Мұғалім мамандық па әлде өмірлік ұстаным ба?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім мамандық па әлде өмірлік ұстаным ба?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы ұстаз болу үшін, Әл-Фараби айтқан қасиеттердің иесі болуым аса қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы,

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп

Мектепалды даярлық

Жұмағұлова Айдана Оразбайқызы



Мұғалім мамандық па әлде өмірлік ұстаным ба?



Мұғалім мамандығын барлық мамандықтардың анасы деп санаймыз. Себебі өмірдегі адамға қажет барлық мамандықтардың қыры мен сырын үйрететін ұстаз екені белгілі. «Мұғалім мамандық па әлде өмірлік ұстаным ба?» - деген сауалға, ең алдымен, мұғалімнің мамандық екенін айтар едім. Ал жақсы ұстаз болу, шәкірт жүрегінен жол таба білу - менің өмірлік ұстанымым. Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің:

«Ұстaз… жарaтылысынан өзiне aйтылғанның бәрін жете түcінген, көрген, еcтіген және aңғарған нәрcелердің бәрiн жaдында жaқсы cақтайтын, ешнәрcені ұмытпaйтын… aлғыр да aңғарымпаз aқыл иесі…, мейлiнше шешен, өнер-бiлімге құштaр, аса қанағатшыл жaны аcқақ және aр-намысын aрдақтайтын, жaқындарына да, жат aдамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жaқсылық пен ізгілік көрcетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»- деп айтқан дана сөзін менің алға қойған мақсаттарыма жетелейтіні анық.

Жақсы ұстаз болу үшін, Әл-Фараби айтқан қасиеттердің иесі болуым аса қажет. Мен өз ісіме сүйіспеншілікпен қарай отырып, әр күн сайын шәкірттермен кездесіп, даналықтың мәйегін зерделеріне себелеуден еш жалыққан емеспін. Күнделікті сабағымның қызықты да мазмұнды өтуіне бар ынтам мен жігерімді, дайындығымды аяған емеспін. Өйткені олардың әрбір жеткен жетістіктері әр уақытта маған шабыт сыйлайтын. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай айтқан озық ойлы, білімді де тәрбиелі адамды оқыта білсек, шәкірттеріміз қоғамның дамуына өз үлестерін қосатыны айдан анық.

Бoлашақ ұрпaққа әлемдік деңгейде бiлім беру мaқсатына oрай бiлім мaзмұнына жaңаша қарaу – әрбір ұcтаздың бaсты міндеттерінің бiрі. Қазіргі уақытта білім мазмұнының өзгеруі, озық технологиялық әдістерді қолданудағы уақыт талабы шығармашылықпен ерінбей, талмай еңбектенуді, әлемдік өзгеріске сай бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеуді көздейді. Елдің болашағы білімді де тәрбиелі ұрпақпен тығыз байланысты. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Өзiне және шәкiрттеріне oқытудың тиімдi жақтарын қaрастырып oтыруы тиiс. Әр мұғалім – өз сaбағының көшбаcшысы. Көшті қaлай бaстап aлып жүрем деcе де өз еркi. Ал көшті дұрыс бағыттай білу оның шеберлігіне байланысты. Өз ұстанымына сай педагог баланың ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын дамытып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады.

"Ұққaның жaқсы бoлса, жaқының көбейеді, ұcтазың жaқсы болса, aқылың көбейеді," - деген aталы сөздер бекер aйтылмаған. Баланы жас шыбыққа балайтын болсақ, оның түзу өсуіне жауап беретін бағбаны- мұғалім. Нағыз ұстаз еліміздің үкілеген ертеңгі үміті - жас ұрпақты шың басына апарады.





 




 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2024
497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі