Мұғалім әдебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім әдебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл кез-келген мұғалімдер арасындағы жиындарда өткізілетін коучинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұғалім әдебі. Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас».

Мақсаты: Өзін-өзі тану,түсіну, ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес,тәрбие берудің нысаны ретінде қарауы керек.

А.С.Макаренко.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Қай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi. К. Д. Ушинскийше айтсақ, «педагогика теориясын қаншама жетiк бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр-сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi». Ал, әдептен алыс мұғалiмдi қай оқушы сүйiп-құрметтемек?!. Педагогикалық әдеп — мұғалiмнiң әрбiр нақты ic үстiнде тәрбие мәселесiнiң ең ұтымды әдiс-тәсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп әкететiн кәсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң, жалпы және арнаулы бiлiмiнiң, мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.

1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.

2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Оқушының жеке басын танып-білуде, оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ:

1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады. Мұғалім жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты-оқушыларды жан-жақты білуі. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке тәрбиелеу керек. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені қарым-қатынас арқылы ұстанатын басты тұлға – мұғалім. Ұстаз бен шәкірт арасында тек жақсы қарым-қатынас болу керек деп ойлаймын. Мұғалімнің бойында игі тілек,  шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласпен көмек көрсету, олардың жан-дүниесін түсіну сияқты адамгершілік қасиеттері мол болса, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде болады. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстазының бойынан көргісі келеді. Егер шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, оның білім сапасына да берер үлесі мол деп білемін.

Жағдаяттық тапсырма.

1-жағдаят Оқушы мұғаліммен әңгімелесіп тұрып: «Сіздің басқа оқушыларға қарағанда, маған жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын»,-деді. Сіздің жауабыңыз?

2-жағдаят:. Оқушы сыныптасымен қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: «Мен онымен бірге оқығым келмейді»,-деді. Мұғалім ретінде не деп жауап бересіз?

3-жағдаят: Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп, оқушы: «Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесіз»,-деді. Мұғалім әрекеті.

4-жағдаят:. Мұғалім оқушыға тапсырма береді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей: -Орындағым келмейді,-деді. Мұғалім әрекеті.

5-жағдаят: «Сәкеннің ұялы телефоны Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап,ескертулер жасаған болатын». «Сен үшін менің телефонымды алып қойды» деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді» Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?

6-жағдаят:Болашақта журналист болғысы келетін оқушы физика сабағында «Бұл пән менің болашақ мамандығыма қажеті жоқ» деп кітап , дәптерін сөмкесіне жинастырып қойды.
Сіздің әрекетіңіз...
7-жағдаят: Математика сабағында күрделі есепті Алмас ұялы телефоны арқылы мұғалімнен жасырын берілген есептерді шығарып отырды. Оны бастапқыда байқамаған мұғалім оның белсенділігіне таң қалды. Бір кезде мұғалім сезіктеніп, оның есепті өзі емес ұялы телефон арқылы шығарып отырғанын байқайды.Сіздің әрекетіңіз...

Жеке тұлға жайғасып отырғаннан кейін сіздерге басында түрлі-түсті қағазадар таратылып берілді ендеше келесі тапсырма

Қазір көздеріңізді жұмыңыздар мен не айтамын сол тапсырмады тек көздеріңізді жұму арқылы жасайсыздар.

  1. Қағазды екі бүктеңіз

  2. Бұрышын жыртыңыз,

  3. Тағы бүктеңіз

  4. Бұрышын жыртыңыз,

  5. Тағы бүктеңіз

  6. Тағы бір бұрышын жыртыңыз

  7. Енді көздеріңізді ашып бүктелген қағазыңыздан не шықты соны бәріне көрсетіңіз

Осы туралы не айта аласыз? Әр кімде өзінің оюы шықты, бірақ бәрі бір тапсырма орындады. Осыдан қорытындылай келе бізге тапсырма бірдей берілгенімен әр адам ол жеке тұлға өз пікіріміз, өз әдіс-тәсілдеріміз бар сол арқылы балаға әртүрлі қарым қатынас жасаймыз.

Постер қорғау.

I топ. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасты қалай қалыптастыруға болады

IIтоп. Қарым- қатынасты нығайтудың жолдары қандай?

Педагогтың оқушымен жақсы қарым-қатынасты орнату ережелері Жақсы, жағымды қатынасты болу;

Сыныпта жәйлі психологиялық климат туғыза білу;

Оқушылармен сабақта, сабақтан тыс, қоғамдық орындарда мәдениетті сөйлесу;

Тәрбие мен білім беру;

Әр оқушыны жеке тұлға (индивид) ретінде қарастыру;

Педагог оқушылар мен ата-аналармен дұрыс қарым қатынас жасау;

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

Барлық адамдармен тең дәрежеде сөйлесу;

Сұхбаттанушының жеке пікірін сыйлау;

Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

Сабақты түрлендіріп, қызықты өткізу

Оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер: 1.Шыдамдылық танытыңыздар.

2.Сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыздар.

3.Эмоцияңызға еркіндік бермеңіз.

4.Себебін анықтамай жатып, қатты ұрыспаңыз

5.Өз әрекеттеріңізді  қадағалап, тұрақтылық танытыңыз.

6.Баланың өз бетімен өзгеруіне қызықтыра біліңіз.

7. Мәмілеге (компромис) келуге дұрыс шешім  қабылдауға тырысыңыз

8.Мадақтау жасалған әрекетке сай болуы керек

9. «Баланы түсінуге» тырысыңыз.

10.Жасөспірімнің ар-намысына және оның «жанды жеріне» аяушылық танытыңыз.

11.Балаға орынсыз көп сөйлемеңіз

12. Барлық мәселені уақытында шешіп алыңыз.

13. Әр сыныптың ата-аналар жиналыстарына қатысуға тырысыңыз.

14.Сынып жетекшілермен үнемі байланыста болыңыз.

15.Сәтсіздікті болжамаңыз

16.Баланың ересек досы болуға ұмтылыңыз.

Қазіргі нарықтық экономика заманында қоғам, сонымен бірге мектепте де жұмыс ауқымы кең және қиын екендігіне ешқайсысымыз да шүбә келтіре алмаймыз. Сондықтан әрбір жеке тұлға іскер, шаруашыл, ізденімпаз, шығармашыл, талғампаз болуы тиіс. Қазіргі міндет әр азаматты білімге емес ғылымға жетелеу болып отырғандықтан, жаңа заман, жаңа талап, ғылым заманы артқа қарап ойлануға мұрша бермеуде. Осындай зымырандай жүйткіген уақытта мұғалімнің жағдайы қандай деген ой көп толғандырды.

Балалық өмірдің ең бір қызықты кезеңдері мектепте өтеді. Сол мектептің тұлғасы – ұстаз. Осы ұстаз бен оқушы арасындағы көзге көрінбейтін, таразыға салып өлшенбейтін қарым-қатынасты яғни ынтымақтастықты қалай қалыптастыруға болар еді? Ұстаз шәкіртінің жан сұлулығын, тән сұлулығын зерделей отырып, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалап, қамқорлық жасап отыруы тиіс деп ойлаймын.

Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол. Қоғаммен,ұжыммен, оқушылармен әрдайым жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі. «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара» деген даналар сөзін естен шығармай жадымызда ұстайық,ұстаздар!

Кері байланыс. Бүгінгі коучингтен алган әсерлеріңіз,айтар пікір,ұсыныстарыңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2018
3157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі