400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім – ол біздің

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік кештің мақсаты балалардың білім нәрімен сусындатып, бүгінгі өмір талабына сай ұлттық тұлға қалыптастырушы, ата-ананы, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелейтін мұғалім еңбегін сыйлап, қадірлей білуге үйрету болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім – ол біздің

Мерекелік кештің мақсаты балалардың білім нәрімен сусындатып, бүгінгі өмір талабына сай ұлттық тұлға қалыптастырушы, ата-ананы, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелейтін мұғалім еңбегін сыйлап, қадірлей білуге үйрету болды.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, суреттер.


Барысы:

1-жүргізуші.

Әріптерді үйретіп

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жирентіп

Ақыл болған кім бізге?

Десек ол – жан мұғалім

Таласады сірә кім?

Шаттық шеңбер: (Психолог)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және тәрбиешілер келіп отырған қонақтар, бұл өлең жолдары өздеріңізге арналған.

Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер бізге келген алғашқы күннен бастап біздің бойымызға ақылдылықты, адалдықты, инабаттылықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті үйрете білдіңіздер.

Аңыз, ертек, ән-жырдың,

Бәрін бойға құйғыздың.

Санамызға сен біздің

Бар асылды сыйғыздың.

Жақтың білім шырағын,

Рахмет саған, мұғалім!


Ән: «Анашым» Орындайтын саз жетекшісі.

Айжанар: Мінезі гүл-гүл жайнаған,

Білім бойда қайнаған

Ұлағатты ұстаздар

Бала қамын ойлаған.

Аманат: Шаттық кернеп жүрегімді

Гүлге орадың тілегімді

Көңілімді ақ қағаздай

Ұстаздарым біле білді

Дана: Сабақтан еш қалмаймыз

Сонда гүлдей жайнаймыз

Ұстаздардан үйреніп

Биіктерге самғаймыз.

Нұрхан: Әр шәкіртім ізімдеп

Береді терең білім көп

Шуағын шашып жананың

Қарайды жақсы күлімдеп

Нұрдәулет: Ұстаздарым қасиетті шынарым

Арналады сіздерге бар жыр әнім

Сіз-бәйтерек, біз жапырақ мәңгілік

Сізден алдық тамырлардың құмарын


Жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені, ол баланың көкірек көзін ашып, дүние танымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады. Сондықтанда болар небір дарынды ойшыларда, көк төсін шарлаған ғарышкерлерде, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да ұстазды пір тұтып, ерекше қадірлейді.


Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»


Жүргізуші: Ұстазым, анамдайсың, ыстық көзге

Сізден басқа жақыным бар ма өзге?

Сіз үйреткен қырық екі әріптермен,

Құрастырып жазам сәлем сізге.

Балалар, «Ұстаз» деген сөзді таратып айтар болсақ,

«Ұ» - ұлағатты

«С» - сабырлы

«Т» - талантты

«А» - ақылды

«З» - зерделі.

Олай болса осы ұстаз атына кір келтірмеуіміз керек. Абай атамыз өсейет етіп айтқандай: «Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек». Енднше ұлы жолдағы жауапты да, абыройлы жұмыстарыңызға жаңашылдық, шығармашылық табыс тілейміз.

Би: «Қуыршақтар»

Ән: «Кел билейік»

Жүргізуші: Қанатыңа дем беріп,

Талабыңды ұштаған.

Мінезіңді меңгеріп,

Тіл табуға ұста адам.

Аңсаттырған биікті,

Ол – ұстазың сүйікті.

Шәкірт қана – алаңы,

Өсиеті адалдық.

Тентек- шодыр баланы

Шығаратын адам ғып.

Тәрбиелі, білікті

Ол- ұстазың сүйікті-дей отырып ұстаздарға келген қонақтарға, дендеріңе саулық отбастарыңызға амандық, әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпесін. Бүгінгі «Гүлдер» тобының мұғалімдер күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сауболыңыздар.





Музыкант: Аяпова.Г.К




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2875
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі