400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары туралы ақпараттар жинақталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім мен оқушы қарым- қатынасының

психологиялық жақтары

Қарым- қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде.

Шығыс елдерінде қарым- қатынас шешендік өнер яғни, риторика бағытында кеңінен қолданылды.

Психологиялық тұрғыда қарым- қатынас күрделі, жан-жақты процесс болғандықтан, ол үш аспектіде (комуникативтік,интерактивтік және перцевтивтік) қарастырылады. Аталмыш үш сапектінің мазмуны адамдардың бір- бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Олай болса, біз өзіміздің шағын мақаламызда өз тәжірибемізді пайдалана отырып, педагогикалық қарым- қатынастың психологиялық жағын сөз етпекпіз.

Педагогикалық қарым- қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым- қатынастың рекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым- қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б рөлді атқарса, оқушы- білім алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым- қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым- қатынастың негізгі құралы- сөз.

Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальды емес (ым не ишара) қарым- қатынастың түрін пайдаланады. Қарым- қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым- қатынастың нәтижесі, мұғалімнің оқушыны танып білуіне және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қашанда тәжірибеі мұғалім болса да, балалармен қарым- қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс- әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.

Тәжірибеге және өзіміз жүргізген психологиялық зерттеулерімізге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым- қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым- қатынас жасауы оңай және балалармен қарым- қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады.

Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым- қатынасқа оңай түседі. Оның себептері:

  • өз сыныбыңдағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;

  • баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;

  • мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;

  • мұғалім сөзінің тәртіптілігінде,жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;

  • оқу- тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым- қатынастың түрлерін пайдалана білуінде.

Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым- қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама- қарсы. Дегенмен,біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым- қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу себептері:

  • авторитарлық стильді пайдалануында;

  • балаларға салқындық танытуы;

  • балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;

  • балалар іс- әрекетін, ойын, сөзін бағаламауы;

  • бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер

едік.Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім- оқушы», «Оқушы- мұғалім» және «Балалардың өзара қарым- қатынасы» және қарым- қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым- қатынас қиындықтары эмоциональдық, когнитивтік бағытта жиі кездеседі.

Оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:

  1. Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым- қатынасқа тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес.Мысалы, « Тыныш отыр», «немене бәрін білесің бе?», «Сен қашаннан бері білетін болдың?» «Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың», т.б педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.

  2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес.

Өиткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни, оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.

3 Оқушылардың іс- әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым- қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау- жанжал болып жатады.

Қарым- қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың білден- бір жолы ;

  • Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым- қатынас орнату;

  • Мұғалім өзінің жағымсыз көңіл- күйінің болмауын қадағалау;

  • Қарым- қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;

  • Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым- қатынас жасау;

  • Қарым- қатынаста дау- жанжалға жол бермеу;

  • Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

  • Қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым- қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер, т.б

  • Қарым- қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;

  • Қарым- қатынас сезімдік,танымдық, іскерлік болу.

Қарым- қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым- қатынастың үш функциясын орындайды.

  1. Мұғалім қарым- қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде дамыту (психологиялық)

  2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу (әлеуметтік)

  3. Қарым- қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру (инстументалды).

Әрине, бір мақала төңірегінде қарым- қатынас проблемасын толық шештік деп айтудан аулақпыз. Біз өз тәжірибеміз арқылы қарым- қатынастың кейбір психологиялық жақтарын ашуға тырыстық. Әрине, педагогикалық қарым- қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу- тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, оқу тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым- қатынастың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты дер едік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі