Материалдар / Мұғалім – мәртебелі мамандық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұғалім – мәртебелі мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық атаулының төресі – ұстаздық десек, Ахмет Байтұрсыновтың "Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім дегеніміз не, бұл мектеп. Яғни, егер мұғалім білімді болса, онда балалар көбірек білім алады. Сондықтан мектепке, ең алдымен, педагогика мен әдістеме туралы түсінігі бар, оқу материалын жақсы жеткізетін мұғалім қажет" деген сөздерінің бүгінгі таңда өзектілігі арта түсуде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Шілде 2023
188
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Мұғалім – мәртебелі мамандық

Мамандық атаулының төресі – ұстаздық десек, Ахмет Байтұрсыновтың "Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім дегеніміз не, бұл мектеп. Яғни, егер мұғалім білімді болса, онда балалар көбірек білім алады. Сондықтан мектепке, ең алдымен, педагогика мен әдістеме туралы түсінігі бар, оқу материалын жақсы жеткізетін мұғалім қажет" деген сөздерінің бүгінгі таңда өзектілігі арта түсуде. Себебі: шәкірттің білімді, талапты, өзін-өзі басқара білетін жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын ұстаз. Себебі: жеткіншек ұрпақтың «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» болып, оттай лаулап жана ма әлде пәс тартып, шоқ боп бықсып жата ма – бәрі жақсы ұстаздан болмақ. Осы ретте, ұстаздақ жолды таңдаған менің мақсатым не?

Менің мамандығым – адамнан оның барлық күштері мен қабілеттерін қалдықсыз талап ететін кәсіп. Себебі мен ерекше азаматтық миссияны орындаймын – Қазақстанның жас ұрпағын, болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеймін. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген халық даналығын ұстаздық жолдағы ұстанымыма айналдырып, шәкірттеріме өз ұлтымның ұлттық құндылықтарын дәріптеймін. Оларға ұстаз есімін ардақ тұтып, оның білім теңізіндегі ерен еңбегінің бағалай білуді үйретемін.

«Тәрбиедегі басты мақсат баланы тәрбиешінің өзіндей емес, келешек өз заманына лайқ етіп тәрбиелеу» деген М.Жұмабаев сөздері мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігі зор екенін аңғартады. Ол оқушыға кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар рухани дағдыларды сіңіруі қажет. Баланың кез келген дарынын дамытып, жүрегіне жол табуып, олардың материалды меңгеруін, физикалық жағдайы мен қатар психикалық жағдайын да бақылауда ұстауы шарт. Әр оқушының жүрегіне жол таба білуі керек, өйткені олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ал егер мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас болмаса, онда бала да бұл пәнді меңгермейді. Абай ақындай айтар болсам «нашар ұстаз шындықты қайталайды, ал жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға көмектеседі». Шынымен де, жақсы мұғалім мектеп бағдарламасынан материалды оқып қана қоймайды, оны талқылауға, талдауға, осы мәселе бойынша өз пікірін айтудан қорықпауға үйретеді. Сол арқылы өз пәніне деген қызығушылықты оятады.

Сонымен қатар мұғалім оқушыларын білім нәрімен сусындатып қоймай мейірімділікке, саналылыққа, жауапкершілікке үйретеді. Шәкірттерінің бойында еңбекқорлықты, басқаларға қамқорлықты, әлсіздерге жанашырлықты, отбасы құндылықтарын, достықты қалыптастырады. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» екенін ұлы ақын Абай Құнанбайұлы сонау заманда айтып кеткен. Сондықтан болар жылдар жылжып, уақыт зымырап, кешегі бала шәкірттер, есейген сайын білікті ұстазын ризашылықпен еске алады. Ұстаз еңбегі ақталды деген осы болар.

Әрине, ұстаздықта жүректің батылдығы,сезімнің ақылдығы, мінездің ашықтығы, адамның асылы тоғысады. Өйткені ол өзіне адалдықты, өзін-өзі дамытуды, қарым-қатынас дағдыларын және ең бастысы балаларға деген сүйіспеншілікті, оларға білім беруге деген ұмтылысты үйлестіреді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ». Сондықтан нағыз мұғалім барлық ғасырларда мұғалім болып қала береді. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдай түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Осы ретте, ұлт болашағын ту етіп ұстаған ұстаздар қауымы өзіне жүкелген міндетті абыроймен атқарады деген қорытындыға келдім.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!