400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Мұғалім бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған тренинг.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренинг тақырыбы:

«Мұғалім бейнесі»

Қатысушылар: мектеп педагогтары (жас мамандар)
Мақсаты:  Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру ,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Жұмыс түрі:  топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар:  интерактивті тақта, доп, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар
«
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынана келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.


Тренинг ережесімен таныстыру.
 1.
Өз ойын ашық айту.
 2.
Өзгенің пікірін құрметтеу.
 3.
Шынайылық.
 4.
Белсенді әрекет ету.
 5.
Өз сезімін басқара білу.
 6.
Уақытпен санасу.


1 жаттығу. .  І. Сәлемдесу:  «Көрші»-1 минут
Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.
Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз   
Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз
Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде
Бастықты көргенде.


Рефлексия. Жаттығудан алған әсері туралы ой бөлісу.
№2 жаттығу. «Өзіндік таңдау»
Қатысушылар орындарына жайғасып, бір-бірден берілген сөйлемдерді өз ойынша аяқтайды.
1.
Менің  ойымша  мен...
2.
Өзгелер  мені...
3.
Мен  келешекте...


3 жаттығу. «Бала»
Әр қатысушы түсінік береді: «Бала дегеніміз – ол ...».



4 жаттығу. «Ырғақты тоқтату».

Қатысушылар арасынан бір мұғалім ролінде ойнайды, қалғандары тәртәпсіз оқушылар. Оқушылар сыныпта шулап, мұғалім 5 минут ішінде сыныпты тыныштандыру керек. Немесе қатысушылардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөліседі.


5 жаттығу. «Баға қою».

Қатысушылар шеңберге тұрады. Арасынан біреуі мұғалім, қалғандары оқушылар болады. Мұғалім роліндегі қатысушы негативті бағаны (екіні) бір оқушыға қоюы керек. Содан кейін, позитивті баға «бес» қоюы керек. Қалған қатысушылар мұғалімнің сол кездегі интоннациясын, эмоциясын қалай келтіргендігін, қандай сөздер айтқандығын бақылайды. Бұл рольде әрбір мұғалім болып көруі керек.

Психолог кеңесі: Оқушыға негативті баға қою кезінде мұғалім балаға деген өзінің қатынасын білдіру керек және сол баланың ертеңгі күні жақсы   оқитындығына сенімділігін көрсету керек. Мысалы: «Өкінішті-ақ, Дина. Бүгін менің саған екі қоюыма тура келді. Сен өте қабілетті оқушысын. Алдағы уақытта бүгінгі бағаңды түзетесін деп ойлаймын».
Оқушыға позитивті баға қою кезінде мұғалім баланың оқуға деген талпынысын бекіту керек. Мысалы: «Жарайсың, сен бүгін бес алдың. Осы жолыңнан тайма».



6 жаттығу «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты: 20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар 
бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
  «
Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
   «
Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
«
Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.
Мұғалімдер  өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың мұғалімдері, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


7 жаттығу. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөздер.
Қатысушылар шеңберге тұрып, нұсқаулықты тыңдайды: «Бір-екі  айдың  ішінде егер де Сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл шарды алып «Жұмыста  соңғы  кезде мені  қуантқан...» деген  сөйлемді  аяқтау  керек, ал  егерде  ренжіген  сәттеріңіз  басым  болса, «Жұмыста  соңғы  кезде  мені  ренжіткен...»  қызыл  шарды   алып  осы  сөйлемді  аяқтау  керек.


Рефлексия:
Не ұнады? Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін  3 сөзбен ғана  білдіреді, тілектерін айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.02.2025
158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12