Материалдар / “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту Кәсіптік деңгейін арттыру Топтық жұмыс жасауға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2020
1876
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың сценарийі

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Жүргізушілер:

  1. Чанваева Бактыгуль

  2. Кусаинова Назым

.

1-Жүргізуші,Назым :

Саламатсыздар ма, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңде жарқылдарың.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл:

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!


1-Жүргізуші, Назым:

Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі мектепішілік “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош келіпсіздер дейміз.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл::

Сайыстың мақсаты :

  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту

  2. Кәсіптік деңгейін арттыру

  3. Топтық жұмыс жасауға үйрету

Мектеп мұғалімдері еңбек өтіліне қарай 3 топқа топтастырылды.

1-топ, жас буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-10 жылға дейінгі мұғалімдер.

2-топ, орта буын мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі 10-13 жылға дейінгі мұғалімдер біріктірілді.

3-топ, жоғары буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 14-29 жыл аралығындағы мұғалімдер топтастырылды.

Ал еңбек өтілі 30 жыл аралығындағы мұғалім ардагер ұстаз ретінде ...... қазылар алқасы құрамынан орын алды. Мектеп әкімшілігінен мектеп директоры бастауыш мұғалімі ..........

1-Жүргізуші, :

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-Жүргізуші, :

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, үш буын өкілдері:

1-топ, жас буын өкілдері «Жас ұландар» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың, жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – сары түс, яғни білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.


1-Жүргізуші, Назым

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазалр алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, ақ түсті шарфты ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар.

(ақ шарф тағылады)

Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, орындарына жайғастырайық.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл::

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең. Шығармашылық көрме.

ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер сырттай төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:

  1. Еркін тақырып.

  2. «Қол жетті, міне, аңсаған күнге...»

  3. Менің ұстаздық кредом...

ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр... ол мынадай бөлімдерден тұрады...

  1. Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы (3 мин)

  2. Сән үлгісі. Болашақ мұғалім моделі (3 мин)

(Мұғалім - кеше, бүгін, ертең)

3. Панорамалық сабақ (5мин) «Жаңашылдық жолында», Әрбір сабақ ақ жауын болып жауады.

4. Тосын тапсырма (5мин)

3 командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер таратылып беріледі.

Команда мүшелері бұйым жасайды, оны қорғайды. Әр командадан 6 адам қатысады.

5. “Мұғалім болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (әзіл)

7. Өнер

1-Жүргізуші,

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру». Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы


2-Жүргізуші, :

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!


Сайыстың келесі кезеңі - сән үлгісі, «Болашақ мұғалім моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы


1-Жүргізуші,

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

, «Сайыстың келесі кезеңі – панорамалық сабақ үлгісі Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады», яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы


2- Жүргізуші,

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре-тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі - Тосын тапсырма

3 командаға 1 плакат, 5 шар, қайшы, клей, түрлі түсті қағаз, скоч, фломастер таратылып беріледі.

Сайыс ережесі бойынша команда мүшелері түгел қатысып, жасалған бұйымды 2 команда мүшесі қорғайды.Бұйымды жасауға берілетін уақыт мөлшері – 5 минут.


Ендеше бұйымды қорғау үшін сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы

Назым:

  • Бақтыгүл, сен қалай ойлайсың, нағыз мұғалім қандай болу керек?

Бақтыгүл:

  • Ой, Назым, білетінім нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді естігенім бар.... ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Мұғалім болу қандайды?...» рольдік көрініс әзіл түрінде

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы

Назым

  • Иә, Бақтыгүл, дегенмен мұғалімдік еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі күні тағы да көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ...

Бақтыгүл

  • Олай болса, сахна төріне жас буын өкілдерінің «Жас ұландар» тобын өнерін тамашалайық.

-------------------------------------------------------------------------------------------------

  • «Өрлеу» тобының ұстаздарының------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-«Нұрлы жол» тобының -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


І- Жүргізуші ,

Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша

2- Жүргізуші,: :

Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.

1-топ, жас буын өкілдері «Жас ұландар» тобы.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы.

Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.


1-Жүргізуші, :

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.


2- Жүргізуші, :

Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.

1- Жүргізуші, :

Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.


2- Жүргізуші, :

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!


Марапаттау








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!