді. Содан бері адамның өмірі жақсарып, тіпті адам
өз қолымен ғажайып қалалар салған екен. Осы өмірдегі бар адам ұстаз
деген ұлы адамнан тәлім-тәрбие алып, өмір деген әлімде бақытты да
баянды өмір кешуде. Олар мұғалімге мәңгі қарыздар
екен.
Ұлы мұғалім! Сенің есімің
ғасырлардан ғасырларға өтіп келеді. Сенің жүрегіңді адамдардың жан
жүрегінің жасаушысы деп білеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын
қымбатты ұстаздар!
«Вен
вальсі» 9а-сынып ұлдары мен 8-сынып
қыздарының орындауында
Лунара: Біз бүгін ұстаз болудың
қаншалықты қиын екенін сезінген сияқтымыз.
Аружан: Аяулы ұстаздар осындай қиын
да қызыққа толы еңбектеріңіздің жана
берсін!
Дархан: Үлгілі де тәрбиелі
шәкірттеріңіз көп болсын!
Диас: Отбасыларыңыздан береке мен
шаттық кетпесін!
Ралан: Бақытты да баянды өмір
сүріңіздер!
Диана: Дендеріңізге саулық
тілейміз!
Роман: Осындай еңбектеріңізге Біз
шәкірттер құрметпен бас иеміз!
Хор :Мереке құтты болсын Аяулы
ұстаздар!
Санжар: Ендеше ендігі сөзді
ұстаздардың өздеріне берейік.
І
жүргізуші:
Ұстаздар қандай ғажап
халықсыздар.
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр
сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар.
ІІ
жүргізуші:
Біздің мектебімізде сөзі
маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине,
ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей,
қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Олай болса,
жаны жайсаң ұстаздар, шәкірттерге білім беру жолындағы еңбектеріңіз
шыңдала берсін. Сіздерге қажырлы қайрат пен мықты денсаулық
тілейміз!
І жүргізуші: Осымен ұлағатты
ұстаздар сіздерге арналған мерекелік линейкамыз
аяқталды.