«Қараөзек»
жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
«Мұғалім»

Пән мұғалімі: Бектасова Гүлжан
Пәні: әдебиеттік оқу
Сынып: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Н. Жанаев
«Мұғалім»
Сабақтың мақсаты:
а)
Білімділік:
Мұғалім туралы түсінік
беру. Н.Жанаев туралы білімдерін
кеңейту. Өлеңді дұрыс
түсініп оқу. Ізденіске жетелей
отырып, өлең мазмұнын түсіндіру.
«Мұғалім» өлеңімен таныстыру.
Ұстаздық мамандық жайлы мәлімет
беру.
ә)Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын
молайту. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын
қалыптастыру. Өз ойын жүйелі түрде
жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқушылардың мұғалім туралы ой
– өрісін,дүниетанымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту.
б)
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, сыйлай білуге баулу. Топпен
бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа тақырыппен
таныстыру
Сабақтың
әдісі: сыни-тұрғыдан ойлау,
сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, сергіту
жаттығулары.
Сабақтың
көрнекілігі: Мұғалім
туралы суреттер,
мақал–
мәтелдер
Пәнаралық
байланыс: қазақ тілі,
өмірмен
Сабақтың
барысы:
1. Үй жұмысын сұрау. «Зеректік» мәтінін
сұрау
I.Қызығушылықты
ояту
Оқушылардан мұғалім туралы ой пікірлерін
тыңдау Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.
Мұғалім – шәкірттерге білім беріп, сауатын ашады. Мұғалімнен барлық
адам білім, тәрбие алған.
II. Мағынаны
тану.
Ақырын жүріп,
анық бас,
Еңбегің кетпес
далаға.
Ұстаздық еткен
жалықпас
Үйретуден
балаға.
Абай
Құнанбайұлы
Мұғалім Нұрхан
Жанаев
Білім алған өзіңнен Дәрігер, ұщқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен Қарайды жұрт,
мұғалім
Мен де өзіңді
әрдайым Қамқорым деп ұғамын. Күліп атқан таңдайын Жарқынсың сен,
мұғалім
Өз үлгіңді
ұстаймын, Айтқаныңнан шықпаймын. Мен балапан құстаймын, Баулыдың
сен, мұғалім.
Алда талай
өтермін Өмірдің зор сынағын, Өмірдің зор сынағын Өнегеңмен,
мұғалім
Оқулықпен
жұмыс.
Оқулықтан
өлеңді мәнерлеп оқытып, сұраймын
1.Өлеңдегі шәкірт ойын қалай
түсінесің?
2.Шәкірт бала қайталап айтқан «өмірдің зор
сынағы» деген не?
3. «Өмірде ұстазы жоқ адам болуы мүмкін бе?»
деген сұрақ жайлы ойланып көр.
Сергіту
сәті

Топпен жұмыс
жасау
1-топ мұғалім туралы мәтін құрастыру
2-топ мұғалім туралы өлең шығару
3-топ мұғалім туралы әндер айту
4-топ мұғалімдер туралы өлеңдер оқу

Дәптермен
жұмыс
1.Өлеңнің әр шумағына ат
қой.
2.Ұстаз еңбегі туралы эссе
жазу
Сабақты
қорытындылау.
-Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады? (
оқушылардың пікірін тыңдау).
Бағалау.Сабақта белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау, мақтау және
бағалау.
Үйге
тапсырма.
«Мұғалім» өлеңін түсініп оқып
келу