Мұғалім –әлемдегі ең үздік мамандық, Жаңашылдыққа ұмтылу - оқу мен оқытудың негізгі мақсаты
«Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Информатика пәні мұғалімі Балимбетов Тимур Жайлаубаевич
Мұғалім, ұстаз сөздерін естісем, көңіліме керемет жылу келеді. Баланың көңілінен шығып, жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындататын ол әрине ұстаз. Мен үшін ең қасиетті де, қастерлі мамандық ол-ұстаздық ету. «Ұстаз болу –жүректің батырлығы» деп Ғафу Қайырбеков айтқандай ұстаз болу үшін үлкен батырлық керек.
Ұстаз – ұлы мамандық. Менің мамандығым – әлемдегі ең үздік мамандықтардың бірі. Осы мамандықты жан – тәніммен сезініп, сүю, ұрпақ тәрбиелеу, білім нәрімен сусындату ол менің басты мақсаттарымның бірі. Өйткені ұстаз әрқашан баламен тығыз қарым – қатынаста болып, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде үлгі болатын адам.
Мұғалім - оқушының адамгершілікке,ізгілікке сыни ойлауына, ұлттық құндылықты, төзімділікті, бейімделу қабілетін дамытуға өз үлесін қосатын маман иесі. Өйткені білім мен тәрбие егіз ұғым. Тәрбесіз берген білім адамзаттың қас жауы демекші ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Олай дейтінім, дүниеде қаншама мамандық болса,бәрі ұстаздан тәлім алады. Бұл асыл жанның берген білімі тіршілік атаулының өміріндегі шамшырағы секілді. Батыр да, ғалым да, данышпан да, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім нәрін алған. Нағыз ұстаз болу –бақыт әрі абырой. Ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов айтқандай мұғалім мектепің жаны демекші, шабыт пен даналықтың сарқылмас қайнар көзі ол әрине ұстаз болып табылады. Оның тәжірибесі, білімі мен оқуға деген құштарлығы оқушыларды білімге ұмтылуға өзін-өзі жетілдіруге шабыттандырады.Міне бұл нағыз батыл қадам іс.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген тәрізді негізгі сұрақтар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп білім алушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағддарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол аша отырып, тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен
инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап
көрсетілген.
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында білім алушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекеленген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі талаптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен білім алушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және білім алушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта білім алушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады. Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес. Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістердің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.
Белсенді оқытудың мәні-оқу үдерісі іс жүзінде барлық білім алушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында. Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету- мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін мәселелер: сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы; сабақта уақытты тиімді қолданбау; проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану; сабақта АКТ тиімді қолданбау; барлық білім алушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау; сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мән бермеу; сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі; жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау; оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі-сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.
Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын ала болжауға мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс.
Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.
Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.
Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алып, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің қалыптастыруға ықпал етеміз. Білім алушылар бойына мейірімділік, бір-біріне деген сенімділік қасиеттерін ұялата аламыз, себебі олар топпен жұмыс жасағанда бірлесіп жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артады. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» дегендей мұғалім өскелең ұрпақтың болашығын қалыптастыратын, өз жолын табуға, еліміздің тұтқасын берік ұстауға, шәкірт жүрегінен орын алатын, әлемдегі ең жақсы мамандық.Өз шәкірттерімнің білім шуағымен нәрлендіре отырып, адамгершілік қасиетін, мейірім шуағын болашақ ұрпақтың бойына дарыту арқылы Қазақстанның патриотын тәрбиелеуді басты міндетім деп санаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз