жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым -қатынасты жақсарту жолдары" тренинг - сабақ
Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым –қатынасты жақсарту жолдары.
Мақсаты: Өзін –өзі тану, түсіну, ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым - қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ұлағатты сөздер слайды.
Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым –қатынасқа көшу кезінде саяси –эканомикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделгіш, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Н. Назарбаев
Баланы мейірімнен меңгере алмаған адам қаталдықпен де бағындыра алмайды. А.П.Чехов
Мұғалімге қатаң болған жақсы
Мейірімді боған одан да жақсы.
Халық даналығы.
Қатысушы: мұғалімдер
Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер!Бүгінгі сабағымыз “Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым –қатынасты жақсарту жолдары” деп аталады. Ақын Мұхтар Құралов ағамыз жырлағандай:
Өзі үшін күймейтін
Өзгелерді сүйрейтін
Бақыты үшін баланың
Өзінің жанын илейтін – деген өлең шумақтарын еске ала отырып, сабағымызды бастаймыз.
Сабақ құрылымы:
1.“Таныстыру” жаттығуы
2.Көңілді шеңбер“флэш моб”
3.“Үйдегі адам” топқа бөлу
4.“Баға” жаттығуы
5.Жағдаяттық сұрақтар
6.“Кімнің қандай екендігін тап” сұрақ
7.Биопоэма
8.Ақыл – кеңестер
9.“Ашығын айтқанда” анкета сауалнама
Топтағы қағида
Белсенділікті арттыру
Бірігіп жұмыс істеу
Бір –біріне кедергі келтірмеу
Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
Өзіңе пайдалы нәрсені алу
1.“Таныстыру” жаттығуы
Қатысушылар 1-2 ге саналып бірінші, екінші қатарға тұру. Өздерін жақсы білу үшін бір –біріне сұрақтар қою керек. М-лы: нешедесің? Атың кім? т.б Ортаны ашып бір –бірін таныстыру керек.
2.Көңілді шеңбер “Флэш моб”
Қатысушылар екі шеңбер жасап, қимылдар жасау керек.1 адам қимыл жасайды, 2-ші адам бірінші адамның қимылын және өзінің қимылын жасау,
3.“Үйдегі адам” топқа бөлу
Адамдар еркін жүреді, екі адам бір – бірінің қолынан ұстап тұрады. Үйде екі адам деген кезде екі адамды, төрт адам деген кезде 4 адамды кіргізіп алу Осылайша топқа бөлінеді.
4.“Баға” жаттығуы
Мақсаты: Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің тиімді коммуникативтік амалдарын өндіру.
Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір негативті және позитивті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады. М-лы: “отыр екі!”
Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерінің интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады. “Өте өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың жақын күндері өзіңнің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін”.
Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. М-лы: позитивті баға қойған кездегі фраза төмендегідей болуы мүмкін. “Жарайсың бүгін сені бес деп бағалаймын, әрі қарай оқуыңды осылай жалғастыра бер”.
5. Ендігі біздің шартымыз жас ұстаздарымыздың жағдаяттардан, яғни тығырыққа тірелер сәттен жол тауып шығуын сынап көрелік.
1.Ата –аналар жиналысында Сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата –ана баласын жақтап, сізді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Бірақ ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілді қолданасыз?
2.Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба?
3.Оқушылар сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
4.Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?
5.Сабақ үстінде балалар келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
6.Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
6. “Кімнің қандай екендігін тап” жаттығуы
1. Кім ешқашан кешікпейді?
2. Кім ешқашан айқайламайды?
3. Кім барлығымен өте сыпайы?
4. Кімнің дауысы өте әдемі?
5. Кімнің көздері әдемі?
6. Кім өте көңілді және әзілқой?
7. Кім өте тұйық?
8. Кім өте адал?
9. Кім өте ақылды?
10. Кім өте әділетті?
7.Биопоэма
1. Есіміңіз
2. Өзіңізді сипаттаңыз?
3. Өмірде нені ұнатасыз?
4.Өмірде неден қорқасыз?
5.Басқа жандар үшін сіз өмірде кімсіз?
6.Басыңыздан өткізген қызықты оқиға?
7.Алға қойған мақсатыңыз?
8.Бүгінгі күні жеткен жетістіктеріңіз?
9.Мекен жайыңыз?
10.Тегіңіз?
8. Жас мамандарға психологиялық кеңес
Мақсаты: Жас педагог мамандардың ұжым арасында өзін –өзі ұстай білуге, бейімделу кезенің қалыпты өтуіне жағдай туғызу.
Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
1.Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз
2.Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз.Егер осындай бір жайт үстінде дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетіңізді білдіріңіз.
3.Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
4.Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
5.Балалардың бір –бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін “жаман”, “тәрбиесіз” немесе бәрін “әдейі” істейтін бала секілді сезінбейтін болсың.
6.Баланың отбасы мен ата –анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
7.Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
8.Баланың бастамасын “Өзіңнен сұраған кезде ғана айт” немесе “Өзіңе рұқсат берген кезде ғана жаса” деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
9.Ашуланбаңыз және өз ашуыңызды көрсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
10.Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл – күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып , сіздің қиналысаңызды өз сезімдері арқылы бірге бөлісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризашылығыңызды білдіріңіз.
11.Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
12.Жұмысты әрқашан жақсы көңіл – күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін – өзі даярлауы туралы болып отыр.
13.Адал көңілмен қарым –қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
14.Әділеттілік “кодексін ” сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шыншыл келеді.
9.«Ашығын айтқанда» анкета- сауалнаманы жазбаша толтырайық.
Тренинг өткізген күн:_______________________________________
Менің аты- жөнім:___________________________________________
1.Тренинг кезінде мен түсіндім, яғни_____________________________________________________
2.Маған ең пайдалы, құнды болғаны___________________________________________________
3.Ең жақсы ұнағаны_________________________________________
4.Маған ұнамағаны_________________________________________
5.Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді_____________________________________________________
6.Мен тренинг жүргізушінің орнында болсам____________________________________________________
7.Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?__________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген